Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Саңлақ 4825 4 пікір 17 Ақпан, 2022 сағат 16:40

Құлыбаев «командасы» бюджеттен қағылды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқаратын Ұлттық Олимпиада комитеті алдағы уақытта спортқа бөлінетін қаржыны игермейтін болды. Бұған себеп президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «тапсырмасымен» Мәдениет және спорт министрлігіндегі Спорт комитетінің ҰОК-пен арадағы келісім-шартты жоюы болып отыр. 28 қаңтарда ҰОК-ге ресми жолданған хатта екі тараптың сәуірден бастап келісім-шартты үзетіні жазылған.

«Келісім-шарт үзілетін уақытқа дейін еңбекақы төлеу, келісім-шарт бойынша төлемдер, кеңсе мен қойманы жалға алуға қаржы, банк қызметтері, федерацияларының қызметіне кеткен қаржы, шетелге шығу шығыны төленеді. Қазірге дейін комитет келісім-шартқа сай [ҰОК-ке] 800 млн теңге алдын ала төлем жіберді. Қалған шығынды атқарылған жұмыс актісін жіберген соң беріледі», - деп жазылған. Хатқа спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қол қойған.

Тақырыпқы тұздық ретінде айта кетейік, дәл қазір өтіп жатқан Бейжің қысқы олимпиадасына аттанған спортшыларымыз күні бүгінге дейін ел қоржынына бірде-бір медаль сала алмады. Шорт-трек бойынша төртінші орынға шыққан Абзал Әжіғалиевтің нәтижесін жұбаныш қылып отырмыз. Бұған кім кінәлі?

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, біз осыған дейін қазақ спортының қожасы - министрлер мен миллионерлер екенін бірнеше мәрте жаздық.  Сонымен, қазақ спортына басшылық етіп отырғандар кімдер? Қараңыз, рет-ретімен жазайық...

Ұлттық олимпиада комитетін басқарып отырғандар:

ҰОК Президенті – Тимур Асқарұлы Құлыбаев. Оның вице-президенттері: Данияр Әбілғазин, Қайрат Боранбаев, Әділбек Жақсыбеков, Асқар Мамин, Үміт Шаяхметова.

Конкишілердің Ұлттық федерациясынБОЛАТ ЖӘМІШЕВ басқарады. Оның құрамына конкимен жүйітку спорты, мәнерлеп сырғанау спорты мен шорт-трек спорты кіреді.

Шаңғы спорт түрлері федерациясынДИАС СҮЛЕЙМЕНОВ дейтін кәсіпкер басқарады екен. Оның құрамына шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, сноуборд, фристайл кіреді.

Керлинг федерациясынАМАНТАЙ КҮРЕҢБЕКОВ дейтін генерал, мемлекеттік күзет қызметінің экс-бастығы басқарады екен. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде істеген. Президент күзетін басқарған. ІІМ-де вице-министр болған. Қазір зейнетте.

Биатлоншылар одағынЕРМЕК ҚИЗАТОВ дейтін адам басқарады екен. Ол Астана әкімі Алтай Көлгіновтің орынбасары.

Шайбалы хоккей федерациясынАСҚАР МАМИН тізгіндеген.

Бұл қысқы спорт түрлері. Ал жазғы спорт түрлерінен федерациялар мен одақтарды төмендегі азаматтар тізгіндеп отыр:

Қайық федерациясынҚАЙРАТ ӘЙТЕКЕНОВ басқарады. Құрамына академиялық есу; байдарка мен каноэ есу; слаломдық есу спорт түрлері кіреді.

Гандбол федерациясынГҮЛНАР ТҰРЛЫХАНОВА басқарады.

Ауыр атлетика федерациясыЖАНАТ ТҮСІПБЕКОВТІҢ басқаруында.

Велосипед спорты федерациясынНҰРЛАН СМАҒҰЛОВ басқарады.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының – президенті ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ.

Каратэ (wkf) федерациясынЕВГЕНИЙ ПАК басқарады.

Бокс федерациясынаКЕҢЕС РАҚЫШЕВ басшылық жасап отыр.

Жеңіл атлетика федерациясынДАНИАЛ АХМЕТОВ басқарады.

Триатлон федерациясынАЛДИЯР ҚАЗТАЕВ тізгіндеген.

Су спорты түрлері федерациясынаАНДРЕЙ КРЮКОВ дейтін адам басшы. Оған су полосы, жүзу, мәнерлеп жүзу, суға секіру спорт түрлері кіреді.

Қазіргі бессайыс федерациясыБЕРІК ИМАШЕВТЫҢ еншісіне титіпті.

Спортқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын осы азаматтар (шенділер) өздері басқарып отырған федерацияның дамуы үшін қаншалықты үлес қосты? Ұзақ жылдарден бері түрлі мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқарған, атқарып келе жатқан Даниял Ахметов, Асқар Мамин, Әділбек Жақсыбеков, Берік Имашев, Болат Жәмішев т.б. азаматтар өздері басшылық етіп отырған спорт саласының нағыз мамандары деу қиын. Дәл осы жайт қазақ спортының дамуына тұсау болып келеді. Бұған қоса, спорт саласындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа да осы министр-миллионерлердің жауапкершілігі бар...

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512