Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3293 0 пікір 26 Қыркүйек, 2012 сағат 06:53

Қазақстан мұсылмандарының "Мұсылмандардың пәктігі" фильміне қатысты мәлімдемесі

Әлемде бейбітшілік пен тыныштық орнату, адамдардың Аллаға деген құлшылығын кедергісіз орындауларына жағдай жасауға барша діндер мүдделі екені анық. Алайда, жер тұрғындарын арандатушылыққа итермелейтін күтпеген бір оқиға жұртшылықты дүр сілкіндірді. Аты-жөні белгісіз біреулер Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды келемеждеп көрсететін фильм түсіріп, діндарлардың ашу ызасына тиіп отыр. Пайғамбарымызды келемеждеп көрсету арқылы бүкіл ислам әлемін дүрліктіріп, мұсылмандардың ашу-ызасына тиген арандатушы фильмді біз Қазақстан мұсылмандары да қатты айыптаймыз. Мұсылмандар, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбармен қатар Құран Кәрімде аттары аталған пайғамбарлардың баршасын «қасиетті» деп санайды және құрметтейді. Барлық пайғамбарлар мұсылмандар үшін «қасиетті» болғандықтан, Құранда да пайғамбарларды келемеждеуге тиым салады. Кез келген діннің қасиет тұтқан тұлғалары мен киелі саналатын ұғымын кемсітуге болмайды. Мұны дінді былай қойғанда, ешбір ақылы түзу, дұрыс ниетті адам қолдамайды. Мұндай фильмнің адамзаттың тыныштығы мен бейбіт ғұмыр кешуін қаламайтын қайсібір арандатушы адамдар немесе саяси ұйымдар тарапынан түсірілгендігінде сөз жоқ. Бұл тыныш жатқан елдің шырқын бұзып, бүлік (фитна) шығару. Асыл дініміз Ислам бүлік шығарудың үлкен күнә екенін қасиетті Құранда және Пайғамбарымыздың хадистерінде нақты айтқан. Сондықтан бүлік шығарудан және оған еліктеуден сақтанғанымыз жөн.

Әлемде бейбітшілік пен тыныштық орнату, адамдардың Аллаға деген құлшылығын кедергісіз орындауларына жағдай жасауға барша діндер мүдделі екені анық. Алайда, жер тұрғындарын арандатушылыққа итермелейтін күтпеген бір оқиға жұртшылықты дүр сілкіндірді. Аты-жөні белгісіз біреулер Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды келемеждеп көрсететін фильм түсіріп, діндарлардың ашу ызасына тиіп отыр. Пайғамбарымызды келемеждеп көрсету арқылы бүкіл ислам әлемін дүрліктіріп, мұсылмандардың ашу-ызасына тиген арандатушы фильмді біз Қазақстан мұсылмандары да қатты айыптаймыз. Мұсылмандар, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбармен қатар Құран Кәрімде аттары аталған пайғамбарлардың баршасын «қасиетті» деп санайды және құрметтейді. Барлық пайғамбарлар мұсылмандар үшін «қасиетті» болғандықтан, Құранда да пайғамбарларды келемеждеуге тиым салады. Кез келген діннің қасиет тұтқан тұлғалары мен киелі саналатын ұғымын кемсітуге болмайды. Мұны дінді былай қойғанда, ешбір ақылы түзу, дұрыс ниетті адам қолдамайды. Мұндай фильмнің адамзаттың тыныштығы мен бейбіт ғұмыр кешуін қаламайтын қайсібір арандатушы адамдар немесе саяси ұйымдар тарапынан түсірілгендігінде сөз жоқ. Бұл тыныш жатқан елдің шырқын бұзып, бүлік (фитна) шығару. Асыл дініміз Ислам бүлік шығарудың үлкен күнә екенін қасиетті Құранда және Пайғамбарымыздың хадистерінде нақты айтқан. Сондықтан бүлік шығарудан және оған еліктеуден сақтанғанымыз жөн. Құранда: «Сендерден тек залымдарға ғана кесірі тиіп қалмайтын бүліктен (фитнадан) сақтаныңдар» деп ескертсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жалпы адам баласы барда қандай да бір бүліктің болмай қалуы мүмкін еместігін хадистерінде айтып кеткен. Мәселен мынабір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ең бақытты адам - бүлік шыққанда, оған қосылмай аман қалған және Алланың сынауына шыдаған адам», деген. Яғни болуы мүмкін бүліктен сақтану, оған әзір болу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен болып табылады. Ол үшін алдымен - білім, ақыл, хикмет (даналық), дұрыс амал, сабыр, ыждахат керек. Надандыққа надандықпен жауап беру ақылы дұрыс, иманы мықтыларды көріп, одан ғибрат алмаған адамның исламы түйіршік-түйіршік болып түсіп, жойылып кетеді», дегенін қаперден шығармаған дұрыс.

Ендеше мұсылмандар мұндай арандатушы әрекеттерге алданбай, сезімдеріне берілмей барлық қарсылық әрекеттерін дипломатиялық жолдармен мәдениетті түрде білдіруге тиіс.

Сондай-ақ наразылық ретінде Ливиядағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасау арқылы арандатушы фильммен ешқандай қатысы жоқ бейбіт адамдардың өліміне себеп болған іс-әрекетті де біз қазақстан мұсылмандары қолдамаймыз. Бәлкім мұндай әрекетті ұйымдастырғандар тағы да сол арандатушы күштер болуы ықтимал. Халықаралық заңнамалардағыдай Ислам дінінде де кез келген елшілік қызметкерлерінің арнайы статусы бар. Олар сол мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай арандатушы әрекеттерге тек мұсылман дін басшылары емес, халықаралық ұйымдар да, басқа діннің лидерлері де қарсы тұрып, дұрыс еместігін әлемге жар салуы ләзім.

Сонда ғана арандатушы әрекеттер нәтижесіз қалып, әлемде бейбітшілік сақталады.

Атырау облысындағы соңғы кездері болып жатқан оқиғаларға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған қылмыстық оқиғалардың Исламмен ешқандай да қатысы жоқ екенін нақты айта алады. Ал сол қылмысты жасаған тұлғалар өздерін мұсылманбыз деп айта алмайды. Өйткені Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінің 93-аятында: «Кім бір мұсылманды әдейі өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде қалатын тозақ болады. Сондай-ақ, оған Алла тағаланың ашуы, қарғысы болады және оған зор қинау әзірлеп қойған»-деп бұйырылады. Сонымен қатар, Хадисте де «мұсылман адам - ол оның қолынан да тілінен де басқа мұсылмандар жапа шекпеген адам»-, деп айтылады (хадис 6003, Сахихул-Бухари).

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532