Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4029 0 пікір 25 Қыркүйек, 2012 сағат 12:41

Құрылтай: Оразалин орнында қалды

Кеше Қазақстан Жазушылар Одағының 14-нші құрылтайы болып өтті. Құрылтайда кітап таралымы, қаламақы, одақ басшылығы жөнінде әртүрлі әңгіме болды. Таралым мен қаламақы мәселесі баяғыдан бері шешімін таппай келе жатқан күрделі пробелма екені белгілі. Таяу арада түйіні тарқайтындай төбесі көрінбейді.

Құрылтайға жиналған қаламгерлер Одақты ұзақ жылдан бері басқарып келе жатқан Нұрлан Оразалин төңірегіндегі әңгімені де біраз жерге апарды. Нұрлан Мірқасымұлының қызметі мен жұмысына қарсы тарапта әр жерден андыздап, өз пікірлерін, көзқарастарын жеткізбекке талпынды. Құрылтайдың төралқа мүшелігінде болған жазушы Қабдеш Жұмаділов сөз алып, былай деді: «Нұрлан Президентпен кездескеннен кейін маған бірнеше жазушы хабарласып, Президент Оразалинге не деуі мүмкін деп сұрады. Алып-қашпа әңгіме көп болды. Президент Оразалинге Жазушылар одағын 16 жылдың басқардың. Тағы бес жыл басқар демеген шығар. Мен жаңа кандидат ұсынамын. Ол - Әлібек Асқаров», деді.

Әлбетте, Нұрлан Оразалиннің одақ пен қаламгерлердің игілігі үшін жасаған жұмыстары тізбелей айтып, оның өз қызметін ойдағыдай атқарып келе жатқанын мінбеден айтқан ақын-жазушылар да болды.

Ақын Мұхтар Шаханов сөз сұрап мінбеге шығып, қалам иелерінің ұлттық мәселелерде бұғып қалатынын, ұлттың өзекті проблемалары сөз болған жерде төбе көрсетпейтінін ашына айтып, өлең оқыды.

Құрылтай барысында әдебиеттің негізгі жанрлары бойынша баяндамалар да тыңдалды. Баяндамалар жалпы қазақ поэзиясы мен прозасының өсіп, өркендеп дамып жатқанын мәлім қылды. Екі баяндаманың да соңы - ақын-жазушылардың әлеуметтік, топтық мәселелеріне қарай ойысып, сонымен аяқталды.

Құрылтай соңында Нұрлан Оразалин 100 пайыз дауыспен Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы болып қайта сайланды. Сөйтіп, Қазақстан Жазушылар Одағының 14-нші құрылтайы да тарихқа айналды.

Құрылтайда сөз болмаған жайлар

  1. Құрылтайда әдебиеттің ең негізгі жанашыры әрі басты тірегі - қазақ оқырманы туралы мүлдем сөз қозғалмады. Оқырманның жай-күйі, тілегі, назы, ұсынысы қандай шығармаларға деген сұраныстың бары немесе жоғын анықтайтын әлеуметтік зерттеулерге сүйенген бір ауыз сөз болмады. Әңгіме тек қана одақ, оның басшысы, қаламгерлер және олардың жағдайы жайында болды.
  2. Әдебиеттің өткені сараланып, болашағына қатысты нақты бағыт-бағдар, мұрат-мүддесін айқындау туралы да ауыз ашқан жан баласын көрмедік. Қазіргі қазақ әдебиетінің деңгейі, кемшілігі, тұралап жатқан жекелеген жанрлардың жағдайы айтылмады.
  3. Құрылтайда әртүрлі елдердің қаламгерлерінен келген құттықтау оқылды. Соның ішінде Орыс жазушыларынан келген құттықтаудың толық мәтіні және кімдердің қол қойғандарына дейін үтір, нүктесін қалдырмай Оразалин мырза құрылтайға қатысушыларға оқып берді. Бірақ, құрылтайда шетелдегі қазақ әдебиеті, ондағы қазақ ақын-жазушылар, олардың хал-ахуалы, проблемалары, атажұртпен қарым-қатынас, байланыс мәселелері  қозғалмады.

Р.S.

Жазушы Қабдеш Жұмаділов өз сөзінде: «Қазақ әдебиетінің сүбелі туындылары қағазға түскен Шығармашылық үйді қазір қытайлар жалдап отыр», деді.

Менің есіме Қытай билігімен күресіп өткен, өмірінің қырық жылын түрмеде, айдауда өткізген, ақыры «Туған жерімнен топырақ бұйырса» деген арманы да орындалмай дүниеден көшкен жазушы Қажығұмар Шабданұлының аяулы тағдыры қайта-қайта түсе берді...

«Abai.kz»

Басқарма төрағасын сайлау. Жазушы Қалихан Ысқақ, ақын Нұрлан Оразалин:
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">
ақын Мұхтар Шаханов:
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">
Жазушы Қоғабай Сәрсекеев:
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">
Құрылтайға қатысушы қаламгерлер
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

0 пікір