Жұма, 26 Сәуір 2024
Саңлақ 2934 1 пікір 16 Ақпан, 2022 сағат 16:57

Қанат Ислам чемпиондық белбеуге таласады

Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қанат Исламның кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды. 

Ол WBO Global белбеуі үшін ұлыбританиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасатын болды. Осылайша, 25 ақпанда Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтетін бокс кеші аясында рингке оралмақ. Бұл жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Бастапқыда бокс 21 қаңтарда өтеді деп жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 25 ақпанға шегеріліп отыр.

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы чемпиондық атақты қорғамағаны үшін Қанат Исламнан WBO International белбеуін қайтарып алған болатын.

Abai.kz

1 пікір