Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3170 0 пікір 25 Қыркүйек, 2012 сағат 10:05

«Нұр Отандағы» ауыс-түйіс

Президент Н. Назарбаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатып, партияның бірінші орынбасарлығына Сауда және экономикалық даму министрі Бақытжан Сағынтаевты тағайындады.

Соңғы парламент сайлауынан кейін 8-9 ай бойы екі аса жауапты міндетті арқалаған Нұрлан Нығматулин енді бар іскерлігі мен шеберлігін Мәжілістегі жұмысына салуға мүмкіндік алды.

Негізінен «Нұр Отан» партиясында 3 жыл бойы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші орынбасары міндетін атқарып келген Н.Нығматулин партияның халық арасында да, саяси әріптестері арасында да, халықаралық деңгейде де беделін едәуір көтерді. Нығматулиннің жетекшілігімен партияның барлық өңірлердегі филиалдарының да жұмысы жаңа серпін алды. Осы уақытта партия шынайы саяси күшке айналып, нақты әрі батыл әрекет ететін бірыңғай саяси ағзаға айналды.

Бұған дәлел ретінде былтырғы сайлауларды келтірсек жеткілікті. Президент сайлауында елдің барлық танымал саяси, қоғамдық күштердің басын біріктіріп, сайлауалды штаб жұмысын өзі басқарып, межелеген мақсатына оңай қол жеткізді. Парламент пен мәслихат сайлауында да басқа саяси партиялардан басып озып, «Нұр Отанды» сенімді жеңіске әкелді.

Жалпы Елбасы тапсырған қандай да болсын жауапты міндеттерді Нұрлан Нығматулин өзіне тән икемділікпен атқара білетінін ескерсек, оның алдына қойылған жаңа талаптардың да маңыздылығы еш кем болмайтыны сөзсіз.

Нұрлан Нығматулиннің тұсында партияның атқарған жұмыстарына оң бағасын берген Президент болашақта да «Нұр Отан» партиясы осы қарқынмен дами беретініне сенім білдірді.

0 пікір