Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2981 0 пікір 21 Қыркүйек, 2012 сағат 01:19

«Жол картасы» бағдарламасы кәсіпкерлердің бағын ашып отыр

Бүгінде Шымкент қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 57 мыңнан асып жығылады. Қатары күн өткен сайын арта түсті дегенмен де, кәсіпкерлердің мәселесі толығымен шешілді деу қиын. Бұл орайда кәсіпкерлер қаржымен қаншалықты қамтамасыз етіліп отыр? Мемлекет тарапынан көрсетілер қолдаудың оңды немесе олқы тұстары қайсы? Осы мәселелер облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалығымен өткен Шымкент қаласы активінің жиынында кеңінен сөз болды.

Бүгінде Шымкент қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 57 мыңнан асып жығылады. Қатары күн өткен сайын арта түсті дегенмен де, кәсіпкерлердің мәселесі толығымен шешілді деу қиын. Бұл орайда кәсіпкерлер қаржымен қаншалықты қамтамасыз етіліп отыр? Мемлекет тарапынан көрсетілер қолдаудың оңды немесе олқы тұстары қайсы? Осы мәселелер облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалығымен өткен Шымкент қаласы активінің жиынында кеңінен сөз болды.

Бүгінде бизнестің «Жол картасы» бағдарламасында қамтыған өңірлік жобалардың 70 пайызға жуығы Шымкент қаласына тиесілі. Осы бағытта шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін орта деңгейлі банктерге облыс бюджетінен 500 миллион, «Даму» қоры арқылы 1 миллиард, барлығы 1,5 миллиард теңге қаражат берілмек. - Келісімге сәйкес, кәсібін жаңа бастаған азаматтар ставкасы 10 пайыздық несие қаржымен қамтамасыз етілетін болады. Ал, банктерге берешек қарыздың пайызын субсидиямен жауып отыратын боламыз. Кәсіпкер азаматтарға берілер шектеулі баға 300 миллион теңгеден жоғары болмауы тиіс. Банк ставкаларын төмендету бағытында облыс бюджетінен қаржы қарастыру жұмыстары алдағы жылдары да жүзеге асырылады, - деді облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев. - Шын мәнінде қазір кәсібін оңтайландыруды ойға алған азаматтар үшін қалада үлкен мүмкіншіліктер бар. Ең бастысы, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың тиімділігін түсіндіре білуіміз қажет. Алдағы мерзімде қалада облыс әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ашылмақ. Онда ісін жаңа бастаған кәсіпкерге «бір терезе» қағидасымен заңгерлер мен банк өкілдерінің қатысуымен барлық бағытта жәрдем түрлері көрсетілетін болады. Яғни, азаматтар жаңа кәсібі негізінде біліктілігін арттыру курсынан өткізіледі. - Кәсіпкерлерге тегін заңгерлік кеңес беру, бухгалтерлік және салықтық есептілікті, статистикалық есептілікті, кедендік процедураларды жүргізу және маркетинг, сапа менеджменті жүйесін ендіру бойынша қызмет көрсетіледі, - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Қанат Сыдықов. - Инфрақұрылым, субсидия бағытында да қолдау таба алады. Мұнан кейін де кәсіпкердің жұмысына мониторинг жасалады. Жоба толық жүзеге асқан сәтке дейін кәсіпкер мемлекеттің назарында болады.Биыл екінші деңгейлі банктер тарапынан шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында 9,5 миллиард теңге несие берілген. Нәтижесінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 54,4 миллиард тенгенің өнімін өндіріп, 88 мың азаматты жұмыспен қамтыпты. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев кәсіпкерлерді мемлекеттік жобалар аясында белсене жұмыс жасауға шақырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564