Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2874 0 пікір 8 Қыркүйек, 2012 сағат 10:38

Асылнұр Орынбек. АСЫҒЫ АЛШЫСЫНАН ТҮСІП, АБЫРОЙЫ АРТҚАН – «АЛТЫН ДӘН»

Кәсiпкерлiктiң көкжиегiн кеңейтуге бағытталған «Үдемелi индустриалды-инновациялық даму», «Бизнестiң жол картасы-2020» секiлдi мемлекеттiк бағдарламалардың кәсiпкерлерге көп көмегiн тигiзiп жатқаны баршамызға мәлiм. Осы қолдаулардың арқасында өңiрiмiзде көптеген жобалар қолға алынып, жаңа кәсiпорындар ашылды. Олардың бүгiнгi тыныс-тiршiлiгiнен хабар берiп, атқарып жатқан жұмыстарын халыққа кеңiнен насихаттау үшiн бұдан бiраз бұрын арнайы шара басталған едi. Соған сәйкес, жақында облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi Шымкент қаласындағы «Алтын дән» ЖШС-iнде болып қайтты.

Бiз мiнген көлiк үлкен аумақты алып жатқан серiктестiктiң айқара ашылған дарбазасынан iшке енiп тоқтады. Тiлшiлердiң келуiн күткен «Алтын дән» ЖШС-i директорының өндiрiс жөнiндегi орынбасары Болат Бишiмбаев өндiрiс нысандарына жол бастады.

Ұн шығаратын цехта жұмысшылардың ауысымы жүрiп жатыр екен. Мұнда тәулiгiне мың тонна бидайдан 720 тонна ұн өндiрiледi. Қондырғы арқылы полиэтилендi және қағаз қаптамаға қапталып шығарылып, вагонға қойманың дәл алдынан артылады. Жоғары және I-II сорттағы қаптама ұндардың 60 пайызы Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Тәжiкстан секiлдi елдерге экспортталады. Б.Бишiмбаевтың айтуынша, «Алтын дән» ұнды тек қана өздерi еккен бидайдан жасайды. Қазақстандық ұнның Ресей, Белоруссиямен салыстырғанда сапасы өте жоғары келедi. Өйткенi, далалы жерге егiлген бидайдың ақуызы көптеу болады. Мәселен, әлемдiк стандарт бойынша бидайдың қамырлануы 28-30 пайыз болуы тиiс. Ол Ресейде әрi кетсе 25-тен аспайды. Қазақстанда биылғы жиналған дәннiң қамырлануы 41-ге жетiптi. Б.Бишiмбаев нан өнiмiнiң осындай сапамен кез келген нарықтан орын табарына сенiмдi. Серiктестiктiң тек Оңтүстiкте ғана емес, Ақмола облысында да егiстiк жерлерi, еттi бағыттағы асыл тұқымды iрi қара мал мен қой өсiретiн шаруашылықтары бар. Егiс алқаптарына астық пен мал азығына қажеттi дақылдар егiледi. Бұл жердi иемдену осындағы элеваторды сатып алудан басталған. Кейiн банкротқа ұшыраған ұжымшар да бар мүлкiмен қоса «Алтын дән» иелiгiне өттi. Қазiр соның базасындағы бүкiл ескi техника жаңартылып, былтыр  екеу, биыл тағы сонша жаңа корпус салынбақшы.

Ұн өндiретiн цехтан шығып, сүт өндiрiсiне арналған келесi цехқа қарай аяңдадық. Шетелдiк заманауи қондырғы күнiне 10 тонна сүт өнiмдерiн жасап шығаруға мүмкiндiк бередi. Алайда, бұл бағыттағы бизнес ендi ғана басталып келе жатқандықтан өндiрiс көлемi күнiне 2 тоннаға дейiн шектелген. Бiр ерекшелiгi, ағарған көп мөлшерде шығарылмаса да өзге өнiмдермен салыстырғанда бағасы анағұрлым арзан. Себебi, мұнда да шикiзатты өздерiнен алады. Сол үшiн ешқандай қоспа қосылмаған сүт өнiмдерi өте сапалы. Мұнда 25 адам жұмыс iстейдi. Көпшiлiгi жас мамандар. Цехтың өндiрiс жөнiндегi бастығы, инженер-технолог, осы салада 10 жыл тер төккен Ләззат Ақылбекова жастардың барлығы бұл кәсiптi осында жұмысқа келген соң меңгергенiн айтады.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бой көтерген жайма цехында кептiрiлген жайманың кiшкентай пакеттерге қолмен салынатынын көрдiк. Италияндық техниканың күшiмен күнiне 200 келi шығарылатын жұқа қамырды сындырмай, санап салу не деген шыдамдылықты қажет ететiн еңбек десеңiзшi.

Былтыр ғана ашылған бұл цехтың өнiмдерi бүгiнде жоғары сұранысқа ие. Б.Бишiмбаев алдағы желтоқсан айында құрылысы аяқталатын макарон желiсi өнiмдерiнiң де келешекте үлкен сұраныс тудыратынына күмән келтiрмейдi. Оның айтуынша, «Алтын дән» өзiнiң арзан әрi сапалы өнiмiмен кез келген бәсекеде ұтып шығады.

1997 жылы жұмысы тоқтаған «Ақбидай» АҚ-ның  базасында құрылып, 250 адамды жұмыссыздықтан сақтап қалған кәсiпорында бүгiнде 1200 адам еңбек етедi. Жылдан-жылға өндiрiс ауқымын кеңейтiп, жаңа жобаларды батыл түрде iске асырып жатқан ұжымда жас мамандар мен жұмысшылар саны әлде де арта түсерi анық. Өткен айдың өзiнде 30 адам жұмысқа қабылданыпты. Иә, болашағы зор кәсiпорынды талай биiк белестер күтiп тұр.

0 пікір