Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3304 0 пікір 7 Қыркүйек, 2012 сағат 08:28

Қысқа дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердiң тұрғындары қыстан қаншалықты қысылмай шығатындығын болжап бiле алар емес. Себебi, жылу беру маусымына дайындықты аяқтап бiтуi тиiс болған Абай және Еңбекшi аудандарының көрсеткiшi 70 пайызға орындалса, Әл-Фараби ауданының дайындығы 60 пайызды құрап отыр. Яғни қала бойынша 1732 көпқабатты тұрғын үйдiң 1156-сы қыс ызғарын сезiне қоймасы анық. Бұл мәселе сала мамандарының қатысуымен өткен қала әкiмдiгiнiң мәжiлiсiнде кеңiнен талқыланды.

Жиналғандарды қала нысандарының 2012-2013 жылдардың жылу беру маусымына дайындығы барысымен таныстырған қала әкiмiнiң орынбасары Болат  Рысқұлбеков орын алып отырған олқылықтарды кеңiнен атап өттi.

Қысқа дайындық жұмыстары барысын пысықтау мақсатында бүгiнге дейiн 11 мәрте мәжiлiс ұйымдастырылыпты. Биыл бұл мақсатта қала бюджетiнен қомақты қаржы жұмсалғалы отыр. Яғни қаланың қыстан қысылмай шығуы үшiн 1,5 миллиард теңге қарастырылған. Қазiргi таңда бiлiм беру мекемелерiнiң қыс маусымына дайындығы 100 пайызға орындалса, денсаулық сақтау саласы 90, спорт кешендерi 75 пайызды құрайды. Қажет етiлген 3504 тонна қатты отын да жеткiзiлiп берiлдi. Осы бағытта қазiр 62 бригада жұмыс жасап жатыр. Қала көшелерiн қардан толық тазартып тұру үшiн 1200 тонна тұз қажет.

Бұдан бөлек қордаланып жатқан мәселелер де жетерлiк. Биыл көпқабатты тұрғын үйлердiң жертөлелерiне дезинфекция жұмыстарын жүргiзу 65 пайызға орындалған. Есiктердi орнату 61 пайызға орындалса, терезелердi орнату 54,5 пайызды құрайды. Тiк жылу құбырларын (стояк) ауыстыру жұмыстары 60,7 пайызға орындалған.

Ең тәуiрi биыл жылуға дебиторлық қарыз 6,5 милиард теңгеге кемiп отыр. Барлық қызмет көрсету мекемелерiндегi тұрғындардың жалпы қарызы әлi де болса 812 миллион теңгенi құраса, бюджеттiк мекемелердiң берешегi 627 миллион теңге.

аланы жылумен қамтамасыз етуi тиiс "3 Жылу энергоорталығы" АҚ дайындығын тексеру барысында 200-ге таяу ақаулық анықталыпты. Қазiр бiрқатары ретке келтiрiлген.

Көпқабатты тұрғын үйлердi жылумен қамтамасыз ету бағытында қала бойынша Әл-Фараби ауданы көш соңында қалып келедi. Аудан әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Серғали Жансейiтовтiң айтуынша, көпқабатты 778 үйдiң қазiр 480-i жылу қабылдауға дайын. Бұдан бөлек 30 үй автономды жылумен қамту жүйесiне өткен.

Сөз болған кемшiлiктердi қатаң сынға алған қала басшысы Қайрат Молдасеитов жылу беру маусымына дайындықты 15 қыркүйекке дейiн толықтай аяқтап шығуды тапсырды.

Мәжiлiсте сөз болған келесi мәселе - қаланы абаттандыру, көркейту жұмыстары. Қала тазалығына жауапты "ЛТД Тұрмыс" пен "Югдорсервис" ЖШС-терiнде қазiр қолда бар техникалар талапқа сай келе бермейдi. Бұл бағытта жұмыс жасауы тиiс 78 техниканың 68-i өз қызметтерiн атқарып жатыр. Олардың өзi әбден тозығы жеткен. Бұл қатарда 16 қар тазалағыш техника бар. Ауқымды тiрлiктердi атқаруға бұл көлiктер жеткiлiксiз. Қосымша тағы 20 техника қажет.

Қала  әкiмi  Қайрат  Молдасеитов өз қызметiне салғырт қараған ме-кемелерге  қатаң  ескертулер жасады. Ол ендiгi жерде  қала  аумағына қосымша 840 контейнердiң орналастырылатынын атап өттi.

0 пікір