Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3126 0 пікір 26 Тамыз, 2012 сағат 12:17

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының жемісі

Шымкент қаласында логистикалық сауда орталығы жұмыс iстей бастады. Бұл - өңiрдегi азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында ашылып отыр. Орталықта шамамен мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Ақназар хан  мен Төле би көшелерiнiң қиылысында орналасқан «Санжар» қоймасы аумағында  логистикалық көтерме сауда орталығын ашу арқылы жергiлiктi билiк азық-түлiк бағасын тұрақтандырмақ. Бұл жоба «Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында iске асырылмақ. Қазынадан 7 жылға 200 млн.теңге несие бөлiнген. 3 гектар аумақта орналасқан сауда орталықтарында азық-түлiк тауарлары делдалсыз өндiрушiлердiң бағасымен саудаланады.

Логистикалық көтерме сауда орталығының директоры Манарбек Әлиевтiң айтуынша, орталықтың ерекшелiгi, мұнда тауар өндiрушi  тiкелей, осы сауда орындарында өз өнiмдерiн өткiзе алады. Бағасы да қолжетiмдi. Базардағыдан  25-30 пайызға арзан.

Ендi қыркүйек айынан бастап мұнда жергiлiктi шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы және ет өнiмдерi сатыла бастайды. Қазiр орталық сағат таңғы 8-ден түнгi 12-ге дейiн жұмыс iстеп жатыр. Ал қазан айынан бастап тәулiк бойы қызмет көрсетуге көшедi. Орталықта тауар айналымы үздiксiз жүргiзiлуi үшiн темiржол дәлiзi, 3 мың тонналы мұздатқышы бар қойма да қарастырылған. Сондықтан өз өнiмiн сатамын деген шаруа қожалықтары мен кәсiпорын басшылары тауардың сапалы сақталатынына күмәнданбаса болады дейдi жетекшiлер.

0 пікір