Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Алаң 3934 38 пікір 11 Ақпан, 2022 сағат 14:55

Қауымдастық құрлыс компаниясы ма?..

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Л. Тоғжановқа:

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына қатысты төмендегі екі мәселе бойынша осы «Ашық хатты» жазып отырмын.

Бірінші, Алматы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 43 А мекежайға орналасқан «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі» бар. Аталған еңселі үй 1997 жылы Үкімет қаражатына салынғаны белгілі.

«eGov» порталындағы мәліметке қарағанда, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев болып тұрған кезде, аталған үйдің тоғыз құрылтайшысы болған екен. Ал, Қауымдастыққа Зауытбек Тұрысбеков Төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалғаннан кейін, бұл үйдің құрылтайшылар күрт саны көбейген.

Әрине, құрылтайшылыққа Қауымдастық басшысының руқсатынсыз ешкімнің кіре алмайтыны анық. Тек, Зауытбек Қауысбекұлының жақын адамдары кірген болуы мүмкін. Естуге қарағанда, Қауымдастықтың қазіргі басшылары ол үйді кәсіпкерлерге жалға беріп, ақша тауып отыр екен.

Өзіңіз білесіз, биыл – Дүниежүзі қазақтарының алтыншы құрылтайы ашылатын жыл.

Зауытбек Тұрысбеков зейнеткер, жасы 70-тен асты. Кезекті Құрылтай ашылса, Қауымдастық басшысы ауысады.

Сол Құрылтай таяған сайын жүрт бізге телефон шалып, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінің» тағдыры не болады, қолды болып кетпей ме деген алаңдаушылықтарын білдіруде.

Екінші, Дүниежүзі қазақтары қауымдастының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан: «...Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы соңғы 4 жыл ішінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында «Тұрғын үй және жұмыс» бағдарламасы аясында «Асар» әдісімен, қандастарға арналған коттедж қалашықтарын салу бойынша пилоттық жобаларды іске асыруда. 2021 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданындағы агроқалашық жобасы практикалық іске асыру сатысына өтті. Бұл жұмысқа ҚР Үкіметінің агроқалашық инфрақұрылымын салуға 450 млн теңге бөлу туралы шешімі елеулі серпін берді. Ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап 1282 коттедждің құрылысы басталды. ...Бүгінгі таңда көптеген адамдар іргетасын көтерді, құрылыс материалдарының тапшылығы қарамастан 20-дан астам коттедж салынды...», - деген мәліметті оқыдық.

Көріп отырсыз, ҚР Үкіметі агроқалашықтың тек инфрақұрылымын салуға 450 млн теңге бөліпті. Ал, 1282 коттедж салу үшін аз қаражат кетпейтіні тағы белгілі.

Президент Әкімшілігінің араласуымен қабылданған қисық заңдардың кесірінен халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары ретінде кезекке тұрған 2000-ға жуық қандасымыздың баспана кезегінен әдейі шығарылып тасталғанын және этностық қазақтардың көшіп келуі үшін мемлекеттің 2020 жылы 1378 адамға, 2021 жылы 1426 адамға ғана мардымсыз квота бөліп келгенін ескерсек, Үкіметтің мұндай батпан құйрықты – мол қаражатты, айтыңызшы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековке ұстата салғанын қалай түсінуге болады?!

Үкімет осы коттеджді қалашықты салу үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына жалпы қанша қаражат бөлді?! Үкімет ақшасымен Қауымдастық жағынан салынған ол коттедждердің ертең бағасы қанша болады, шеттен оралған қандастарымызға ол қандай тәртіппен беріледі?!Бердібек Сапарбаевтың баяғыдағы «Нұрлы көш» жобасының аяғын құшып, ол коттедждердің сайда саны, құмда ізі қалмай ма?!! Сондай-ақ, қандастарымызға арналған құрылыс салу жұмысымен айналысу Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының міндетіне жата ма?! Төрағалықтан баяғыда кеткен Талғат Мамашев құрылтайшылардың ішінде әлі не қып жүр?!

Сұрақ көп...

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Сізден ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ретінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына қатысты осы сұрақтарды өз назарыңызға алып, ашық тексеру жүргізуіңізді және оның нәтижесін жариялауыңызды сұраймын.

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1802
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1803
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1515
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1408