Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3854 0 пікір 20 Қыркүйек, 2012 сағат 12:33

Түркі тілдес елдер: «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын қолдаймыз!

Қадірлі оқырман!

2012 жылдың 22-қыркүйегінде, сенбі күні, 15.00 мен 17.00 сағат аралығында қалалық әкімшіліктің арнайы рұқсатымен Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрының арқасындағы алаңда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өткізілмек.

Бес жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келген бұл игі іс-шараға бүгінде түркі әлемінің әртүрлі қоғамдық және мәдени ұйымдары өз тілектері мен қолдауларын білдіруде.

Олар: Дүниежүзі түрік жастарының одағы, түркі әлемі адам құқықтарын қорғау ұйымы, дүниежүзі жас түрік жазушылар одағы, Солтүстік кипр түрік республикасының Ақтеңіз стратегиялық зерттеулер орталығы, Ирак түрікмендерінің «Түркіменелі» қоғамы, «Юдже Эрек» Түркі Әлемі Пікір-мәдениет-зерттеу одағы және журналы, «Къарачай» қоғамдық қоры т.б.

Біз де өз кезегімізде, оқырмандарды хабардар ету мақсатында осы қолдау хаттардың бірнешеуін жариялауды жөн көрдік.

«Абай-ақпарат»

 

АУДАРМА

ДҮНИЕЖҮЗІ ТҮРІК ЖАСТАРЫНЫҢ ОДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫНА

ҚОЛДАУ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Баку

Құрметті Мұхтар ШАХАНОВ Мырза!

Қадірлі оқырман!

2012 жылдың 22-қыркүйегінде, сенбі күні, 15.00 мен 17.00 сағат аралығында қалалық әкімшіліктің арнайы рұқсатымен Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрының арқасындағы алаңда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өткізілмек.

Бес жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келген бұл игі іс-шараға бүгінде түркі әлемінің әртүрлі қоғамдық және мәдени ұйымдары өз тілектері мен қолдауларын білдіруде.

Олар: Дүниежүзі түрік жастарының одағы, түркі әлемі адам құқықтарын қорғау ұйымы, дүниежүзі жас түрік жазушылар одағы, Солтүстік кипр түрік республикасының Ақтеңіз стратегиялық зерттеулер орталығы, Ирак түрікмендерінің «Түркіменелі» қоғамы, «Юдже Эрек» Түркі Әлемі Пікір-мәдениет-зерттеу одағы және журналы, «Къарачай» қоғамдық қоры т.б.

Біз де өз кезегімізде, оқырмандарды хабардар ету мақсатында осы қолдау хаттардың бірнешеуін жариялауды жөн көрдік.

«Абай-ақпарат»

 

АУДАРМА

ДҮНИЕЖҮЗІ ТҮРІК ЖАСТАРЫНЫҢ ОДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫНА

ҚОЛДАУ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Баку

Құрметті Мұхтар ШАХАНОВ Мырза!

1992 жылдың ақпан айында Татар жастарының одағы «Азаттықтың» бастауымен Ресей Федерациясы құрамындағы Түркі мемлекеттері мен ұлыстары және Қырым мен Әзірбайжандағы жастардың азаматтық және қоғамдық ұйымдарының қатысуымен өткен Түркі әлемі жастарының құрылтайында дүниеге келген және қазіргі кезде:

Ауғаныстан Джумбуши Милли Ислами жастар қоғамы,

Ахыска түріктерінің «Ватан» қоғамы,

Ахыска түріктерінің жастар ұйымы,

Германия жас түріктер ошағы,

Германия түріктерінің федерациясы,

Батыс Еуропа Қырым түріктерінің ынтымақтастық және мәдениет орталығы,

Алтай «Кан-Кереде» Алтай жастарының одағы,

Австралия «Алтын Орда» қоғамы,

Австриядағы түрік федерациясы,

Әзірбайжан Жастар одағының ұлттық кеңесі,

Балкария «Ант» Жастар қоғамы,

«Таулу» жастар қоғамдық ұйымы,

Башқұртсанның Башқұрт жастарының бірлігі,

Батыс Фракия Түріктерінің ынтымақтастық ұйымы, Искече түрік одағы,

Достық-Теңдік-Бейбітшілік Партиясы Комотини(Грекия) Түрік жастарының одағы,

Байыр Буджак түріктері(Сирия түркімендері) қоғамының жастар қанаты,

Болгария Құқық және еркіндік әрекеті,

«Уфук» қоры,

Болгария түріктерінің мәдениет пен қызмет ұйымы,

Чувашия «Сувар» чуваш жастарының одағы,

Чуваш шығыстық спорт орталығы,

Шығыс Түрікістан жастарының одағы,

Дүниежүзі ұйғырларының құрылтайы,

Гагауз Түріктерінің «Ана дили» жастар ұйымы,

Хакасия «Тун» жастар ұйымы,

Голландия түрік ғалымдарының одағы «Түрк эви»,

Қарашай Ислам қоры,

Қазақстан Болашақ, Отау жастар ұйымы,

Дүниежүзі қазақ жастарының одағы,

Қазақстан ұйғыр жастарының одағы,

Қырғызстанның жас тарихшылар қоғамы,

Қырғыз жастарының одағы,

Қырым татарларының ұлттық мәжілісінің жастар қанаты,

Қырым түріктерінің мәдениет және ынтымақтастық қоғамы,

«Қардашлык» Қырым татарлары жастарының одағы,

«Бизим Қырым Халқара» қоғамы,

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы «Түрік-бір» қоғамы,

Косова Түрік демократиялық партиясы,

Құмық «Тенклик» жастар ұйымы Анжи комитеті(Дағыстан),

Македония Түрік демократиялық партиясы,

Ноғай жастарының қоғамы,

Румыния мұсылман татар жастарының демократиялық бірлігі,

Исмайл Гаспралы Жастар қоғамы,

Демократиялық түрік бірлігі,

«Ататүрік» жастар қоғамы,

Саха Республикасы «Эдер Саас» студенттер одағы,

Сібірстан Омбы аймағы: «Мөлдір» Сібір-қазақ мәдени орталығы,

«Вахдет» түрік жастарының қоғамы,

Шор аймағы: Шор ұлттық мәдениет Орталығы,

«Тан-тол» Шор ұлттық қоғамы,

Татарстан «Азатлык» татар жастарының одағы,

«Ене Баят» телеуіт ұлттық орталығы,

Тува «Хостул» ұйымы «Ареве» тува жастарының одағы,

Түмен аймағы: Татар жастарының қоғамы,

Түрк-ата аймағы: Түрік-Ата қоғамы (Қырғызстан),

Түркия түрік ошақтары,

Түркіменелі ирак түріктерінің мәдениет және ынтымақтастық қоғамы,

Ирак Түркімен аймағы: түркіменелі қоры мен мәдениет орталығы секілді мүше мен қатынасушы ұйымдардан құралып, ерікті, тәуелсіз, ұлтаралық демократиялық платформа ретінде қалыптасқан және өз негізін халықаралық нормалардан, адам құқықтары деклорациясына сәйкес мемлекетаралық келісімдерден алатын және құрылған күннен бері Түркі әлемінің жарқын болашағы үшін тілде, істе, пікірде бірліктің қалыптасуы үшін қызмет етіп келе жатқан Дүниежүзі түрік жастарының одағы Қазақ ұлттық әрекетттің көшбасшысы ретінде Сіздің Түркі әлемінің экологиялық мәселесі болып табылатын Арал мен Балқаш көлдерін құтқару мақсатында атқарған халықаралық еңбектеріңізді, қазақ халқының ұлттық намысы болып табылатын 1986-жылғы Желтоқсан көтірілісінің құрбандарын ақтап алғандығыңызды және ССРО басшысы М.С. Горбачев пен Саясибюроны жасақтаған комиссия шешімімен «айыпты» деп тапқаныңызды, сондай-ақ, кейінгі жылдары Горбачевты қазақ халқынан кешірім сұратқан саяси жеңістеріңізді, Орта Азияда 1926 жылы Большевик билігі тарапынан тыйым салынған Наурыз мерекесін 1988 жылы тек қана Қазақстанға емес, сондай-ақ барша Орта Азия түріктеріне қайта қауыштырып, қайта тірілуін қамтамасыз еткен ерен еңбектеріңізді, және де 1989 жылы ССРО тарихында алғаш рет қазақстандық депутат ретінде Кремльдегі ССРО халық депутаттарының сьездінде Ахыска түріктері мен Қырым татарларының мәселелерін батылдықпен көтергеніңізді және ССРО-дағы саны аз барша халықтардың тіліне мемлкеттік статус берілуін талап етіп, шынайы ұлтжандылық азаматтық көрсеткен ерлігіңізді және қазіргі кезде де қазақ халқының ұлттық рухы мен тілін сақтап қалу, оны дамыту және жарқын болашағы үшін атқарып келе жатқан ерен еңбектеріңізді ғибрат және құрметпен қабылдаймыз.

Құрметті Мұхтар Бей,

Дүниежүзі түрік жастары одағының төрағалы атынан үстіміздегі жылдың 22-қыркүйегінде тарапыңыздан ұйымдастырылып отырған дәстүрлі «Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік тілі - Қазақ тілін қолдау» акциясын құрметпен қабылдай отырып, пікір және рухтастық тұрғыдан қолдайтындығымызды және қазақ тілінің жарқын болашағы үшін атқарылып жатқан осы тарихи және мәнді іс-шарадақазақ бауырларымызбен бірге екендігімізді осы деклорация арқылы мәлімдеуді өзімізге мәртебе деп санаймыз.

Шынайы құрметпен.

Экрем АБДУЛЛАЕВ

Дүниежүзі түрік жастары одағының төрағасы

ҚОЛЫ

АУДАРМА

22-қыркүйек 2012 жылы Қазақстанның Алматы қаласында ұйымдастырылатын

Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілін қолдау акциясын ұйымдасытру төралқасына

ҚОЛДАУ МӘЛІМДЕМСІ

Құрметті Мұхтар ШАХАНОВ мырза,

Басшылығыңызбен ұйымдастырылып отырған Қазақстанның мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілін қолдау акциясын Түрік әлемінің адам құқықтары ұйымы ретінде қолдайтындығымызды мәлімдейміз. Өйткені, бауырлас ел Қазақстанда қазақ тілін кеңінен қолдану және дамыту қазақ халқының ең табиғи құқығы және Түркі әлемінің де шынайы қалауы болып табылады.

Қазақ тілінің болашағы үшін өткізіп отырған іс-шараға табыс тілеймін және өз құрметімді ұсынамын.

Абдуллах БУКСУР

Адам құқықтары эксперті

Түркі әлемі адам құқықтарын қорғау ұйымының төрағасы

0 пікір