Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2403 0 пікір 18 Қыркүйек, 2012 сағат 09:45

Қазақ тілін қолдайсыз ба?

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ»

АКЦИЯСЫНА

Ш  А  Қ  Ы  Р У

Қадірлі тіл жанашырлары!

Біз, республикамыздағы қоғамдық қозғалыстар мен жастар ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, жалпы халықтың қолдауымен 2012 жылдың 22-қыркүйегінде, сенбі күні, 15.00 мен 17.00 сағат аралығында қалалық әкімшіліктің арнайы рұқсатымен Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрының арқасындағы алаңда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткіземіз.

Елімізде, 5 жылдан бері мемлекеттік тілді ардақтау мақсатында, осындай шара өткізу рухани дәстүрге айналды. Акция барысында қордаланып қалған тіл төңірегіндегі проблемалар, өзге де ой-пікірлер ашық айтылып, атқарылуға тиісті нақтылы талаптар билік назарына ұсынылуда. Соның нәтижесінде кезінде, бастауын «американдық ұлттан» алатын, көп ұлттан бір ұлт жасауға негізделген «қазақстандық ұлт» идеясының салтанат құруына түбегейлі тойтарыс берген болатынбыз...

Сондықтан өзінің ұлтына, ана тіліміздің бүгінгі жағдайына алаңдайтын әрбір азамат күйбең тіршілігін бір сәт жиып қойып акция өтетін жерден табылуы тиіс. Акция барысында танымал өнер шеберлерінің ана тілімізді ардақтайтын, ұлттық, мемлекеттік рухты қуаттайтын әндері шырқалады.

Мемлекеттік тіл мәртебесін, еліміздің өзге де рухани құндылықтарын асқақтатуды ойлаған  ұлт, жанашырлары сол жерде бас қосады деп сенеміз.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

0 пікір