Жұма, 26 Сәуір 2024
Әлеумет 32469 10 пікір 4 Ақпан, 2022 сағат 13:40

Экономикалық реформаның алғышарты – саяси реформа!

Биылғы «қанды қаңтар оқиғасы» отыз жыл дәріптелген алдымен экономика, сонан соң саясат  атты ел басқарудың жетекші идеясының қате екенін анық көрсетті. Бұған президент  Қ.Тоқаевтың: «Біздің құрған экономикалық жүйеміз экономиканың дамуына тиімді  болғанымен экономиканы бөліске салуда тиімсіз болды. Елдегі елу пайыз адамның айлық кірісі  елу мыңнан аспайды», -  деген сөзі анық дәлел.

Қ.Тоқаев қазір саяси реформа жайлы шындап ойлану үстінде екенін айтты. Экономикалық реформаны бастап кетті. Алайда азаматтық қоғам ең алдымен саяси реформа жасауды талап етуде. Не үшін біз ең алдымен саяси реформа жасауымыз керек?

Бүгінгі күні кез-келген ел өз мемлекетін дамыту үшін философиялық тұрғыдан бір мәселеге жауап беруі керек. Ол санамен материяның қатынас мәселесі.

Капиталистік қоғам сананы бірінші (белгілеуші) орынға қояды. Адамның санасын басты орынға қоюуы демократияны ұғымды алға шығарады. Демократия адамзат қоғамын өте тез  қарқынмен дамытады. Демократия саяси реформалар арқылы жолға қойылып, кемелденіп  дамиды. Бұған бүгін адамзаттың даму тәрихы куә. Біз өткен отыз жылда капиталистік қоғамның  осы қағидасынан сырт айналдық. Бұл теорияға қарсы жүрдік деуге болады. Алдымен экономика,  сонан соң  саясат  деп жар  салып,  қоғам  санасын  тұншықтырдық. Отыз жылда біз құрған экономикалық жүйеміз экономикалық еркіндікті нарықтық бәсекені шектейтін жүйе  болып қалыптасты. Сондықтан бүгінгі билік ең алдымен ойлау көзқарасты өзгерту қажет. Демек саяси реформаларды алдымен қолға алу аса қажет.

Экономикалық жүйемізде әділ бәсекелестік, ашықтық, жариалық болуы аудай қажет.  Экономикалық жүйедегі бұл принцптерге күшті азаматтық қоғам, әділ саяси бәсекелестік, сот  жүйесінің дербестігін қалыптастырады. Сонда ғана заң үстемдігі, демократиялық институттардың толық қанды жұмыс істеуіне жол ашылады. Бүгінгі таңдағы әкімшілік жүйедегі  кадрлық ауыс-түйіс, әміршіл әкімшілік жүйені өзгерте алмайды. Экономикалық жүйедегі  монополияның негізі саяси жүйедегі монополия. Саяси  жүйедегі  монополияны  жойғанда ғана  экономикалық монополия жойылады.

Ғалымдар жирмасыншы ғасырда мемлекеттердің кедей-бай болуының себебіне зерттеу  жасаған.

Дараман Жынгудың «Бір мемлекеттер неге бай, бір мемлекеттер неге кедей» атты кітабында   дүниежүзіндегі барлық мемлекетті салыстырып зерттеу арқылы мынадай ақиқатты байқаған: Бір мемлекеттің бай-кедей болуы оның жаратылстық шарт жағдайына қатысты емес.  Мемлекеттің қоғамдағы Инклюзивті институтты дамытумен ғана байланысты. Инклюзивты  институт дегеніміз заңның орындалуын, адам құқығының сақталуы, азаматтардың позиция  білдіру құқығының қорғалуы қатарлыларды көрсетеді. Аталмыш кітапта қақ ортасынан  Америка мен Мексикаға бөлінген брдей  жаратылыстық шарт  жағдайдағы Ноблс штатын алға тартады. Қазір штаттың Америкаға қараған  жағының жылдық жан басындық кірісі отыз мың  доллар. Мексикаға тән жағы  он  мың доллар (Экономист Мақсат Халық  сұхбатынан).

Бүгінгі билік отыз жыл бойы демократия жөніндегі бір айтылымды қате түсіндіріп келді.  Демократия дереу орната салатын құрылғы емес, оның қалыптасуына барыс қажет.  Бұл ақиқат.  Алайда біздің бүгінгі билік демократия орнатуға шарт жағдай керек, шарт жағдай пісіп-жетілгенде  жолға қоямыз дейді. Бұл қате. Демократия тек демократиялық институттардың  толыққанды жұмыс істеуі арқылы біртіндеп қалыптасады. Американың бүгінгі демократикалық жетістігі тұңғыш президент Джордж Вашингтонның он  сегізінші ғасырда тұрып президенттік  институтты өзі бас болып демократикалық жолға салуымен тікелей байланысты. Ол кездегі Америка қоғамының мәдениет деңгейін бүгінгі Қазақстан қоғамнан төмен болатын. Логикада  қажетті алғы шарт деген ұғым бар.  Белгілі бір істі жасау үшін қажетті алғы шарты болмаса ол  іс жүзеге аспайды. Жаңа Қазақстан тек жаңа саяси реформалармен ғана  қалыптасады.

Ағыбай Әкбарұлы

Abai.kz

10 пікір