Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2547 0 пікір 17 Қыркүйек, 2012 сағат 10:21

ДЕМОКРАТИЯ — NESCAFE ЕМЕС

Бір кезде Батыс пен Шығыстың премьер-министрлерінің, президенттерінің, саясаткерлерінің, концерн қожайындарының, ойшылдарының кітаптарын көп зерделедім. Ұнатқаным Джефферсон болатын. Билл Клинтонның «Менің өмірім» атты кітабын қолыма қарындаш алып, әр сөзін, ой өрнектерін зерделей қарап, астын сызып, қызықтай оқығанмын. Өз ісін айтуда Клинтон аса ұстамдылық көрсетіпті. Өз өзін мақтамаған. Кеуде кермеген. Өзім білемге салынбаған. Бұл нағыз азаматқа тән мінез еді.

«Барыңдар, өзге халықтарды үйретіңдер, біздей болсын, біз ұстанған құндылықтарды үйренсін»

Христиандық көне прозелитизм

Бір кезде Батыс пен Шығыстың премьер-министрлерінің, президенттерінің, саясаткерлерінің, концерн қожайындарының, ойшылдарының кітаптарын көп зерделедім. Ұнатқаным Джефферсон болатын. Билл Клинтонның «Менің өмірім» атты кітабын қолыма қарындаш алып, әр сөзін, ой өрнектерін зерделей қарап, астын сызып, қызықтай оқығанмын. Өз ісін айтуда Клинтон аса ұстамдылық көрсетіпті. Өз өзін мақтамаған. Кеуде кермеген. Өзім білемге салынбаған. Бұл нағыз азаматқа тән мінез еді.

«Барыңдар, өзге халықтарды үйретіңдер, біздей болсын, біз ұстанған құндылықтарды үйренсін»

Христиандық көне прозелитизм

Бір кезде Батыс пен Шығыстың премьер-министрлерінің, президенттерінің, саясаткерлерінің, концерн қожайындарының, ойшылдарының кітаптарын көп зерделедім. Ұнатқаным Джефферсон болатын. Билл Клинтонның «Менің өмірім» атты кітабын қолыма қарындаш алып, әр сөзін, ой өрнектерін зерделей қарап, астын сызып, қызықтай оқығанмын. Өз ісін айтуда Клинтон аса ұстамдылық көрсетіпті. Өз өзін мақтамаған. Кеуде кермеген. Өзім білемге салынбаған. Бұл нағыз азаматқа тән мінез еді. Американың екі мәрте президенті (1992-2000) болған Клинтонның билік құрған тұсында Америка гипердержаваға айналды (1998 жылы). Бұл Билл Клинтонның ақ адал терін төккен таза еңбегі болатын. Ол Американың сыртқы саясатын өзіне тән ерекше сезімталдықпен жүргізе білді. Американдық саясатшылардың арасында мұндай сезімталдық жоққа тән еді. Кеш кіріссе де, оның Таяу Шығыс мәселесін бейбіт жолмен шешуге барын салғаны әркімге аян. Осының өзі-ақ АҚШ мемлекетінің кейбір келеңсіз әрекеттеріне әлемнің төзімділікпен қарауына ықпал еткені анық. Клинтонның ақ үйде отыруы АҚШ-тың гегомондық билікке барын салған қоғамдық ұйымдардың, ақпарат құралдарының белгілі бір айғайшы ақылгөйлердің - ми орталықтарының шектен шығуға даяр арынын басушы еді.

1994 жылы сенат пен мәжіліс палатасына сайлау кезінде республикалықтар жеңіске жетті. Осыдан бастап АҚШ ұлтшылдық ылаңын көтерді, өз мүддесін, әлем халықтарының мүддесінен жоғары қоюды бастады. БҰҰ-ға сенімсіздік көрсетілді, қандай шиеленіс болса да, оқ пен оттың күшімен жеңуге бас ұрды.
«Біз өз жолымызды енді таптық», - деп жариялады Джордж Уильям Буш. Бұл сөзін ол 2001 жылдың 12 қыркүйегінде жалпақ жұртқа жайып жіберді. Бір жыл өткен соң 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі ең биік зәулім үйлерді лаңкестер тас-талқан қылып қиратты. Бүкіл әлем халықтары нақақтан шейіт болған қарапайым американдықтардың қазасына аза айтты. АҚШ мұны елеген де жоқ.
Демократтар мен республикандықтардың аражігі XX ғасырдың 60-жылдары талауға түскен болатын. АҚШ-тың оңтүстік ақ нәсілділер, президент Джонсонның қара нәсілділерге тең құқық бергеніне наразылық білдірді. Рузвельттің демократтар партиясын тастап, республикандық партияға топ-тобымен өтіп жатты. Дәл сол кезде республикандықтардың элита өкілдерінің арасында жаңа консервативтік ағым пайда болды. Өкінішке қарай олар консерваторлар емес, нағыз төңкерісшілерге айналып шыға келген. Бұл республикалық партияның оң популистік жолға түсуіне себепкер болды.
Бұлардың ендігі ұстанғаны популизм, қатал евангелистік жолды таңдау, ендеше Інжілді қалпынша ұғыну және оңшыл Израильді жақтау болып табылды.
Олар Рональд Рейган мен үлкен Бушты өлердей жақсы көрді, сонан да демократ Билл Клинтонды талауға кірісті, оның саяси жоспарларын тас-талқан қылды, һәм жеке өміріне аяусыз қол сұқты. Бұл барып тұрған бассыздық еді. Сонда Америка қай демократияны айтып, қай демократияны жер жүзіне таратпақ деген ойға қаласыз?!
1992 жылы жап-жас Билл Клинтон Вашингтонда Президент болып сайланғанда бүкіл Америка жұрты қуанбап па еді?! Президент Клинтонның аса зор жауапкершілікпен, шымыр ойлармен астасқан адал сөзі қандай еді! Мәскеуде теледидарды қарап отырып өзіммен қатарлас, әлі де жас жігіттің Америка билігінің шыңына шыққанына қуанғанмын. Әлемдегі салқын соғыстың ызғары енді түгесілер, енді әлем халықтары адамсүйгіштік, таза ынтымақтастық, нағыз туысқандық бауырластыққа батыл қадам жасайды деп сенген едім.
Клинтонның еркін қимылы, мейірімді ақжарқын жүзі, турашыл табиғаты соны аңғартқан. Соған сенгенбіз. Мен тіптен ерекше сендім, өйткені, губернатор Билл Клинтонмен, Алекс Гормен Америкада жүзбе-жүз кездесіп ұзақ кеш бірге әңгіме-дүкен құрғанбыз. Бұл 1988 жылы, Колорада штатында «Жер Күні» деп аталатын әлемдік форумда болған еді.
Республикандықтарға президент  Билл Клинтон несімен ұнамады? Оған тағылған айыптар қандай?..
Адам айтса нанғысыз бірінші айып, Клинтон Американы сыйламайды дегенге келді. Екінші айып, Саддам Хусейнді тағынан түсіруге шындап ұмтылмады. Үшінші айып, Таяу Шығыс мәселесін шешуде дәрменсіздік көрсетті. Бұдан да өзге айыптар болған болар, бұл мен екшеп көрсеткен үш айып қана. Билл Клинтонды адам айтса нанғысыз қорлыққа ұшыратты, адам құқығын таптады, адамдық намысты тентіретті. Бұл американдықтар дәріптеген «демократияның» нағыз жарқын көрінісі болатын. Американы талай араладым, онда менің сыйлас, қимас достарым да аса көп, осы Америкадағы демократияның келеңсіз жайы туралы мен нақты мысалдармен үлкен кітап жаза алар ем. Бірақ онда менің өз Отаным туралы, болашақ ұрпақ туралы жазуларым жайына қалмай ма? Өзге елдің намысына тиіп қайтеміз, біз өз ырқымызды туралау проблемасын шешіп алсақ та жетер. Бұл өзгеге орынсыз бас имеудің көрігінен шыққан намысшыл рухтың тулауы ғана болатын.
Клинтон кезінде Ослода өткен бейбіт процесті өркендетуге бет қойған кезде, «неоконсерваторлар», Палестина проблемасы жоқ, бұл израильдік солшылдар мен Израильге қарсы әлем елдерінің ойдан шығарған пәлесі деп үре түрегелді. Бұл проблеманың екі-ақ жолы бар, - деді олар. Бірінші, араб елдерін демократиялық жолға мойынсұндыру. Оған көнбесе күшпен тізерлетіп, Батыс пен Израильдің сөзін сөйлету. Израильдіктер жаулап алған араб жерлерін қайтармайды. Менахем Бегин құрған (1973 жыл) оңшыл партияның - Ликудтың бәйгеге бас тіккен тұжырымы осы болатын.
Совет Одағын құртқан соң, американдықтар өздерінің жұмыр жердегі жалғыз жеңімпаздары екендіктеріне әбден иланды. Вьетнам трагедиясы ұмытылды. Олар Иракта батпаққа белшелерінен батса да, әлем халықтарының тағдыры Американың ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрғанынан бастары айналды.
Америка жұмыр жердің полицайы дәрежесіне көтерілді. Бүкіл әлемді демократия алаңына айналдырамыз деген ниетті әуелі өздері ұмытты. Енді демократияны АҚШ түсінде де көрмейтін болады.
«Мен әлемде демократиялық қозғалысты тез және қарқынды түрде жүргізуге сенгенім үшін, әлі де опық жеймін» деген Клинтон тұсында Мемлекеттік хатшы болған озық дипломат, мархабатты ханым Мадлен Олбрайттың сөзін естен шығару мүмкін бе?! Кеш болса да, ақылды әйел, ағат кеткен ісін біліп, өкініп отыр. Бұл ойын, ол өз кітабында анық та, ашық жазған. Американдықтардың ол кездегі басты ойлары, әлемдік демократизация бағдарын тағайындап, НАТО ауқымын кеңге жайып, оны уыстағы ойыншық БҰҰ-ға айналдыру болатын. Бұл жаңа шешім немесе жаңа идея емес еді.
Кезінде Уинстон Черчилльдің: «Ең бастысы, ағылшынтілді халықтардың мүддесін қорғауымыз керек. Олар бірігіп алып, бүкіл әлемді уысында ұстаулары тиіс» деген сөзін біз жадымызда ұстауымыз керек. Сонан да мен «Қазақ жастарына хат» деген кітап жаздым. Бұл кітапқа толықтыру қазақ жастарының өмірлік принциптерін қалпына келтіру, қазақ елінің намысы мен рухын талатпау, Батыс пен Шығыстың қазақ халқына деген көзқарасын ашық айтып, әлемге көздерін ашуға арналған. Бұл ұлтшылдық жалауын көтерген кітап емес, адам бойындағы адамгершілікті ардақтауға бағытталған қасиетті ұмтылыс. Қазақ қалай қазақ боламыз, дербестігімізді қалай сақтаймыз, даралық қалпымызды қалай даралаймыз деген толғанысты сұрақтарға жауап іздеу. Енді бір жиырма-жиырма бес жылда қазақ арасынан біз келмеске кетеміз. Жастарымызға ақиқатты ашып айтпасақ, қара жердің қойнында біз тыныш жата алмаспыз. Кейінгі жас, біз сияқты Рухқа сыйынуды, намыстың отын сөндірмеуді жадыларында ұстай ала ма, жоқ па?.. - деген түйткіл сұрақтар жан жейтіні рас.
Қазақтың тәнін де сақтай алмай, жанын да сақтай алмай, жерін де сақтай алмай, құрып кетсек, не болғанымыз? Соны ойласаң төбе шашың тік тұрып, ұйқыңнан терге малшынып шошып оянып алып, қайтып ұйықтай алмай аласұрасың. Сонда ойлайсың:
Империяға қарсы келген халықтың керегі жоқ. Бұны қазақ халқының қазақ даласындағы қанды қырғындарынан-ақ көруге болады. Соңғысы желтоқсан оқиғасы болғаны, сол күнді қаралы күн ретінде азалай алмағанымыз жанға батады. Бұл орыс халқына көрсеткен қыр емес, жүйеге айтқан лағнет болуы шарт.
Қателеспесем, 2003 жылы бүкіл еуропалықтар Буштың сыртқы саясатын қолдамайтындарын білдіріп жатты. Ал іс жүзінде Батыстың демократиялық миссиясын толықтай қолдады. Соған өлердей сенді. Батыс дипломаттарының демократияны ұрандаған әрекеттерін ақпарат барынша айғайлап бақты. Бұл жерде өркөкірек француздардың талпынысы ерекше болғанын атап айту керек. Еуропалықтар бейбіт өмірді, демократиялық өзгерістерді, универсалды құндылықтарды, құқықты, қауіпсіздікті қолдайды. Сонымен бейбіт өмірдің батыс Еуропа елдерінде ерекше болғанын қалайды. Оған қоса христиандық қалыпты, көне прозелитизмді - «Барыңдар, өзге халықтарды үйретіңдер, біздей болсын, біз ұстанған құндылықтарды үйренсін» деп уағыздаудан талмайды. Бір ерекшелігі - күш көрсетуге бармайды. Бірақ бүгінгі еуропалықтар өзгені үйретуге, өзгенің ісіне араласуға шебер, соғысуға, бейбіт елдерді бомбалауға, өзгенің жерін тартып алуға қарсы.
Ал американдықтар болса, күш көрсетуге дағдыланған, тіптен кейде қорқау қасқырдай жалаңдап бейбіт отырған елге жалғыз шабады. Бұл мәселеде Америка мен Еуропа кереғар мінез танытады.
Америка өз тәуелсіздігі үшін болған соғысты, үндістердің жерін тартып алып, жазықсыз халықты қырғанын, құлдықты, Солтүстік пен Оңтүстіктің адам айтқысыз майданын, қара нәсілді құқығынан айырғанын қалай ұмыта алады. Бұның бәрі мектеп қабырғасында оқылатын 24-томдық Америка тарихында тайға таңба басқандай қылып жазылған ғой.
Ал бүгінгі Американың асқынған ауруы ақша күшіне табыну, сайлаудағы адамдардың салғырттығы, лоббис­тер, жеке адамдардың өмірін қоғам тірлігінде ашып көрсету сияқты келеңсіз көріністер екені даусыз.
Жүздеген жылдар бойы соғыстан бас алмаған, қанды революциялар тізбегі, аяусыз репрессия Еуропаның қанды балақ тірлігі болғанын кім білмейді?
Батыстың бес-алты саясаткер әйелі, Гендерлеп орыс, қазақ, татар, ұйғыр, моңғол әйелдерінің онсыз да қалжыраған жанын жеп болды. Орыстың да, қазақтың да отбасында билік жасайтын әйел. Оны Кеңес Одағы мықтап өмірімізге енгізген. Қазақ пен орыстың еркектері отбасындағы биліктен баяғыда айырылған. Ол билікті күйттеп те жүрген еркектер жоқ.
Әйелге билік тигеннен отбасынан құт қашқан. Береке құрыған, мейірім жойылған. Францияда бірінші сайлау 1795 жылы өтті. Ал француз әйеліне дауыс беру құқығы жүз алпыс жылдан кейін әзер берілген болатын. Француз әйелі дауыс беру қағазын қолына тек 1955 жылы ғана ала алды.
Батыстың үлкен қателігі, демократияны әлем халықтарының қойны-қоншына тықпалап, күштеп ендіруге атсалуда. Демократия - өте күрделі, абайсызда адам жанын жаралап алуға болатын өте нәзік құбылыс. Демократияны жүргізуге сабыр керек. Көшке ит жүгірткенмен, одан көштің сәні де, сапасы да, мәні де өзгермейді. Бір елде демократия тез, бір елде бәсең өрбиді. Мексиканың ұлы ақыны, Нобель сыйлығының лауреаты Октавия Пас бұл жөнінде «Демократия - «Nescafe» емес» деп бір-ақ түйген. Сол сөзбен Американың аузына құм құйған.
Соңғы жиырма бес жылда орыстарға, қазақтарға, қытайларға, арабтарға, африкандықтарға демократия қамытын кигізуге Америка мен Еуропа крест шеруін жасап жандаралдай жан алуға барын салды. Олардың осы шеруінен не шықты? Қандай табыстарға жетті? Жеңіс аз, жеңіліс көп болды. Осының өзі Батысты терең ойландыруға тиіс еді! Демократияны экспорттау, демократияға зиянын тигізетінін Батыс саясаткерлері енді білулері керек. Бүкіл әлемнің ақпарат құралдары, демократшыл уағыздарды көпіріп айтқанымен, нәтиже өте аз болатын.

Роллан СЕЙСЕНБАЕВ

"Жас қазақ" газеті

0 пікір