Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 3113 0 пікір 2 Ақпан, 2022 сағат 14:13

Бейжің-2022: Алау эстафетасы басталды

Бүгін Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының алауының эстафетасы басталды. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай салтанатты рәсім Бейжіңнің солтүстігіндегі Олимпиадалық саябақтан бастау алды. Алау эстафетасын ресми түрде Қытай мемлекеттің кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты.

Ұйымдастыру комитеті ғаламдық пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығын біршама қысқартқан. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында эстафетаға көрермендер қатысып жатқан жоқ. Одан бөлек, алауды адамдар тұратын көшелер мен аудандардан алыс жерлерде алып жүру көзделген.

Эстафета үш олимпиадалық кластер бойынша 12 кезеңнен тұрады. Алауды алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1200 алау ұстаушы қатысуда. Сондай-ақ, тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, машиналар да алып жүреді.

Сондай-ақ бүгін, яғни 2 ақпан күні Бейжіңде Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары да басталып кетті. Олимпиада ойндарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған.

Алайда, бүгін керлинг, шайбалы хоккей фристайл, сынды спорт түрінен алғашқы іріктеу жарыстары басталады. Ал 3 ақпан күні қазақстандық фристайлшылар жарыс алаңына шығады.

Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төрт жылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559