Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2944 0 пікір 17 Қыркүйек, 2012 сағат 09:18

Казак болған қазақтар

Былтыр естідік. Биыл суретін көрдік. Ант ішіп, құран ұстап казак болған үш қазақтың жігіті: Талғат Шәріпбаев, Алмабек Сайдақберов және Ерлан Қошқарбаев. www.voxpopuli.kz сайтының жазуына қарағанда,  Талғат Шәріпбаев, Алмабек Сайдақберовтің арғы аталары Сұраншы батыр қазіргі Ұзын-Ағаш маңында Қоқан хандығына қарсы соғысқа казактармен бірге қатысады. Сол соғыста казактар мен қазақтардың қолын бастаған  батыр  жеңіске жетіп, қазақтардың оңтүстік жерлерін қайтарып алады. Сол соғыстан кейін қазақтың Сұраншы батыры казактармен бауырласып, казак әскеріне кіреді. Ал 150 жылдан кейін Сұраншы батырдың ұрпақтары аталарының жолын жалғастыруға бел буыпты. Не дейміз?! Жолдары болсын!

Ал, үшінші казак болған қазақ - Ерлан Қошқарбаев. Бұл жігіт Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың немересі. Ерланның казак болуына казактармен достығы негізі болыпты.  Сөйткен Ерлан казактардың мұсылман қосынына кірер алдында былай деп ант беріпті: «Мен, Ерлан Қошқарбаев, Құдіретті Алланың және Құранның алдында, казак жалауы мен бауырластарымның алдында Отаныма және Казактарға шын жүрегіммен және сенімімен қызмет етуге ант беремін. Антымды бұзған жағдайда, мені Алланың қарғысы атсын және халқымның қарғысына ұшырайын».

Амал кем. Айтарға сөз жоқ. Адамның таңдауы. Көкейде бір сауал тұр: тегі белгісіз, ұлт болып саналмайтын, еш дерегі жоқ, патшаның қолшоқпары ғана болған казактардың қатарын қазақтардың толтырып жатқаны нені білдіреді?!

«Абай-ақпарат»

Суреттер мен деректер http://www.voxpopuli.kz/ сайтынан алынды.

0 пікір