Жұма, 19 Сәуір 2024
3212 19 пікір 25 Қаңтар, 2022 сағат 16:27

Ермек Нарымбай Қазақстанға келеді

Саяси белсенді Ермек Нарымбай Қазақстанға келеді. 2016 жылдан бері Украинада тұрып жатқан ол қаңтар оқиғасынан кейін елге оралуды шешкен. 

Нарымбайдың жазбасы Алтынай  Әділованың парақшасына жарияланды.

«Отанға ораламын. Қарызданып, ұшаққа билет алдым. Жақында Алматыда боламын. Диалог өткізуге ақ ту ұстап елші ретінде бара жатырмын. Оған дейін екі күн балаларыммен кездесемін, Қазақстанның ішінде олармен қауышуға мүмкіндік бола ма, білмеймін, оларды көрмегеніме жеті жыл болды», - деп жазған Нарымбай.

51 жастағы Ермек Нарымбай Қазақстанда тұтқындалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, бірақ дәл қазір өзін қамау билікке тиімсіз деп санайды.

«Ақорда Қазақстанға өз еркіммен келе жатқан мені абақтыға отырғызу пайдасыз екенін, беделіне зор нұқсан келетінін түсінуі тиіс», - дейді ол.

Ол абақтыға қамалған күннің өзінде «ұзақ отырмайтынына» сенімді.

«Егер [түрмеге] отырғызатын болса, ол ұзаққа созылмайды деп сенемін. Қазақстанға мені шығарып салып, сонда қарсы алатын журналистер, блогерлер, көп адам болады, сондықтан мені тыныш қана тұтқындай алмайды. Ұрып-соғу мен азаптауға да толық дайынмын, бірақ олай болмайды, билікке ол тиімсіз. Менің даусым сырт жақтан гөрі, әсіресе дәл қазір елдің ішінде салмақтырақ болады», - деп жазған Ермек Нарымбай.

Ол халыққа үндеуін «түрмеде отырып та жазатынын» айтады.

Abai.kz

19 пікір