Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 3512 0 пікір 17 Қаңтар, 2022 сағат 13:57

Митингіге шыққандардың көбісі қазақтілді қазақтар

Кешегі айтылған әңгімелердің бірі байлар мен кедейлердің арасының алшақтап кеткендігі. Расында да солай болып жатыр. Оны бәрі біледі. Пандемиядан соң одан ресми статистика бойынша да кедейлер көбейіп кетті. Енді ары қарай не болмақ? Естеріңізде болса қайбір жылы айлығы көптерге салынатын табыс салығы жайлы әңгіме болып еді. Соның ақыры жоқ болды. Әрине үкімет басындағылар мен квазимемлекетте миллиондап бонус алатындарға ол жағымсыз жаңалық. Меніңше осыны қайта қозғау керек сияқты.

Сосын дамыған елдерге тән налог на роскошь деген салықты еңгізу керек. Бізде дәл қазір 1-2 пәтері бар адам да 100-200 пәтері бар адам да бірдей мөлшерде салық төлейді. Бұл әділетсіздік. 1-2 пәтер мұқтаждық, қалған пәтерлері жалға беріп пассивті ақша табудың әрекеті. Сол үшін 4-5 пәтерден арылардың мүлік салығы басқаша болу керек. Сол кезде жұрт жаппай пәтер ала бермейді. Бұл пәтер бағасының негізсіз қымбаттауының алдын алуы мүмкін.

Мемлекеттің ең негізгі міндеті орта тапты қалыптастыру керек. Орта тап көп болса әркім өзімен өзі. Кешегі митингіге шыққандардың көбісі қазақтілді қазақтар. Бізде көбінесе жағдайы жоқтар да осылар. 2-3 мың доллар табыс табатындар шықпайды митингіге. Дүкен тонайтындар да сол кедейлер. Қыста жаздық аяқ киіммен жүргендер де кедейлер. Жаңа Қазақстанды құрғысы келетіндердің негізгі мақсаты кедейлердің санын азайту болмаса жағдай қиын. Табысымыздың 50%-ын тамаққа жұмсап жақын арада коммунизмді орната алмаймыз.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

0 пікір