Сенбі, 20 Сәуір 2024
3308 30 пікір 14 Қаңтар, 2022 сағат 11:56

ҰҚК: Самат Әбіш еңбек демалысында

Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін жалғастыруда. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Түскен өтініштерге байланысты С.Әбіштің Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін жалғастырып жатқанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жыл сайынғы еңбек демалысында», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақорда сайты Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Мұрат Нұртілеудің тағайындалғаны туралы хабарлаған болатын.

Abai.kz

30 пікір