Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3164 0 пікір 10 Қыркүйек, 2012 сағат 06:46

«Қазақстан барысы» (жалғасы)

Қыркүйектің 22-і күні «Сарыарқа» велотрегінде өтетін Республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық айқасына қатысатын балуандарды таныстыруды жалғастырамыз (басы: http://old.abai.kz/node/14751). Естеріңізге сала кетейік, үш кезеңге бөлінген іріктеу сындарынан өткен 32 жігіт «Қазақстан барысы» турнирінің «Алтын белбеуі» үшін таласады. 2012 жылғы «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу сынына жалпы есебі 749 мың балуан қатысқан. Сол 749 мыңнан қара үзіп шыққан 32 балуанның қайсысы «Қазақстан барысы» атанар екен? Балуандарды таныстыруға арналған жарнама ақпараттан көз жазбаңыз, тілекші болыңыз.

Алматы облысы

Айдос Қаңлыбаев

Лақап аты:   Көксу көкжалы

Туған жылы: 1989 // бойы: 189 см // салмағы: 137 кг

Туған жері:   Алматы облысы,

Көксу  ауданы, Амангелді ауылы

Спорттық атағы: спорт шебері

Спорттық жетістіктері:

Самбо күресінен Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы

Бапкері: Болат Қожахметов

Өмірлік ұстанымы: «Күшті кісі алып та жығады, шалып та жығады!»

Отбасылық жағдайы: Үйленген

Атырау облысы

Нұрбек Қожағалиев

Лақап аты:   Бәйтерек

Туған жылы: 1989 // бойы: 173 см // салмағы: 74 кг

Туған жері:   Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы

Спорттық атағы: спорт шеберіне үміткер

Спорттық жетістіктері:

греплингтен Қазақстан чемпионы

Бапкерлері: Мәлік Сүлейменов, Аманбай Қыздарбаев

Өмірлік ұстанымы: «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді!»

Отбасылық жағдайы: Бойдақ

Атырау облысы

Кенжебек Күзенбаев

Лақап аты: Шағырай

Туған жылы: 1991 // бойы: 176 см // салмағы: 130 кг

Туған жері:   Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы, Жангелді ауылы

Спорттық атағы: спорт шебері

Спорттық жетістіктері:

дзюдо күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері

Бапкері:  Аманбай Қыздарбаев

Өмірлік ұстанымы: «Малымды алсаң да, арым мен намысымды алма!»

Отбасылық жағдайы: Бойдақ

Батыс Қазақстан облысы

Арман Әбеуов

Лақап аты:   Малайсары

Туған жылы: 1982 //  бойы: 190 см //  салмағы: 125 кг

Туған жері:   Қарағанды облысы, Қаражал қаласы

Спорттық атағы: халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Спорттық жетістіктері:

самбо күресінен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы

Бапкері: Мүсілім Оңдағанов

Өмірлік ұстанымы: «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік!»

Отбасылық жағдайы: Үйленген

Батыс Қазақстан облысы

Еділ Үсенов

Лақап аты:   Орал бурасы

Туған жылы: 1981 //  бойы: 184 см /  салмағы: 106 кг

Туған жері:   БҚО, Орал қаласы,

Сырым ауданы, Қособа ауылы

Спорттық атағы: спорт шебері

Спорттық жетістіктері: самбо күресінен

Қазақстан Республикасының  IV Халық ойындарының жеңімпазы

Бапкері: Райбек Меңдіғалиев

Өмірлік ұстанымы: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол!»

Отбасылық жағдайы: Үйленген

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір