Жұма, 29 Наурыз 2024
3392 0 пікір 12 Қаңтар, 2022 сағат 14:11

Өзбек мигранттары жұмысқа шыға бастады

Қазақстан өзбек еңбек мигранттарын тарту жөнінен Ресейден кейінгі екінші орын алады. Жылда жүз мыңға жуық өзбекстандық елге жұмыс іздеп келеді.

Қазақстандағы өзбек еңбек мигранттарының айтуынша, олар елде өткен аптада болған оқиғаларға қатыспаған. Қазір жағдай біршама тыныш, еңбек мигранттары жұмысқа шыға бастады, дейді олар.

Наманган тумасы Давран Алматы қаласында тұрады. Ол осындағы бір тігін цехында жұмыс істейді. 11 қаңтарда Давран жұмысқа қайта оралды.

– Алматыда тұрамын. Бүгін қала тыныш. Автобустар жүріп жатыр. Біздің ауданда ештеңе болған жоқ. Тігін цехында істеймін. Біз полиция, прокуратура, көші-қон қызметі және темір жол қызметкерлеріне арнайы киім тігеміз. Құжаттарым дұрыс. Әзірге мені ешкім мазалаған жоқ, - дейді Давран.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуф Кабулжановтың хабарлауынша, министрлік Қазақстандағы жағдайды жіті бақылап отыр.

Қазақстандағы "Дустлик" өзбек қоғамының төрағасы Икрам Хашимжановтың айтуынша, Шымкент қаласындағы жағдай тұрақталды. Ұйым мәліметінше, Қазақстанда 800 мыңнан астам этникалық өзбек тұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594