Сенбі, 20 Сәуір 2024
2313 8 пікір 12 Қаңтар, 2022 сағат 14:03

Бақыт Сұлтанов: Түрлі тауарлар қолжетімді бағада болады

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы бойынша жедел және жүйелі шаралар қабылдау туралы айтты.

Бірінші. Азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Екінші. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингі қамтамасыз етілетін болады.

Үшінші. Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл шеңберінде импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша шаралар қабылдануда. Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі шаралар уақытылы қабылданатын болады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынды.

Төртінші. Кәсіпкерлік кодексінде шекті бағаларды қолдану құралдары көзделген. Министрдің айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, шекті бағалар тетігі қайта қаралды.

Бесінші. Сауда комитетінің қызметін функционалдық күшейтуге байланысты шұғыл заңнамалық бастамалар дайындалатын болады.

Бұдан басқа, экономиканы әртараптандыру және төлем балансын жақсарту бойынша «экспорттық тәртіп» тәсілдерін енгізу жолымен шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірленетін болады. Жақын көршілес елдермен сауданы кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады.

Сондай-ақ, Премьер-министр орынбасарының айтуынша, үкіметтің экономикалық саясаты, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталатын болады.

Abai.kz

8 пікір