Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Алаң 7128 22 пікір 12 Қаңтар, 2022 сағат 12:59

Алаяқ Әбілязовтың баяны: кімді, қалай алдады?

Бүгінде Қазақстандағы толқулардың себебі мен салдарын талқылап жазбаған газет, айтпаған БАҚ қалмады. Бірақ бұл жағдайға алғашқылардың бірі болып Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, қуғындағы алаяқ әрі саясаткер, олигарх Мұхтар Әбілязов жауап берді. Ол қазір Францияда тұрады.

Әбілязовтың өмірбаяны өте қызық және көлеңкелі тұстары жетерлік. Мұхтар 1991 жылы ғылымнан кетіп, «Мәдина» шағын кәсіпорындарының директоры болды. Екі жылдан кейін – «Астана-Холдинг» президенті.

1998 жылдың сәуірінде табысты кәсіпкер Энергетика, индустрия және сауда министрі болады. 1999 жылдың қазан айында ол қызметінен босатылды. Қаражатты жымқырды, кірісті жасырды, БЖК құру, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптар бойынша тергеуде тартылды.

2002 жылы Әбілязов қамауға алынды. Сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ кәсіпкер бір жылға жетер-жетпес түрмеде отырды, содан кейін Қазақстан президенті оған рақымшылық жасады. Рақымшылық жасау үшін Әбілязов президенттен кешірім сұрап, енді қылмыс жасамайтынын видеоға айтқан еді. Аталмыш видео әлі де ғаламторды шарлап жүр.

2003 жылы ол «Красноярскрайуголь» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, екі жылдан кейін ол «Еуразия» инвестициялық-өнеркәсіптік тобы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті болды. Артынша төрт жыл бойы БТА жиректорлар кеңесінің төрағасы қызметіне жайғасты.

2009 жылы оның қызметін заңсыз деп тауып, оны лауазымынан алып тастады. Мұхтар Әбілязов болса сот шешімі мен тергеу-тексеруді күтпестен Ұлыбританияға қашып кетті. Дәл сол жылы Ресей алаяққа қатысты іс ашты, аталмыш істің барысында қазақстандық банк 70 млн доллар қаржыдан айырылғаны белгілі болды.

Times журналы Әбілязов жайлы былай деп жазған болатын: «Әбілязовты әлемдегі ең бай қашқын санайды және ол Ресей, Украина, Қазақстанда іздеуде жүр. Мұхтар бес млрд доллар Қазақстан банкінен ұрлады деп айыпталуда. Оған қатысты Нью-Йорк соты да іс ашуы мүмкін. Ал Ұлыбритания соты болса оны елге қайтаруды сұрап отыр». Бұл жазбадан Әбілязовты әлемнің көптеген елдері алаяқтық ісі бойынша іздестіріп жатқанын нақты түсіне аламыз.

Әбілязов «қызмет бабын пайдаланып, қарамағындағы оффшорлық компанияларға коммерциялық емес несиелер беріп, миллиардтаған долларды жымқырған». Болжалды алаяқтық құрбандары арасында Royal Bank of Scotland, Barclays және HSBC бар. Олар да қашқынды күн-түн демей іздеп жүргеніне біраз жыл болды. Ал Қазақстанда Әбілязов банктен ақша ұрлағаны үшін сырттай 20 жылға сотталды.

2012 жылдың ақпанында британдық судья Тир Әбілязовты «бірнеше рет ауыр заң бұзушылықтар жасады» деп тауып, сотты құрметтемегені үшін оны сырттай 22 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ұзақ сот процесінде Тир Әбілязовты «нағыз өтірікші» деп сипаттады.

Екінші судья, лорд Кэй: «Әбілязов мырзадан гөрі сот шешімдеріне қатысты цинизммен, оппортунизммен және алдаумен әрекет еткен коммерциялық сотталушыны елестету қиын», - деді. Әбілязов бұл үкімді тыңдау үшін сотқа келмеді, деп жазады Times. Себебі ол бұл кезде Ұлыбританиядан Францияға қашып кеткен болатын.

Ұлыбритания Әбілязовті іздеу тізіміне енгізді. Еуропада экс-банкир «люкс виллаларында» жасырынып өткізген «француз кезеңін» бастады. Ол ұзақ уақыт бойы қамауға алынбау үшін қашып жүргенін Times жазды. Сайып келгенде, Әбілязов француз полициясының рейдінің нәтижесінде өзінің соңғы баспанасында – Канн маңындағы Мойн-Сарту ауылындағы алты бөлмелі үйде ұсталды.

Газет былай деп хабарлайды: «Оның Суррейдегі 100 акр болатын Оклендс саябағы сатылды, ол оған иелік еткенін мойындамады. Құны 25 миллион фунт стерлинг болатын мүлікте жабық бассейн, поло алаңы және тағы төрт коттедж болды».

2014 жылы Ұлыбритания Әбілязовке оның босқын мәртебесін алып тастау ниеті туралы хабарлаған болатын. Сол кездегі премьер-министр Дэвид Кэмерон бұл істі «Қазақстанмен жақындасу жолындағы кедергі» деп атады.

2015 жылы Франция Әбілязовты Ресейге депортациялаудан бас тартты. Сот «өтініш саяси себептермен жасалған. БҰҰ-ның құқық қорғаушылары экстрадицияланса, оны азаптауға ұшырауы мүмкін деп қорқады» деп қысқа қайырды.

2019 жылдың шілдесінде Ұлыбритания Әбілязовті қамауға алу ордерін екі жылға ұзартты, ал 2020 жылдың қыркүйегінде экс-банкирге Францияда босқын мәртебесі берілді.

Британдық депутат Дэмиан Коллинз оны Ұлыбриятанияға қайтару керек деп санайды.  Британ парламентінің депутаты «Франция оған саяси баспана бергеніне қарамастан, Әбілязовты британ сотына қайтару керек» деген ойда.

«Бірақ әзірге бүкіл Францияның мемлекеттік аппаратының салмағы оның жағында болғанда, Әбілязов - еркін адам. Ұлыбритания үкіметі мен Ұлттық қылмыс агенттігі оның ісі туралы үнсіз қалады және олигархтардың бұл қараңғы әлемінде оның құрбаны немесе зұлымдығы туралы құпия ешқашан ашылмауы мүмкін», - деп қорытындылады Times.

Әбілязов Украинада орналасқан штаб-пәтерді қаржыландырып, Қазақстандағы қазіргі көтерілісті дайындауға қатысқанын жанама мойындап, түрлі арналарға сұхбат беруде. Алайда оның бұл ісі, оған қатысты тағы бір істің ашылуына себепкер болмақ.

Ка Мырза

Abai.kz

22 пікір