Жұма, 19 Сәуір 2024
3516 3 пікір 11 Қаңтар, 2022 сағат 14:23

Тоқаев: Қорғастағы «былықты» шешу керек!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен шекарадағы кеденде болып жатқан «былықты» шешуді тапсырды.

«Бюджет кірісін арттырудың маңызды әлеуеті кеденде тәртіп орнатуда жатыр. Әсіресе Қытаймен шекарада. Ол жерде болып жатқан нағыз «былықтың» бәріне белгілі екені рас. Көліктер тексеріліп жатқан жоқ, салықтар мен баждар төленбейді. Айна статистикасындағы Қытай кеден органдарымен айырмашылықтар миллиардтаған долларға жетті. Мәртебесі қорғалған кейбір уәкілетті операторлар бар. Еліміз ондаған миллиард теңге салық төлеуде. Бұлай болмайды, - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Президент Қаржы министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, кешенді тексеру жүргізіп, кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді Бас прокуратураға тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, ресми сауда айналымдағы айырмашылық мәселесі бұрыннан айтылып келеді. Бұл мәселе 2017 жылғы маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесуде де қарастырылған болатын.

«Қытай шекара деректері бойынша тауар айналымы 46 пайызға, біздің деректер бойынша 30 пайызға өсті. Айырмашылық неде екенін білмеймін? Әр түрлі есептеу әдісінен бе?»- деген болатын Қазақстан Президенті Си Цзиньпинге.

Abai.kz

3 пікір