Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2768 0 пікір 6 Қыркүйек, 2012 сағат 06:12

Шәріпхан Қайсар. Қазақ тіліне бөлінген қаражат қайда кетіп жатыр?

Қолымызға 2006 жылдың мемлекеттік бюджет жобасын әзірлеуге ұсыныс білдірген мәжілісмендер Мұқтар Шақанов пен Амангелді Айталының парламенттегі ұсыныс парағы түсті. Бұл кісілер өз ұсынысымен, шамасы сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген тіл бюджетін 488467000 теңгеден 531533000 теңгеге дейін ұлғайтуға күш салып, тілдерді (дұрысы, мемтілді) дамыту бабы бойынша түзету парағына жылдық бюджет көрпесін 1 миллиард 200 миллионға дейін арттыруға тартқылапты. Бұл сол кездегі жетім қыздың күйін кешкен тіл жағдайын жақсартуға деген алапат күш болатын.

Аталмыш параққа зер салсақ, Мұрат Әбенов секілді електрон кеңістікте қазақ тілін дамытуға күш салып жүрген бүгінгі депутаттардың мына мәселелері сол кезде нақты сомалармен көмкеріліпті:

- Мемтілді жеделдетіп оқыту орталықтарын құру;

- Оқытудың озық әдістемелерін құру;

- Мемқызметкерлерге мемтілді тегін оқыту;

- Қоғамдық ұйымдарды мемтілді дамытуға жұмылдыру;

- Диаспоралар тілін дамыту;

- Оралмандарды тілдік бейімдеу;

- Шетелдік қазақтарға қазақ тілін оқыту;

- Республикалық жеделдетіп оқыту орталығының Веб-порталын құру;

- Электрондық әмбебап қазақша-орысша,орысша-қазақша сөздіктер жасау;

- иОномастикалық біртұтас электрондық мәлімет қорын жасау;

- Жергілікті бюджеттерге мемтілді оқытушыларға үстеме ақы төлеу мақсатын орындау;

- Қазақша компьютерлік сауат ашу курстарын ұйымдастыру;

- Электрондық өрісте қазақтілді хат-хабар алуды дамыту т.с.с. қыруар мәселені қамтыған.

Әрине, бұл жобаның сол күйінде қабылданбағаны белгілі, десек те, сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев тұсында, яғни, 2006 жылы тілге бұрын-соңды болмаған қыруар қаржының бөлінгені рас. Бірақ «Жиенқұлға келгенде шықпайды үнім... » демекші, бұл қаржының нәтижесі мен тиімділігін атағанда, ауызымызға құм құйылғандай күй кешеміз. Және де бірнеше жыл бұрынғы мәселе жаңа сайланған «жаңа» парламентте қайта жаңғырып көтеріліп отырады. Тіпті, қаржы да қайта бөлініп отыратын секілді. Қаржының есебін нақты айтуға қолымызда ақпар жоқ, оның есебін беретін үкімет жоқ, сұрауға парламент үнсіз, қауқарсыз. Қайран, қазақтың ақшасы! Қайран, қазақтың тілі, кім көрінгенге қор болған!

«Абай-ақпарат»

0 пікір