Сенбі, 20 Сәуір 2024
2668 1 пікір 11 Қаңтар, 2022 сағат 12:45

Президент: LRT о баста қате жоба болатын

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын тағы да сынға алды.

"LRT құрылысы инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Бұл алғашынан қате жоба. Оңтайлы шешім қабылдау керек, бұза салу ақша мен уақыттың жоғалғанын білдіреді", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Президент әрі қарай құрылыс жүргізу үшін отандық сәулетшілер мен урбанистерді шақыруды тапсырды.

Abai.kz

1 пікір