Сейсенбі, 25 Қаңтар 2022
Шолу 1716 0 пікір 10 Қаңтар, 2022 сағат 12:35

Әлемдік БАҚ не дейді?

The Guardian:

Қазақстандағы наразылықтар: Мәскеу басқаратын альянс «бітімгершілік күштерін» жібереді. Ресей басқаратын «бітімгершілік күштері» альянсы ел Президентіне Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін көмекке жіберілетіні сәрсенбі күні кешке хабарланды. Жанармай бағасының өсуі жаппай наразылық тудырғаннан кейін арты қақтығыстарға ұласты.

Қазақстандағы оқиғалар әлемдік қауымдастықтың Украинадағы Ресей интервенциясына назары ауып отырған кезде орын алды. Ресейдің тағы бір көрші елі саяси тәртіпсіздіктерден зардап шегіп, Мәскеудің алаңдаушылығын тудыру мүмкін. Қазақстан мен Ресей экономикалық одақтасады және екі елдің шекарасы да ұзын.

ҰҚШҰ қанша әскер жіберілетіні және олардың елде қанша уақыт болатыны белгісіз. Кремльден ешқандай түсініктеме болған жоқ, бірақ Ресей парламентінің депутаты Леонид Калашников «Интерфакске»:  «әскерлер Қазақстан Президенті қаншалықты қажет деп санағанша қалады», - деп мәлімдеді. Ол, негізінен олар елдегі «инфрақұрылымды» қорғаумен айналысатынын айтты.

 

BBC: Қазақстан: «Зорлық-зомбылықтың артуы билік үшін күреспен байланысты».

«Қазақстандағы зорлық-зомбылық билеуші элитаның ішіндегі билік үшін күреспен байланысты деген болжамдар көбейіп келеді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласынан репортаж жүргізген BBC тілшісі Стив Розенберг. Билік өткен аптада елді дүр сілкіндірген тәртіпсіздіктерді тергеу аясында 5000-нан астам адам қамауға алынды.

Aljazeera: Қазақстан: тәртіпсіздік кезінде 160-тан астам адам қаза тапты, 5000 адам қамауға алынды. Бір апта бұрын жанармай бағасының өсуі провинциялық аудандарда тәртіпсіздіктерді тудырды, бірақ зорлық-зомбылық ірі қалаларға тез таралды.

Жексенбіде Ресейдің Sputnik ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, 164 адам, оның ішінде екі бала зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапты деп хабарлады. Қатігездік ең қатты болған Қазақстанның ірі қаласы Алматыда 103 адам қаза тапқаны айтылған.

«Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде жағдай тұрақтанды», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев,»елдегі тәртіпті қалпына келтіру бойынша терроризмге қарсы операция жалғасуда», - дейді ол. Грузия астанасы Тбилисиден хабар таратқан «Әл-Жазира» тілшісі Робин Форестье-Уокер қаза тапқандар саны алдағы уақытта көбеюі мүмкін екенін күтілетінін айтқан.

«5 және 6 қаңтарда бірнеше сағатқа созылған ұрыс, зорлық -зомбылық және пулемет атысы мен жарылыстардың көлеміне байланысты өлім саны артады деп ойлаймыз», - деді ол. «Сонымен қатар, антитеррористік операция әлі де бүкіл ел бойынша жалғасуда, Қазақстан үкіметі жағдайды қалпына келтіруге тырысып жатқан өте үлкен операция жүріп жатыр. Салыстырмалы түрде Қазақстанның басты қаласы Алматыға тыныштық қайта оралғандай көрінді, ал полиция кейде оның орталық алаңына жақындап келе жатқан адамдарды тоқтату үшін ауаға оқ жаудырады». Елдің ІІМ «Барлығы 125 жеке тергеу аясында жауап алу үшін 5135 адам ұсталды», - деп хабарлады.

Ескерту: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 164 адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты терістеді.

CNN: Қазақстанда қаза тапқандар саны күрт өсті: 164 адам қаза тауып, мыңдаған адам наразылық білдіру барысында ұсталды. Осы аптада Қазақстандағы тәртіпсіздік елді түгелдей қамтып, қаза болғандар саны артты. Соңы зорлық-зомбылыққа ұласқан бұл тәртіпсіздікте кем дегенде 164 адам қаза тауып, 5000 адам ұсталды.

Соңғы күндері арты өлімге апарған Орталық Азия еліндегі болған наразылық үкіметтің отставкаға кетуіне және тәртіпсіздікті болдырмау үшін Ресей басқаратын әскери одақтың сарбаздары шақыртылып, төтенше жағдай жариялануына алып келді.

Жексенбіде Қазақстанның мемлекеттік БАҚ елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, «Қазақстанда наразылықтарға қатысты күдікпен кем дегенде 5135 адам ұсталды», - деп хабарлады. Сонымен қатар, «полиция зорлық-зомбылық фактілері бойынша, оның ішінде зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, тонау бойынша 125-ке жуық қылмыстық іс қозғады», деп хабарлайды мемлекеттік БАҚ.

CNN мемлекеттің берген мәлімдемесін тексере алмады. Жексенбіде өткен брифингте ҰҚШҰ генерал-қолбасшысы Андрей Сердюков: «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің "бітімгершілік" күштері Қазақстанға толығымен көшірілді және қазіргі уақытта ел аумағында толығымен әрекетке қабілетті», - деп хабарлады.

«Еуропа Одағы Қазақстандағы кең көлемді зорлық-зомбылық әрекеттерін «қатаң айыптайтынын» және сыртқы әскери көмек елдің «егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеуі керек», - деп мәлімдеді сенбіде ЕО сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррел. «Адамдардың қаза тапқаны өте өкінішті және біз кең ауқымды зорлық- зомбылық әрекеттерін қатаң айыптаймыз», - деді ол.

Deutsche Welle:

Қазақстандағы саяси дағдарысты тудырған наразылықтар толқынынан кейін 6000-ға жуық адам қамауға алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде: «ұсталғандардың арасында шетелдік азаматтардың едәуір саны бар», - делінген.

Ресей Тоқаевтың көмек туралы үндеуіне жауап беріп, онда бірнеше мың сарбазды жібергеннен кейін, елдің ірі қаласы –Алматыдағы жағдайды едәуір бақылауға алынды.

«Жағдай еліміздің барлық өңірлерінде тұрақтанды», - делінген Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Жексенбіде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ-тың ABC News басылымына: «жеңілгенше ату (shoot-to-kill order)» туралы бұйрық дұрыс емес және оны одан бас тарту керек», - деді.

Өткен демалыс күндері жанармай бағасының күрт өсуінен кейін азаматтар көшеге шықты, бірақ наразылықтар тез өсіп, бірқатар экономикалық және саяси наразылықтарды қамтыды. Олардың ашулануының бір себебі – елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бағытталған, ол 1990 жылдардың басында Кеңес Одағы ыдырағаннан бері елді басқарып, содан кейін отставкаға кетіп, Тоқаевты 2019 жылы өзінің мұрагері етіп тағайындады.

Алайда, Назарбаев елдің мықты Қауіпсіздік Кеңесін бақылауды сақтап қалған болатын. Ол Тоқаевпен осы аптадағы тәртіпсіздіктер кезінде ғана құлатылды.

Айжан Темірхан

Abai.kz

0 пікір