Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2538 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 09:09

Қазақта жоқ фашизмнен қорыққандар

Осы аптада «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Антифашистік комитет» атты қоғамдастық құрылғаны туралы ақпарат тарады. «Біз Қазақстандағы қазақтарға немесе басқа да этникалық топқа қарсы шықпаймыз. Біз - интер­националистерміз. Біз - Отанымыз Қазақстанды - ұлттық белгісі бойынша шектелмейтін полиэтникалық мемлекет ретінде санаймыз», - деп жазған. Оны қазақстандықтар құрған. Әкімшісі Михаил Пак деген журналист екен. Ал біз осы топтың қандай мақсатпен құрылғанын, олардың қандай фашизмнен сақтанғысы келетінін білмекке
талпындық.

Ғаламтор желісінде «Антифашистік комитеттің» құрылғаны жөніндегі ақпаратта оның құрамында Данияр Әшімбаев, Андрей Чеботарев сынды белгілі саясаттанушылар бара екені айтылыпты. Алдымен Чеботарев мырзаға хабарласқанымызда, ол мұндай қоғамдастыққа мүлдем мүше болмағанын, өзін әлгі «комитеттегілер» сыртынан қосып қойғанын жеткізді. «Мені сыртымнан осындай қоғамдастықтардың талайына мүше етіп қойған» дейді ол. «Бақсақ, бақа екен» демекші, оған тіпті Данияр Әшімбаев та мүше болмай шықты. Ол «Мені алдын ала ескертпестен қосып қойыпты. Одан сол күні-ақ шығып кеттім. Біріншіден, мен сондай қоғамдастықтарға кіргенді ұнатпаймын. Өзінің аты да ұнамады. Ондай қоғамдастықтың күніне он шақтысы құрылып жатыр. Ал мынаны қарадым да, ұната қоймадым» - деді.

Бұл қоғамдастықтың өзін тәуелсіз журналист санайтын Андрей Щербаков деген тағы бір әкімшісі бар екен. Оның өзі бұл топқа орта жолдан келіп қосылыпты. Яғни ғаламтор желісіндегі «Антифашистік комитетті» о баста кім құрғанын ешкім білмейді.
А.Щербаков «кімнің фашист, кімнің фашист еместігін анықтап беру басты мақсатымыз емес» дейді. «Бізде сонда фашистер бар ма?» деген сұраққа ол тікелей жауап бере алмады. «Бізде кез келген кезеңде жұртты алаңдататын элементтер мен жағдайлар болады. Бұл ақыр аяғында фашизмге әкеліп тіреуі мүмкін. Біздің міндетіміз - осының алдын алу. Өз қөзқарасымыз бойынша осы тұрғыдағы ел заңдарына қайшы келетін пікірлерді саралап, талдап отырамыз. Заңда ұлтаралық дүрдараздықты ушықтыру мәселесі нақты қаралған. Бұл тұрғыда эмоциямен айтылған сөздерді құқықтық жағынан саралаймыз. Осыдан кейін заңға қайшы деп табылғандарын құқық қорғау орындарының назарына ұсынамыз» дейді тәуелсіз журналист.
Осылайша бұлар елде жоқ фашизмнен алдын ала сақтануда. Ал ұлт мәселесін жиі көтеріп жүрген әріптестеріміз, ұлтшыл патриоттарымыз солардың көрсетуімен 37-ші жылғыдай берісі итжеккенге айдалып, арысы атылмақ па? Мыналардың қадамынан соны байқап шошисыз. Енді ұлттық мәселе көтеріп жазған мақалаңыз әлдебір құқық қорғау орны қызметкерінің үстелінің үстінде жатса, таң қалмаңыз. Ғаламтор желісінде болса да, әлгіндей топтың құрылуы бізді осындай сөз сабақтауға мәжбүрлеп отыр. Ойымызды белгілі саясаттанушы Дос Көшімнің пікірімен түйіндегенді жөн көрдік:
- Өз басым мұны ешбір дайындықсыз жасалған арандату шарасына ұқсатамын. Себебі, оның ешқандай негіздемесі жоқ. Мұндай жағдай қазақ елінде әлі болмаған. Болатын жағдай деп ойламаймын да. Қаншама жылдан бері ұлтшылдардың арасында жүрмін. Сонау 90-шы жылдарда «Азат» құрылғаннан бастап бір де біреуінің аузынан фашистік бағыттағы сөз шыққан емес. Осы мәселе жеке жағдайда да, ұйымдық деңгейде де қарастырылып көрген жоқ. Сондықтан жоқ нәрсені қолдан жасау - өте қауіпті қадам. Бұл қоғамды екіге жаруға арналған іс-әрекет деп ойлаймын. Осындай қоғамдастық құруға себеп болатын жағдайды мен көре алмай тұрмын. Осы фашистік бағытта біреуге іс қозғалды дегенді де естімедік. Меніңше, олардың мақсаты - ұлттық бағыттағы ой-пікірге бұғау салу. Ұлттық мәселемізге басқа бір реңк бергісі келеді. Олар сол топты құрудағы мақсатын халыққа дұрыстап жеткізуі керек еді. Бірақ ондай жағдай байқалмайды.

Елдос ӨМІРЗАҚҰЛЫ

"Жас қазақ" газеті

0 пікір