Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2540 0 пікір 3 Қыркүйек, 2012 сағат 12:13

Жаңа маусымды жас таланттар ашты

Жаңа маусым қызықты оқиғаларға, тартысты ойындарға толы. Солардың бірін бүгін назарларыңызға ұсынамыз. «Меломен» тобының жігіттері  Жұбаныш Жексенұлының ән емтиханынан өтті. Сахнада бірге өнер көрсетіп жүрген топтың мүшелері бұл ойында бір-бірімен текетіреске түсті.

Жас әншілер халыққа өз өнерлерін барынша көрсетуге тырысты. Думанның тағы бір жаңалығы - бағдарламаны әсем әнмен әрлейтін халықаралық «Алтын шлягер» байқауының жүлдегерлері «Достар» тобы жаңа маусымда өз жұмыстарын бастап та кетті.

Ойыншыларға келетін болсақ, алғашқы айналымда Ролан мен Ғабит бастаған топтың жігіттері әндердің тақырыбын таңдаумен айналысты.  Жігер мен Қайрат бастаған топ сол әндерді шапшаң тауып үлгерді. Ойын үшінші айналымда қыза түсті. Өйткені, бұл айналымда екі топтың ұпайы тең түсті. Барлығы соңғы айналымды күтуде.

Шешуші кезең - төртінші айналымда Әлия Әбілқайырдың жасырған әнін табу қатысушылар үшін оңай болған жоқ. Бірақ, сақадай сай дайындалып келген қатысушылардың бірі жеңімпаз атанды. Ол жеңімпаздың кім екенін сейсенбі күні сағат 15:20-да Қазақстан Ұлттық арнасынан біле аласыздар.

0 пікір