Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2675 0 пікір 3 Қыркүйек, 2012 сағат 09:51

Әли Секел. Отан сатылмайды!

Қырғыздар өз елдерін, туған жерлерін шынайы сүйтіндерін, рухы биік халық екенін тағы бір рет дәлелдеді.

28 тамыз күні Қырғызстанның Қоғамдық телеарнасы тікелей эфирде елдегі 11 алтын және 1 көмір кен орнын ашық аукцион арқылы саудалауды көрсетіп жатқан. Оған қатысуға Әзірбайжан, Түркия, Қытай, ресей және Польшаның инвесторлары ниет білдірген болатын. Кейбір дерек көздеріне қарағанда соңғы кезде Қырғызстан экономикасына көп ақша салып жүрген қазақ билігіндегі бір дөкейдің де компаниясы осы аукционға қатысуға ниет білдірген. Сауда енді қыза бастағанда студияға шамамен жүз шақты адам басып кіріп «Отанымыз сатылмайды, табандарыңды жалтыратыңдар» деп инвесторларды арттан теуіп айдап шыққан.

Жергілікті халық бұған дейін де алтын өндіріп жатқан инвесторлармен кикілжіңдерге келіп жүрген. Себебі инвесторлар жайлымдарға, өсімдіктер дүниесіне аяусыз зиян тигізіп, бастаулар мен өзендерді былықтырға, әрі алтын кендерін иемдену барысында сыбайлас-жемқорлыққа жол беріп, қырғыз шенеуніуктерін сатып алған.

Қырғыз парламенті шілде айында алтын өндірісінде басты ойыншыға айналған Centerra кәсіпорынын табиғи мұздақтарды былықтырғаны үшін, тау қойнауларын ластап, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізгені үшін айыптаған болатын.

Мына аукционға қатысуға ниет білдірген компаниялар жарна ретінде жарты миллион долларға жуық  қаражат төлеген. Ол ақша қайтарыла ма белгісіз. Қырғыз шенеуніктері аукционды әлі де өткіземіз деп үміттендіріп отыр.

Әттең, біздің қаншама байлығымыз қолды болып жатыр. Бұның қалай деген бір қазақ болсашы. Ей, қазағым, қалай десең де қырғыздың рухы сенен биік болып тұр.

Ал сенің Елбасың елдің рухының биіктігін, бірлігін немен өлшегенін естідің бе? Естімесең, айтайын, жақында елімізде тұңғыш рет донор жүрегін сырқат жанға салатын операция өткен. Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев мұны біздің елдің бірлігін білдіретін көрсеткіш деп мақтанды. Менің айтар сөзім жоқ! Ал сенің ше, бауырым?!

«Маса-ақпарат»

0 пікір