Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2961 0 пікір 1 Қыркүйек, 2012 сағат 12:30

Мұнайдар Балмолда. Телеарналардан облыстық театрлардың жұмысын да көрсетуге болады

Республикалық телеарналар «Хабар» мен «Ел арнадан» Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы театр қойылымдарын жиі беріп жатады. Қойылымды телеарнадан тамашалау деген онша жақсы нәрсе де болмас, бірақ бұл үрдістің де өзіндік жақсы жақтары бар білем. Алдымен бұл театр ұжымына шабыт, тың серпін береді, жауапкершілігін, ізденімпаздық қасиетін арттырады.

Қазір Алматыдан алыстағы ауыл-аумақтардағы ел-жұрт телеарна арқылы атақты әртістеріміздің өнерін көріп, жанға рухани азық алып отыр. Осы жақсы үрдісті тек Алматымен шектемей облыстардағы театрларға жұғыстырса, яғни облыстық театрлардың қойылымдарын сапалы деңгейде түсіріп алып,  республикалық арналардан көрсетсе, игі іс болар еді.

Мәселен, Батыс Қазақстан облыстық драма театрының жұмысы, ондағы ұжымның халыққа ұсынып жататын қойылымдары алматылық театрдан кем соқпайды. Республика жұртшылығының назарына ұялмай беруге болатын көркем дүниелері мол. Біз де облыстық театрлар ұжымының үлкен арнадан көрініп, елге танылғанын қалаймыз. Бұл бір жағынан көрермен халыққа жақсы және әртістердің өсуіне, ұжым-ұжымның өзара жақсы сайысқа түскендей түлеп, дамуына бір сеп болған болар еді.

Батыс Қазақстан облысының қазақ драма театры өзінің ашылған күнінен бастап бұқараның көзайымына айналды. Мұндағы ұжымның қолынан классикалық дүниелерден бастап, эксперименттік тұрғыдағы қойылымдарды сахнаға  шығару әбден келеді. Бұған көрерменнің көзі жеткен. Басқа-басқа төл театрымыздың табалдырығын қазақ жастары тоздырарына мен кәміл сенемін.

Орал қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір