Жексенбі, 31 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 10382. Жазылғандар — 5220. Қайтыс болғандар — 38
Жаңалықтар 1706 0 пікір 1 Қыркүйек, 2012 сағат 12:16

Қуандық Шамахайұлы. «24KZ» үшін Си-Эн-Эн туралы бірер сөз

Cонымен, Қазақстанда тәулік бойы хабар тарататын «24KZ» жаңалықтар телеарнасы жұмысын бастады. Бұл біздің мәдени өміріміздегі аса елеулі жаңалық. Мәдениет және ақпарат министрі өзі қатысқан брифингтің куәсі болдық. Жаңадан жасақталған журналистер ұжымын да көрдік. Министр Дархан Мыңбай тұсауы кесілген жаңа арнаны Би-Би-Си, Си-Эн-Эн сынды әлемдік ақпарат алпауыттарына теңеді, Орта Азиядағы тұңғыш телеарна әрі әлемдік стандартқа сай халыққа қызмет көрсететіндігін де қадап айтты.

Осы орайда, сала министрінің ерекше атап айтқан Би-Би-Симен етене таныстығымыз болмаса да, Си-Эн-Эн телекомпаниясын көзбен көріп, іс қызметімен танысқан қатардағы журналист ретінде және жаңа шығармашылық ұжымның жұмысын ұтымды ұйымдастыруға қажеті бола ма, тым құрығында әріптестерге ой салар ма деген ниетпен оның ішкі құрылымының кейбір жай-жапсарын тілге тиек етуді жөн көрдім.

Си-Эн-Эн өздеріне тағылымдамаға келген кез-келген елдің журналисін алдымен ең   үстіңгі   қабаттағы басқару пункті залының жұмысымен таныстырады. Ақпарат алпауытының жұмыс кабинеттерінің дені осы жоғарғы қабаттарда орын тепкен. Ал, бірінші қабатында телекомпанияның көрме залдары, сувенирлік заттар сататын дүкендері, ресторан, асханалар өзге де қызмет көрсету орындары жайғасқан.

Басқару пункт залы дегеніміз - Си-Эн-Эннің негізгі бөлігі. Себебі, бұл хабар тарататын ең соңғы нүкте. Яғни осы зал арқылы соңғы жаңалықтар мен бейнесюжеттер әрбір шаңыраққа сол сәтінде жетіп жатады. Онда барлығы 99 бейнеэкран орналастырылған. Солардың ортасындағы ең ірісінде сол сәттегі тікелей эфирдегі бағдарлама көрсетіліп тұрады. Ал, оның 20 раутері бойынша сол сәтге жұмыс жүріледі. Айталық, оның бірі Ақ Үйді тікелей студиямен байланыстырса, енді бірі күнделікті репортаждарды жер серігі арқылы бүкіл әлемге таратады. Си-Эн-Эн бір ғана арнадан тұрмайды, оның жарнамасыз тек кана ақпараттық хабар беретін арнайы арналары да бар. Мұнда әдетте 6 адам тұрақты бағдарламаны қадағалап, оның талапқа сай әрі техникалық ақаусыз жіберілуіне жауаптанады. Ал, маңызды оқиғалар жөнінде жедел хабарлар таратылатын кезде 15 адам тынымсыз жұмыс істеуге тура келеді. Оның төменгі қабатында ауа райын хабарлайтын арнайы студия жұмыс істейді.

Келесі қабатында - Жаңалықтар мен шолулар бөлімі бар. Кейбл Ньюз Нетуорк яғни Си-Эн-Эннің штаб-пәтеріндегі ең негізгі бөлім осы. Оның алғашқы хабары 1980 жылы шілденің 1-інде алғаш эфирге шығып, АҚШ-тың 1,7 миллион отбасымен жүздескен. Ал, бүгінгі таңда Си-Эн-Эн-ді АҚШ пен Канадада 80 миллионнан астам отбасы көреді.

Бұл бөлім тәулік бойы яғни 24 сағат, апта бойы яғни жеті күн үзіліссіз жұмыс істейді. Сондықтан мұнда әр кезде 100 адам   кезек алмасып,хабардың үзіліссіз жүрілуін қамтамасыз етеді. Ел өмірінде болып жатқан әрбір елеулі  оқиғаны түн-күн демей дамылсыз хабарлап, көрермендерге жеткізеді. Төтенше жағдай бола қалған кезде студия қызметкерлерінің саны 200-ге дейін ұлғайтылады. Әрбір адамның жеке-жеке атқаратын маңызды міндеттері болады. Расында, теледидар алдындағы көрермен үшін даяр дүниені оп-оңай айта салып жатқан сияқты керінетін, былайғы жұртқа бәрі жеңіл сезілуі мүмкін телевизия жұмысының қаншалықты қиын екенін осыдан-ақ байқауға болар.

Жаңалықтар бөлімі ақпарат жинау және оны өңдеу деген екі негізгі топтан тұрады екен. Залдың оң жақ тұсында ақ түсті алты стол қойылған, онда қатар-қатар отырған қызметкерлер факс арқылы, электрондық пошталармен келіп түскен ақпараттарды өңдеумен бас алмай айналысады. Олармен жұмыс кезінде сөйлесуге, қастарына баруға қатаң тиым салынған. Себебі әрбір минут, секунд алтыннан қымбат.

Жалпы мұндағы журналистер екі ірі топқа бөлінеді. «Жүгіретіндер» яғни, ақпаратты жер-жерден жедел әкеліп жеткізетін репортер тілшілер. «Отыратындар» яғни, келген ақпаратты дереу өңдеп, жөндейтін, студиядағы тележүргізуші, дикторлерге жөнелтетін редакторлар тобы. Тілшілер тобы кілең жастардан, ал, редакторлайтындар жасамыс тәжірибелі журналистерден жасақталған.

Си-Эн-Эннің 35 бюросы бар. Оның 10-ы АҚШ-та, 25-і шет елдерде жұмыс істейді. Оның сыртында телекомпанияның тағы 700 өкілі бар, олардың 500-і Құрама Штатта болса, 200-і халықаралық аренадан ақпарат жолдап тұрады. Енді оған Ройтерс, АП, ЮПИ секілді алып ақпараттық агенттіктерді косыңыз. Эфирден тек қана бүгін, ертең немесе таяу болашақта деген сөздер естілетіндігіне зер салсақ, олардың уақытпен жарысып жұмыс істейтіндіктерін сезіну қиынға соқпайды.

Эфирге шығатын жаңалықтарға продюсерлер сапалық сұрыптау жасап отырады. Репортаждардың деректік және грамматикалық қателерін редактор қадағалап, өңдеп, жөндейді.

Одан төменде Хедлайн Ньюз деген арна бар. Бұл арна өз бағдарламасын алғаш 1982 жылы Си-Эн-Эн-2 деген атпен бастап кейін атауын Хедлайн Ньюз деп өзгертіпті. Мұны қазір АҚШ-та 70 миллион отбасы күн жаңалықтарын жарты сағаттық уақытпен жедел хабарлап тұратындығы үшін тұрақты көреді екен. Хедлайн Ньюздің басты мақсаты хабарды көрерменге жедел әрі кысқа да нұсқа жеткізу. Сондықтан әрбір сөйлемде жаңа мағлұмат болуы қажет.

Сондай-ақ, осы алып телекомпанияда Си-Эн-Эн Интернэшнл, Си-Эн-Эн Аэропорт, Си-Эн-Эн Интерактив, Си-Эн-Эн Спорт, Си-Эн-Эн  Эспаньол деген дербес арналармен қатар классикалық фильмдер, мультфильмдер, шоу бағдарламалардың жеке студиялары тағы бар. Олардың бәрі туралы айтып шығу тіпті мүмкін емес.

Си-Эн-Эн Интернэшнл арнасы өз бағдарламаларын ағылшын тілді туристерге арнап Еуропаның мейманханаларында көрсету мақсатымен 1985 жылдан бастаған. Қазір оны Азия, Латын Америка және Еуропаның 212 елінде 150 миллион көрермен көреді деген ресми дерек бар. Осы секілді Си-Эн-Эн Эспаньол - испан тілді латын американдықтарға арналса, Си-Эн-Эн Аэропорт - АҚШ-тың ең ірі 33 әуежайында апта бойы тәулік сайын 21 сағаттық хабар беріп, жолаушылар мен саяхатшылардың көңілінен шығады.

Қысқасы, бір Си-Эн-Эннің жалпы құрылымының өзі осындай. Жұмыс күші де айтарлықтай алып, жаңалықтарын дайындап эфирге шығарып таратуда да өзге арнаны қайталамайтын, тек өз ақпараттары арқылы мен мұндалап тұратын шынымен әлем ақпаратының алпауыт күші. Ал, оның бір ғана студиясымен салыстырғанда біздің «24KZ» арнаның журналистер тобы тым шағын әрі кілең жастар көрінді. Бәлкім, кейін ұлғайып қатарлары өсе жатар. Си-Эн-Эннің құрылымдық ұйымдастырылуынан да, шығармашылық іс тәсілдерінен де үлгі алар деп үміттенеміз. Алайда, ең бастысы өзгенің емес, өзінің ана тілінде берер жаңалықтары мол болғай!

Жаңа арнаның ісі ілгері болсын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір