Жексенбі, 31 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 10382. Жазылғандар — 5220. Қайтыс болғандар — 38
Жаңалықтар 1826 0 пікір 1 Қыркүйек, 2012 сағат 12:05

Дос Көшім. Шығыс және Орталық аймақтардағы қазақ тілді мектептердің проблемалары

Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшімнің баяндамасы. Баяндама «Қоғамның білім беру саласындағы саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысуы» атты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім беру салысындағы қоғаммен байланыс жөніндегі Кеңес отырысында жасалған .

24 тамыз, Астана қаласы.

Шығыс және Орталық аймақтардағы қазақ тілді мектептердің проблемалары

 

Құрметті Кеңес отырысына қатысушылар! Құрметті министр мырза!

 

Менің баяндамның тақырыбы - қазақ жерінің шығыс және орталық аймақтарындағы қазақ тіліндегі мектептердің жағдайы және проблемалары. «Ұлт тағдыры» қозғалысы биыл Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының аудан орталықтары мен ірі елді мекендерінде кездесулер өткізіп, қазақ мектептерінің жай-күйімен танысты. Меніңше, бұл мәселені бүгінгі отырысқа қатысып отырған мамандар да бір кісідей біледі деп ойлаймын.

Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшімнің баяндамасы. Баяндама «Қоғамның білім беру саласындағы саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысуы» атты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім беру салысындағы қоғаммен байланыс жөніндегі Кеңес отырысында жасалған .

24 тамыз, Астана қаласы.

Шығыс және Орталық аймақтардағы қазақ тілді мектептердің проблемалары

 

Құрметті Кеңес отырысына қатысушылар! Құрметті министр мырза!

 

Менің баяндамның тақырыбы - қазақ жерінің шығыс және орталық аймақтарындағы қазақ тіліндегі мектептердің жағдайы және проблемалары. «Ұлт тағдыры» қозғалысы биыл Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының аудан орталықтары мен ірі елді мекендерінде кездесулер өткізіп, қазақ мектептерінің жай-күйімен танысты. Меніңше, бұл мәселені бүгінгі отырысқа қатысып отырған мамандар да бір кісідей біледі деп ойлаймын.

Тәуелсіздік қайта оралғанан кейінгі жылдары ұлттық жаңғыру мәселесі сөз болса, біздің ресми органдар қанша қазақ мектебінің, қанша балабақшаның пайда болғанын тілге тиек етеді. Иә, осы жиырма жылдың ішінде қазақ тілінде білім беретін 800 дей мектеп ашылыпты. Егер 50-60-жылдардағы тың игеру кезінде 800-дей қазақ мектебінің жабылғанын есімізге алсақ, біз қазақ мектептерінің саны жөнінде 61-жылдың деңгейіне енді ғана жетіппіз. Бұл мақтануға тұрарлық дерек емес.

 

Осы жиырма жылдың ішінде Алматыдағы қазақ мектебінің саны 54 есе өсіпті (Бұрын бір ғана мектеп болса, қазір 54 қазақ мектебі бар). Ал Шығыс, Солтүстік, Орталық аймақтарда, біздің тілімізбен айтқанда, орыс тілді өңірлердегі қазақ мектептерінің саны да, сапасы да сын көтермейтін деңгейде. Алыс ауылдардан аудан орталықтарына, өндірісті елді мекендерге қазақ азаматтарының көшіп келуінің тоқтайтын түрі жоқ, бірақ оларға арналған қазақ мектептері жоқтың қасы, сондақтан олар амалсыздан балаларын орыс тіліндегі мектептерге беруде.  Өйткені кейбір аудандарда қазақ мектептерінің саны 1991 жылдың деңгейінде қалған... Әрине, бұл жердегі басты мәселе -  азаматтардың (оның ішінде, қазақтардың) әлі де болса, мемлекеттік тілдің болашағына деген сенімдерінің жоқтығы... Бұл психолгиялық мәселені шешу тек қана мемлекеттің жұмысы емес, азаматтық қоғамның, бірінші орында, ата-аналардың да міндеті екенінде талас жоқ. Алайда азаматтардың балаларын қазақ тіліндегі мектепке бермеулерінің басқа да себептері бар. Мен осы мәселелерге қысқаша тоқталып кеткім келеді:

  • Тәуелсіздік кезеңінде аралас мектептердің көбейгені ешкімге құпия емес. Ол жерде сабақтан басқа іс-шаралардың барлығының басқа мемлекеттің мемлекеттік тілінде жүргізілетінін бәріміз білеміз. Балаларын қазақша үйреткісі келген көптеген ата-ана осындай жағдайды көргеннен соң, «балаларымыз шала орыс не шала қазақ болғанша орысша оқығандары дұрыс» деген пікірге саяды. Бұдан шығатын жол біреу-ақ сияқты. Ол аралас мектептердегі оқу тәрбие жұмыстарының, бірінші кезекте, қазақ тілінде жүргізілуі. Тек қана бір тілде - орыс тілінде жүргізілуге тиым салынуы қажет. Көрнекі құралдар, сабақ кестелері де осы талапқа кіреді. Үйірмелердің барлығына да осы талап қойылуы шарт. Ең бастысы, мектептің директоры міндетті түрде қазақ тілін толық меңгерген маманы болуы керек. Егер бұл мәселелер шешілмесе, аралас мектептерді орыс тіліндегі мектептердің қатарына жатқызуға толық болады.
  • Қазақ мектептерін салуды жоспарлағанда, оның орналасатын жеріне ерекше көңіл бөлуіну қажет. Орыс тілді елді мекендерде, қазақ мектептерінің (олар өте аз, балалар жан-жақтан жиналады) орталықта орналасқаны дұрыс. Елді мекеннің жан-жағында бытырай орналасқан оқушылардың келіп кетуі мәселесін осылай шешуге болады. Ал біздер мониторинг жүргізген елді мекендерде, керісінше, қазақ мектептерінің көпшілігі елді мекеннің шетінде орналасқан. Қаланың бір шетінен екінші шетіне қатынаудың қиыншылығынан көптеген ата-ана балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр болады. Әрине, бұл мектептер Кеңес өкімет кезінде, қазақ халқының, қазақ тілінің «екінші сорт» болып тұрған кезінде салынған. Бір ғана мысал, Зерендідегі қазақ мектебі аудан орталығын ең шетінде, Зеренді көлінің жағасында орналсақан...Мектептен көрі демалыс орнына ұқсайды. Қыстың көзі қырауда қаланың екінші шетінен бұл жаққа келудің өзі үлкен ерлікті талап етеді.
  • Ең басты проблема - бұрынғы орыс тіліндегі мектептердегі бала санының азайып келе жатқанын, ал мемлекеттік тілде оқитын оқушылардың көбейіп келе жатқандығын ескере отырып, бұл аймақтардағы орыс тілді мектептерде оптимизация жүргізу мәселесі деп ойлаймын. Қазіргі орыс тіліндегі мектептердегі оқушылардың саны мен мектептердің сиымдылығын салыстыра ұарасаңыз, қазақ тіліндегі мектептерді салуды он жылға шегеруге анық болады. Бір ғана мысал, Риддердегі 16 орыс тіліндегі мектептің сиымдылығы 10048 оқушы. Ал сол мектептерде оқып жатқан оқушылар саны - 5522 бала. Осындай жағдайда жалғыз қазақ мектебіне («Шаңырақ») бала симай, жергілікті биліктің тағы бір мектеп ашуды жоспарлауы ақылға симайды. Егер оптимизация жасалса, кемдегенде 600 орындық тағы 8 қазақ тілді мектепді ашуға болады. Мысалы, №17-мектептің сиымдылығы 960 оқушы болса, ондағы қазіргі оқитын балалар саны - 342. Демек 618 орын бос тұр. Ал №3 мектепте 1176 бала оқуы керек, бірақ ондағы бала саны - 586 ғана. 590 орын тағы да бос. Менің ойымша 1940 адамадық №14 мектептегі 500 баланы (тағы 1140 орын бос тұр) 3-мектепке көшірсеңіз, мың орындықты қазақ мектебі пайда болады. Әрине, орыс тілді мектептердің ата-аналары өз балаларының екі көшені кесіп өтуіне қарсы болып, жандары шығып отыр, бірақ қазақ тілді мектептің оқушыларының 5 шақырым жерден келіп-кетуіне ешкімнің де бастары ауырмайды. Бұл жерде ата-аналармен түсіндіру жұмыстарының жүргізілмейтіні (бұл жергілікті әкімшіліктің, ішкі саясат басқармасының, қоғамдық ұйымдардың міндеті) көрініп тұр. Демек бұл жерде министрлік тарапынан нақты бір бұйрық не ереже қажет. Бір жерде тұрып, бір-бірлерінің жағдайларын түсінбеген орыс тілді оқушылардың ата-аналары заңға бағынулары керек. Осы жерде зорлықпен көшірілген басқа ұлт өкілдеріне соңғы нандарын балаларының аузын жырып берген, үйінің төрін ұсынған ата-аналарымыз түседі. Қазір солардың балалары қазақтың мектебіне бос бөлмелерін беруден бас тартып отыр. Демек бізде мемлекеттік тілдегі мектептің - мемлекеттік саясат екендігі ұмытылған. Айта екту керек, Теміртаудағы соттасу да осы мәселеден туындаған.
  • Қазақ мектептерін ашуды жоспарлауда, оларға мектеп салуда көп жылды қамтитын, перспективалық көзқарас керек. Мысалы Риддерде 600 орындық мектеп салынады дейді.. (Әлі де «дейді»...). Бірақ қазақ оқушыларының саны қазірдің өзінде 620 ға жеткен. Демек ол мектеп салынамын дегенше, оқушылардың саны 1000-нан асуы мүмкін. Өмір бойы жарымай жүргізіп қоямын демесе және орыстілді мектептердің ата-аналары тарапынан шу шығып кете ме демесе, жергілікті билік мектептегі орынды болашақты ескере отырып жоспарлауы шарт. Айта кету керек, дәл осындай жағдайлар басқа аудандарда да кездеседі.
  • Таығ бір анық көзге түскен келеңсіздік - қазақ мектептерінің ғимаратының, техникалық базасының төмендігі. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданындағы мектептің ғимараты - жүзу бассейні болса, Ақмола облысындағы Елтай елді мекеніндегі 320 бала оқитын қазақ мектебі аурухананың ғимаратына орналасқан, ал сол жердегі 130 бала оқитын орыс тілді мектеп типтік 3 қабатты ғимаратта. Жүзу бассейініндегі сынып бөлмелерінде терезе жоқ! Бастауыш сыныптың балалары, түрмеде «стакан» деп аталатын, аузы-мұрны жоқ отауда дәріс алуда. Ал метепке айналған ауруханада спорт залының болмауы ешкімді таң қалдырмайтын болар. Бұндай жағдайлар Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданы орталығындағы мектепте де кездесті. Бұндай мектептерге қандай ата-ана балаларын береді және бұл дискриминация әлеуметтік әділетсіздікке, кейін әлеуметтік жарылысқа алып келетінін ұмытпалық. Сөзіміз дәлелді болу үшін бір ғана облыстағы жағдайда мысалға алайық. Қарағанды облысысындағы (басқа облыстаға қарағанда жағдайлары біршама жақсы деп есептелінетін облыс) жағдай мынадай:

260 қазақ тілінде оқытатын мектептің

  • 48 мектеп пешпен жылытылады;
  • 95 мектепте су тасымалданады;
  • 170 мектептің дәретханалары далада орналасқан;
  • 53 мектепте толық жабдықталған медицина кабинеті жоқ;
  • 98 мектептің спорт залы жоқ;
  • 82 мектепте спорт алаңы жоқ;
  • 94 мектепте асхана жоқ...

Әрине, бұл деректердің барлығын орыс тілінде оқытатын мектеппен салыстырып

беруге болады. Бірақ біздің мақсатымыз екі тілдік ортаға от тастау емес.

  • Ең бастысы, алыс ауылдардағы аудан орталықтарына, шағын қалаларға көшіп келіп жатқан қазақ отбасыларын есептей отырып, қазақ мектептерімен қамтамасыз етудің нақты мемлекеттік жоспары жасалуы керек. Ондай болмаған жағдайда, орыс мектептерінде оқитын қара көздер көбейе түседі.

Дос Көшім

Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы

"Абай-ақпарат"

0 пікір