Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4656 0 пікір 31 Тамыз, 2012 сағат 10:20

«Алтын Орда» құлады

Амал кем, әйгілі «Алтын Орда» газетінің жабылғаны туралы дәл осылай деп хабар таратуға тура келіп тұр. 2000 жылы, қаңтар айының 21-і күні Ақтөбе қаласында жарық көріп бастаған «Алтын Орданың» ақпарат майданындағы ғұмыры Атырауда жалғасын тапқан болатын. Газетті 2000-2007 жылдары  Мейірхан Ақдәулетұлы содан кейін  Дәурен Қуат басқарған еді. Сол жылдары «Алтын Орда» алыс аймақтан шықса да қазақ баспасөзіндегі тұтастықты қамтып, ұлт ойының биігіне көтерілді. Газет қазақтың интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаларын өз маңына топтастыра білді. Мейірхан мен Дәуреннен кейін газет атыраулық журналист Исатай Балмағамбетовтың құзырына тиген болатын. Біз «Алтын Орданың» жабылып қалуына байланысты алдымен Исатай Құндызбайұлына қоңырау шалып:

-       Сіз 2007 жылдан бастап  әйгілі «Алтын Орда» газетін басқардыңыз. Бас редакторы әм бас директоры болдыңыз. Сол «Алтын Орда» бүгін жабылып қалыпты деп естідік. Себебін білесіз бе? Ұлт үнпарағының аяқ астынан жабылуына бұрынғы облыс басшысы Бергей Рысқалиевтің басындағы кеп қандай да бір ықпалын тигізген жоқ па? - деп сұраған едкі. Ол:

-       Не дейсің? «Алтын Ордаға» қатысты сұраққа мен жауап бермеймін. Қазір жиналыста отырмын, - деп телефон тұтқасын қоя салды. Исатай мырзадан жөндемді жауап ала алмаған соң газеттің кейінгі бас редакторы Нұрлан Қабдоловқа шықтық. Ілгеріде облыстық «Атырау» газетінің басшысы болған, кейін Исатай Балмағамебтовпен қызмет орнын алмастырған Нұрекеңмен арадағы сұхбаттымыз төмендегідей көрініс тапты.

-       Нүреке, «Алтын Орда» неге жабылып қалды?

-       Солай болып қалды. Жабылдық.

-       Сіздер осы уақытқа дейін облыстық бюждеттен қаржыландырылып келдіңіздер, солай ма? Қаражат мемлекеттік тапсырыс ретінде берілетіндіктен жылдың соңына дейін жетуі керек емес пе? Әлде «АО»-ның жабылыуында басқалай гәп бар ма?

-       Жоқ, басқалай гәп жоқ. Құрылтайшылармен келісе алмадық. Директорымыз, басшыларымыз бәрі арыз жазып кеткен соң біз де жабылғанды жөн көрдік.

-       Құрылтайшыларыңыз кімдер еді?

-       Соны өзіміз де білмейді екенбіз.

Шағын сұхбаттың соңында әріптесіміз «осы жайтты жазбай-ақ қойсаңдар қайтеді?» - деп мінәйі өтініш жасаған болатын. Алайда, біз аяулы «Алтын Ордамыздың» айдың күннің аманында жабылып қалғаны туралы хабарды «жылы жауып» қоя алмадық. Газеттің қандай себеппен жарық көруін тоқтатқаны туралы мәселенің ақ-қарасы кейін бәрібір анықталады. Сондықтан «Алтын Орданың» жабылғаны алып-қашпа сөз емес, анық ақпарат екендігін жұртқа жеткізуді мақсат тұттық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір