Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3756 0 пікір 25 Тамыз, 2012 сағат 06:44

Семейдің Елбасына алғыстан басқа айтары жоқ

Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының екінші және үшінші күндерін Семей өңіріндегі елді мекендердің жай-күйімен танысуға арнады. Мұның қатарында ол Курчатов және Семей қалаларында, Абай және Үржар аудандарында болды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семейді Шығыс Қазақстан облы­сы­на қосқанда, алысты болжай білетін көрегендік көрсетіп, керемет кемеңгерлік танытқан екен. Өскемен мен Семей өңірлерінің қазіргі ахуалы осыған айғақ бо­ла­ды. Бұл қосылудан екі жақтың әрбірі өзінше ұтысқа жетті. Арада өткен аз ғана жылдарда екі қа­ла­ның да айтарлықтай оң өз­ге­рістерді бастан кешкенінен бөлек, өскелең Өскемен едәуір қазақы бояуға қанығып қалса, сергек Семей іргелі өнеркәсіп орын­да­рын­сыз дамудың даңғыл жолына тү­су­дің үлгілі үрдісін меңгере бастапты.

Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының екінші және үшінші күндерін Семей өңіріндегі елді мекендердің жай-күйімен танысуға арнады. Мұның қатарында ол Курчатов және Семей қалаларында, Абай және Үржар аудандарында болды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семейді Шығыс Қазақстан облы­сы­на қосқанда, алысты болжай білетін көрегендік көрсетіп, керемет кемеңгерлік танытқан екен. Өскемен мен Семей өңірлерінің қазіргі ахуалы осыған айғақ бо­ла­ды. Бұл қосылудан екі жақтың әрбірі өзінше ұтысқа жетті. Арада өткен аз ғана жылдарда екі қа­ла­ның да айтарлықтай оң өз­ге­рістерді бастан кешкенінен бөлек, өскелең Өскемен едәуір қазақы бояуға қанығып қалса, сергек Семей іргелі өнеркәсіп орын­да­рын­сыз дамудың даңғыл жолына тү­су­дің үлгілі үрдісін меңгере бастапты.
Бұған осы өңірлерге үш күн­дік сапары барысында М.Құл-Мұ­ха­м­мед көз жеткізіп қайтты. Оны, әсіресе, бірігу нәтижесінде облыс орталығы мәртебесінен айрылған Се­мей қаласы тұр­ғындарының осы күнгі жай-күй­леріне разы­лық­тары қуандырды. Расында қазақ руханиятының ежелгі байтағы болып саналатын шаһардың қазір кәдімгідей шы­райы кіріп қалыпты. Ертістің бой­ына еңсере жайылған қала­ның мұнтаздай тап-тазалығы өз алдына, ол, сонымен қатар, нағыз гүлзарлар алаңы болып көзге елес­тейді. Өзіміз көріп жүр­ген­дей, облыс орталығы деген мәртебесі бар базбір қалалардың деңгейі бүгінгі Семейге әлі де болса жетіңкіремейді. Осында болған жиындарда Мемлекеттік хатшы ерекше мән беріп, атап өтіп отырғандай, бұған бірінші кезекте Президенттің қалаға барынша қырағы көңіл бөліп келе жатқаны басты себеп.
Ал бұл өңірге сапарын М.Құл-Мұхаммед тамыздың 23-і күні таңертең Абай жерінен бастаған еді. Кезінде ядролық сынақтың нағыз өтінде тұрған ауданда соңғы кездері қолға алынып, жү­зеге асырылып жатқан жұмыстар жан сүйсінтеді. Аудан орталығы - Қарауыл ауылы мен облыс орталығын жалғап жатқан күре жол таспадай тартылған трассаға айналған. Шалғайдағы елді мекенде қатарға қосылып жатқан әртүрлі әлеуметтік нысандар да көп. Соның бірі - таяуда пайда­ла­нуға берілген, құны 130 млн. теңге тұратын Спорт сарайы. Онда «Олимпиада қырандарының жеңісі - біздің жеңісіміз» атты жастар форумын бастап берген Мемлекеттік хатшы бұл салаға Елбасының жасап жатқан қам­қорлығын саралап айтып шықты. Мемлекет басшысының сол қам­қорлығы «Қазақстанның әлеу­мет­тік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын ең­бегінде де айқын көрініс тапқан.
Бұл жерде сондай-ақ «Жиде­бай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында, М.Әуезов атын­­дағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде болып, Әнет баба мен Абай ескерткіштеріне тағ­зым еткен М.Құл-Мұхаммед «Жас­тар үйінде» аудан жұрт­шы­лығы өкіл­дерімен кездесті. Айт­қан­дай, жоғарыдағы кітапхана күрделі жөндеуден өткізілу арқылы қайта жаңғырса, соңғы нысан жаңадан соғылыпты. Осының бәріне шы­найы қуаныш білдірген абай­лықтар жиында Мемлекеттік хатшыдан Елбасына алғыс сезімдерін жеткізуді қайта-қайта өті­ніп жатты.
Мемлекеттік хатшыны тағы бір сүйсіндірген мәселе - аудан соң­ғы кездері қол жеткізген жыл­жымалы медициналық кешен. Бұл кешен стоматология, маммография және УЗИ аппа­рат­тары бойынша 9 маман-дәрігерді қам­тыған бригада қалпында аудан­да­ғы елді мекендерді аралап тұрады.
Содан кейін тікұшақ­пен Курчатов қаласына шұғыл жеткен Мұхтар Абрарұлы мұн­да­ғы жағдайға да қанағаттанғандық танытты. Кешегі кеңестік жүйе­ден қалған жабық қаланың қа­зіргі ахуалы тым жаман емес. Керісінше, ондағы негізгі нысандар - Ұлттық ядролық орталық пен ядролық технологиялық паркпен қатар, әртүрлі әлеуметтік сала мекемелері де қалыпты жұмыс жасап тұр. Бұған Елбасының 2003 жылы осы қалада арнайы аялдап, сапары қорытындысы бойынша Үкіметке оны дамы­ту­дың жеке жоспарын жасау жө­нін­де берген тапсырмасы тікелей мұрындық болған. Бүгінде сол бағдарлама кезең-кезеңімен іске асы­рылу үстінде. Оның аясында кейінгі үш жылда мұнда тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарындағы дүрбелең кезінде бүліншілікке ұшыраған 6 көп қабатты тұрғын үй қалпына келтіріліпті. Олар­дың 2-уі жергілікті әкімдіктің өз күшімен жасалса, 4-уі «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде орал­мандар мекеніне айналыпты. Таяу аралықта жиырма жылдан бері тыншып жатқан бұрынғы сынақ алаңдарын да өңдеуден өткізіп, ауыл шаруашылығы игілігіне жарату жайы жоспарда тұр. Қала іргесінде бақшалықты өркендету өрісті жолға бет алды.
Мәртебелі мейман осылардың жайына қаныға жүріп, қаланың №4 жылу орталығы, су тарата­тын ауланың 2-ші шағын стан­са­сы секілді нысандар жұмысымен танысты, Ұлттық ядролық ор­та­лық пен ядролық сынақтар мұра­жайына аялдады. Солардың ара­сын­да жұртшылықпен жиын өт­кізіп үлгерді. Онда М.Құл-Мұ­хаммед алдағы уақыттарда «ғы­лым қала­шы­ғы» деген мәртебеге ие болға­лы тұрған мекеннің келешегі кемел екенін дәйекті дәлел­дер­мен жеткізді. Мұның үстіне, бұл елді мекен Елбасы Жар­лы­ғымен бекітілген моноқалалар тізіміне еніп отыр. Осының бәрі қаланың на­ғыз даму жолына енді түсіп келе жатқанын көрсетеді.
Осы күні түс ауа Мемлекеттік хатшы тікұшақпен Семей қала­сы­на келіп жетті. Мұнда да ты­ғыз кесте бойынша жұмыс істеген ол әуелі аймақтық онколо­гия­лық диспансерге атбасын бұрды. Емдеу орнының ауысымына 56 адамды қабылдайтын өз емха­на­сы да жұмыс істейді. Ал стационарда 210 тө­сек болса, олардың 130-ы онко­ло­гиялық, 70-і радио­логиялық және 10-ы паллиативтік сипаттағы ауру­ларды емдеуге арналған.
Мұхтар Абрарұлының бұдан кейін барып көрген Полковник аралындағы кешеннің де осы тақырыпқа қатысы бар. Олардың басы «Өлімнен де күшті» монументтен арна тартады. Атынан байқалып тұрғандай, ол ядролық сынақтардан зардап шек­кен­дер­дің рухына арналған. Кешенді содан әрі «Бейбітшілік» деп ата­ла­тын стелла толықтырады. Енді осылардың қатарына «Бейбітшілік мұражайы» деген жаңа жоба қосылмақшы.
Осының бәрін өз көзімен көріп, бағамды бағасын берген Мемлекеттік хатшы келесі кезекте Абай атындағы драма теа­тры­н­ың ғимаратында қаланың зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиын­ды ашқан Шығыс Қа­зақ­стан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көптен бері Нұр­сұлтан Назарбаевтың мұқият ба­қы­лауын­да тұрған қаланың әлеу­меттік-экономикалық салада соң­ғы жылдары жеткен жетістіктері жайына тоқталып өтті. Ал М.Құл-Мұхаммед шын мәнінде қазақ рухани әлемінің XX ғасыр­дың басындағы туы тігілген қаланың ұлтымыздың мәдение­тіне қосқан үлесі туралы кеңінен баяндап берді. Ұлт көшбасшысы сондай өңірге қашаннан ерекше қамқорлық жасап келеді. Мұның жай-жапсарын жүйе-жүйесімен айтып шыққан Мұхтар Абрар­ұлының сөзін жиналғандар өте жылы қабылдады.
Мемлекеттік хатшының са­пары 24 тамыз күні облыстың Үржар ауданында жалғасты. Арғы ғасырдың екінші жартысын ала пайда болған бұл мекеннің тарихы да өте тартымды. Атақты Тарбағатай тауының баурайын­дағы ауыл жасыл желегімен, жақ­сы салынған үйлерімен, түзу кө­шелерімен, ең бастысы, осыған лайықты адамдарымен көрікті кө­рінеді. Басқасын айтпағанда, мұн­да атақты балуан Дәулет Тұр­лыханов бастаған боз кілемнің бір топ шеберлері қанаттанып шық­қан.
Мемлекеттік хатшы өзгеге еш ұқсамайтын спорт аллеясы бар Қабанбай батыр атындағы кешенге келгенде, осы даңқты ерлердің бәрінің есімдері мен ерліктері жарқырап алдынан шыға келді. Үржар атты аудан орта­лығының тарихи-өлкетану мұра­жайына келгенде де жұртты бір серпілтетін дүниелер көздің жа­уын алды. Олардың арасындағы петроглифтер туралы Мұхтар Абрар­ұлы біраз сыр тарқатты. Бақсақ, осы Барқытбел өңіріндегі таулар қойнауында мұндай таң­балы тастарды көптеп табуға болады екен. Оны тек зерттеу ғана қалып тұр. Мемлекеттік хатшы осы және бұл маңнан қирандысы та­был­ған Найман-қорған қаласы­ның орнына ғылыми тұрғыда баға беру үшін экспедиция шы­ға­ру жайын ойластыруды сол жерде тиісті мамандарға тапсырды.
Жұмыс сапарының келесі тізбегінде аудан орталығындағы Ба­тырлар аллеясын аралап шыққан М.Құл-Мұхаммед сосын Науалы ауылында жаңа балалар бақша­сы­ның, ал Қаратұма елді мекенінде үлкен мектеп үйі мен балалар бақшасы кешенінің пайда­лануға берілу рәсіміне қатысып, жиналғандар алдында сөз сөй­леді. Ол өзінің сөздеріне Елбасы тапсырмасы бойынша жасалып жатқан әлеуметтік саладағы жұ­мыстардың бір парасын арқау етті. Осы жерде Б.Сапарбаев Мемлекет басшы­сының «100 мектеп» бағдар­ла­масы негізінде жаңадан салынған мектеп үйлерінің 10-ы Үржар ауданының еншісіне тиетінін еске салып өтті. Міне, өсіп келе жатқан өскелең аудан үшін бұдан артық не керек!
Жалпы, Үржар аймағы Шы­ғыс Қазақстан облысының ең бір көрікті, табиғаты келісті аудан­дары­ның біріне жатады. Бұған соңғы кездері облыс басшылы­ғының қамқорлығымен қатарға қосылып жатқан жаңа нысандар одан бетер көрік қоса түсуде. Солардың сапынан біз әдемі субұрқақты, спорт кешені үйін, мұражай ғимаратын айтар едік. Ал Үржардағыдай спорт аллеясы облыс қана емес, күллі елімізде сирек кездесетін шығар. Осы­ның бәрі жергілікті билік басын­да жүрген азаматтардың Елбасы тапсырмасын тыңғылықты орын­дап келе жатқандарын байқатса керек.
Келісімді көріктілікті біз Мақаншы ауылына келгенде де көрдік. Бұрынғы аудан орталығы еш азып-тозбаған. Қайта бұрын­ғыдан бетер жайнап-жасара түс­кен. Мұны біз Мемлекеттік хат­шы арнайы барып көрген балалар саябағы мен балалар шығарма­шылығы үйінің жайынан да анық аңғардық. Мұны №2 ме­дици­на­лық бірлестіктің жұмы­сымен та­ныс­қан кезінде Мұхтар Абрар­ұлы да айтты. Бұл емдеу орнын осыдан төрт жыл бұрын білікті маман Нағима Жақиянова қабыл­дап алған екен. Жаңа бас дәрігер құлаудың сәл алдында тұрған аурухананы қысқа мерзім ішінде қайта жайнатып жіберген! Мұны лайықты бағалаған облыс әкімі бірлестікке жаңа ғимарат салу үшін келесі жылы тағы қаржы бөлінетінін айтып қалды.
Сапарының соңында М.Құл-Мұхаммед мәдениет үйіне табан тіреп, осында жиналған ауыл тұр­­ғындарымен кездесу өткізді. Мұн­да да ол өз жерлестеріне әлеу­­мет­тік саладағы Елбасы тапсырма­лары­нан туындайтын барша міндеттер туралы айтып берді. Жүйе­сімен айтылған байып­ты баянды ұйып тыңдаған жамағат Мемлекет басшысына өз ықыластары мен алғыстарын жеткізуді сұрады. Бұл тағы да Семей өңірінде тұратын халық­тың Елбасының дара да сара саясатын түсініп қана қоймай, оның шапағаты мен шарапатын тата бастағандарына анық дәлел болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549