Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жыл қорытындысы 3532 19 пікір 27 Желтоқсан, 2021 сағат 16:13

Жарылыс, тапшылық, жұт: Сыйынан сыны көп жыл өтті...

2021 жылдың сыйынан сыны көп болды. Қазақстан сан түрлі қиындықты басынан өткерді. Даулы істер, қайғылы оқиғалар мен мансабынан айырылған шенеуніктер. Бұл 2021 десе есімізге бірден түсетін сөздер. Келер жылдан үміт көп, бірақ өткен жылға бір көз жүгіртсек. 

Что такое «инфляция»?

Баға

2021 жыл десе, халық қымбатшылық сөзін синоним етіп алды. Қымбатшылықпен басталған жыл, орасан инфляциямен аяқталуда. Елімізде баға шарықтап тұр. Азық-түлік, баспана, жол, жанармай, дәрі-дәрмек. Барлығының бағасы күн санап емес, сағат санап өсті. Жыл басы тапшылықпен басталды. Қоймаларда күнделікті өмірге қажетті көкөніс түрлері таусылып, қап түбінде картоп, сөреде сәбіз қалмады. Билік өз өнімдерімізді өзгеге сатып, ақыры үш есе қымбат бағаға өзге елден сатып алуға мәжбүр болдық. Бұл досқа күлкі, дұшпанға таба еткен жағдай болды.

Инфляция көлемін тиісті органдар тоқтата алмады. Ресми статистика бойынша еліміздегі азық-түлік бағасы соңғы мәліметтер бойынша 8,9%-ға артқан. Ал бейресми бұл көрсеткіш бірнеше есе көп. Мемлекет бағаның шарықтауын пандемиялық шектеулермен түсіндіріп отыр. Шекара жабық, тасымалдау аз, сондықтан құны да өсті дейді. Алайда отыз жыл бойы дұрыс өндіріс қалыптастыра алмағанын айта кетуді жөн санамапты.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек бағасынан бөлек, үй бағасы да шарықтап кетті. Жыл басында 25 млн тұрған үйлер, жыл соңында 33-37 млнға дейін көтерілді. Оны құрылыс материалдарының қымбаттауымен, ал көбінің Ресейден келетінімен түсіндіріп отыр. Бағаның шарықтауына Қазақстан-Қытай шекарасының жабық болуы да әсер етуде. Соңғы үш айда шекаралық бекеттердегі электронды кезек он мыңнан асқан, ал көптеген кәсіпкерлер тауар тапшылығын сезіп, бағаны көтеруге мәжбүр болуда.

Инфляция бас ауыртып, балтыр сыздатар басты мәселеге айналды. Сондықтан билік оның деңгейін түсіремін деп талпынып жатыр. Әзірге жетістік тек құжат жүзінде ғана бар сияқты.

Казахстанскую вакцину QazVac успешно модернизировали под дельта-штамм коронавируса

Вакцина және пандемия

Сөзсіз 2021 жылдың басты мәселесі әлем бойынша да, Қазақстан бойынша да ол коронавирус. 2020-да әлемге жайылған қауіпті індетпен күресу 2021 жылы қарқынды жүрді. Оған себепкер болған коронавирусқа қарсы вакцинаның жасалуы болып отыр. Қазақстан бұл тұрғыдан мақтанатын бір жетістікке жетті, ол отандық QazVac вакцинасын жасап шығаруы. Алайда өз өніміміз бола тұра, ресейлік «Спутникке» құда түстік. Бір емес, бақандай 10 миллион данасын сатып аламыз деп жар салдық. Сатып алдық та. Бақандай 114 млн долларға.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 млн адамға вакцина саламын деп уәде етті. Уәдесі уәде күйінде қалды. Бүгінде 8 947 986  адам вакцина алды, ал Цой сол күйі сөзін орындамай, қызметінен кетті.

Жұт келе жатыр ма?

Жұт

Қазақстанның батысы мен Арал маңында 2021 жылдың көктем-жаз аларында орасан құрғақшылық пен жауын-шашынның болмауынан жұт болды. Мыңдаған шаруаның малы қырылып қалды. Билік бұл мәселеге дер кезінде назар аударған жоқ, ал қоғам шаруаларға өздері қол ұшын созуға тырысып жатты. Олардың арасында белсенді Құрмет Талапқазы да бар еді.

Билік шаруаларға дер кезінде шөп жеткізу жұмыстарын жүйелі жүргізе алмады. Шаруалар орасан шығынға ұшырады. Маңғыстау облысы мен Қызылорда облысының Арал ауданында мал өлімі барлық жерде тіркелді. Әлеуметтік желі картон қағазбен тамақтандыруға мәжбүр болған жануарлардың қорқынышты кадрларына толып кетті. Қиын жағдайға қарамастан Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруаларға жедел көмек көрсетуге асықпады. Президенттің өзі бұл іске араласып, ақыры ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров отставкаға кетті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өз есебіне сүйенсек, тек Маңғыстау облысында құрғақшылық кезінде қырылған мал саны облыстағы жалпы мал басының 0,1 пайызын құраған. Алайда бейресми ол бірнеше есе көп. Маңғыстау және Қызылорда облыстарына жем сатып алуға Үкімет резервінен 3,6 миллиард теңге бөлініп, жем сатып алу үшін қосымша 43,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіліп, солтүстік облыстардан азық-түлік көлемі тасымалданды. Желтоқсан айында Қазақстанда 6 ай мерзімге елден ірі және уақ малды шығаруға тыйым салынған жарлық күшіне енді.

Таразда жойқын жарылыс болды (ВИДЕО) | SN.kz - жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Жарылыс

2021 жылдың, 26 тамызында Тараз маңындағы Байзақ елдімекеніне жақын орналасқан әскери қойма жарылды. Жарылыс салдарынан 16 адам қаза тапты. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы жарылыс емес еді. Президент жарылысқа байланысты Аза тұту күнін жариялады, ал министр Ермекбаев орнынан кетті.

Аза тұту күнін жариялауға себепкер болған қайғылы оқиғадан кейін мұндай оқиға қайталанбайды деп сенген едік. Алайда араға екі ай салмай жатып, Тараз халқы тағы да жарылыстың тарс еткен дауысын естіді. 10 қазан күні тағы да жарылыс болды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

В Стамбуле проходит саммит глав государств Тюркского совета - EADaily — Турция. Новости Турции. Турция новости. Новости Турции сегодня. Турция последние новости. Новости Турции 13 ноября 2021

Ұйым

2021 жылдың 11-12 қарашасында Түркияның Ыстамбұл қаласында түркі елдері бас қосты. Алқалы жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстанның Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан болды. Осы басқосу аясында бірқатар кездесулер мен жиындар өтті.

12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев саммитке қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. «Бүгіннен бастап біздің бірлестік Түркі мемлекеттерінің ұйымы деп аталады. Бұл қадам елдеріміз арасындағы ықпалдастықты ілгерілету ісін жаңа деңгейге көтеріп, ұйымның мәртебелі миссиясын жүзеге асыруға тың серпін береді деп сенеміз. Осылайша, Ыстанбұлда қабылданатын шешімдер бауырлас мемлекеттердің көпқырлы ынқтымақтастығын жандандыруға елеулі ықпал етуі тиіс», - деген Нұрсұлтан Назарбаев бұл кезеңді түркі әлемінің дамуындағы жаңа кезең деп атады. Осылайша «кеңес» енді «ұйымға» айналды.

О чём на самом деле договорились правительство Казахстана и Сбербанк России | Аналитический Интернет-портал

Cбер және Ресей қысымы

Қыркүйектің алғашқы күндері Қазақстан Үкіметі Ресейдің СБЕР компаниялар тобымен келісім жасасып, eGov платформасын бірлесе жасайтын болды. Яғни, енді Қазақстанның «электронды үкіметі» Ресейлік компанияның бақылауында болады деген сөз. Ал дәл Ресейлік компаниямен келісім жасасудың басты себебі – СБЕР компаниясы біздің Үкіметке бастапқы кодттарды беруге келісіпті. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрі Бағдат Мусиннің өзі мәлімдеп, артынша келісімге қол қойылды. Келісім құны 500 млн доллар екені айтылуда.

Сонымен қатар Ресей ақпараттық шабуылды күшейтті. Қазақстанда орыс тіліне қысым артты деген өтірікті шындай етіп көрсетіп, барынша Ақорданы қыспаққа алып жатыр. Оның ішінде «Тіл майданы» қозғаласын сылтауратып, ішкі саясатқа араласатынды шығарды. Жылдың соңында Путин «Қазақстан орысша сөйлейтін мемлекет» деп көпірді.

Олимпиада-2018: Казахстан на Церемонии открытия ОИ-2018

Олимпиада

2020 жылы өтуі тиіс Токио Олимпиадасы коронавирустық пандемияға байланысты 2021 жылға шегерілген еді. Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтті. Қазақстан құрамасы жарысқа қатысуын тәуелсіздік тарихындағы ең нашар нәтижемен аяқтады. Команда бірде-бір алтын алмастан, барлығы 8 қола медальмен оралды.

Мұндай көрсеткіштерге көңілі толмаған қазақстандықтар Ұлттық Олимпиада комитетін ғана емес, Мәдениет және спорт министрлігін де сынға алды. Халық министр Ақтота Райымқұлованың отставкаға кетуін талап етті.

«Ұлттық құраманың қорытынды нәтижесі – 8 қола медаль және командалық есепте 83-орын – Қазақстанның спорттық әлеуетіне және мемлекет спортты дамытуға бөлетін қомақты қаражатқа сәйкес келмейді. Парижде өтетін келесі ойындарда азаматтарымыздың үмітін ақтайтын нәтиже көрсету үшін Токио Олимпиадасынан дұрыс сабақ алу керек», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қорыта айтқанда...

2021 жыл әлем елдері үшін оңайға соқпады. Оңтүстік Шығыс Азиядағы текетірес артты. Ауғанстанда тәлібтер билікке келіп, Орталық Азияға төнетін қауіп көбейді. Шығыс Еуропа елдері Ресейдің агрессиясына қарсы тұрудың жолын іздеп жатса, Иран-Израиль шиеленісі ушыға түсті. Қазақстанға да Ресей тарапынан ақпараттық шабуылдар көбейді. Осылайша 2021-дің де шымылдығы жабылуда. 2022-ден үміт көп...

Асхат Қасенғали

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528