Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2956 0 пікір 10 Тамыз, 2012 сағат 06:18

Халықаралық сыйлықтың иегері – мәдениет басқармасы

2012 жылдың 10 тамызында облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Басымдылық үшін» Халықаралық сыйлықпен марапатталуы және «Жалпылай Еңбек Қоғамына жиырма қадам» әлеуметтік жаңғырту» бағдарламасы аясында облыстағы мәдениет пен өнер саласының  дамуы туралы тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасның баспасөз қызметі хабарлады.

Сыйлық құрылтайшылары -- Iскер жетекшiлердiң жаһандық клубы (Global Trade Leaders´ Club). Ол әлемдегі 95 мемлекеттен  7500 мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-серiктестiктерді құрайды.

Облыстық мәдениет басқармасы  елімізде алғашқы рет ұйымдастырылып, өткізіліп отырған жаңа жобалар мен бағдарламалар арқасында өз саласында жетекшілігі үшін Халықаралық сыйлыққа ие болды. Жаһандық клуб Шығыс Қазақстанның Ресей, Түркия, Украина, Беларус, Болгария, Испания, Қытай мемлекеттерімен мәдени қарым-қатынастарды, облыстағы ақпараттық қоғамның креативтілігі мен инновациялығын атап өтті. Облыс халықаралық шараларды өткiзумен ғана көзге түскен жоқ. Облыстың мәдени бiрлестiктерінің өкiлдерi дүниежүзілік кiтапханашылар конгрестерiне, мұражай мамандарының форумдарына,  шығармашылық топтар халықаралық байқауларға қатысады.

Мәдениет басқармасы шетелдік делегаттардың қатысуымен халықаралық кездесулер ұйымдастырды. Олар: «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі», «Мүшәйра», «Бал» фестивалі, «Фольклорлық фестиваль» және тағы басқалар. Облыстың шығармашылық ұжымдары  Ресей, Болгария, Испания, Түркия, Украина, Татарстан елдерінде ұйымдастырылып отырған байқауларға қатысады.

Жаһандық клуб мәдениет басқармасының Этнографиялық ауыл, Ботаникалық бақ кешендерін жастарды патриоттық тәрбиеге бағыттаудағы Әскери кешенді креативті және инновациялық жобалар деп таныды. ШҚО барлық аудандық орталық кітапханаларда бірыңғай бағдарлама арқылы электронды каталогты жасауға ұмтылған бірден-бір облыс. Ал,  А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана Қазақстандағы жалғыз РФИД жүйесін орналастырған кітапхана. Қазіргі таңда ол кітапхана ісін автоматтандырудың жаңа жүйесі болып табылады.

Аймақта республикалық «Жан серігім гитара», «Жыршылар байқауы», Қазақстанда  тұратын басқа ұлт өкілдерінің  «Өз елім» атты республикалық фестивалі және т.б. ұйымдастырылды.

Биылғы жылы «Шығыс Қазақстанның жеті кереметі» виртуалды байқауын, Қазақстанда бірінші құрылған Достық үйінің 20 жылдығына арналған «Достық» стелласын, «Достықтың жол картасы» атты республикалық акциясы өткізілді.

«Мәдениет сенбілігі», «Ашық есік күні», «Түнгі кітапхана», «Түнгі мұражай» акциялары шығыстан бастау алды. Бұл шаралар республикалық, облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.  Қазіргі уақытта «Жазғы мұражай» акциясы өтіп жатыр.

Мамыр айында Алматы қаласының HIVOS және ЮНЕСКО-ның қаржылай көмек көрсетуімен «Қоғамды дамыту лабораториясы» қоғамдық бірлестігімен, «Дешт-и-Арт»  қазіргі заман мәдениет дамыту орталығымен «Ашық Азия - ашық мұражай» атты ІІІ Аймақаралық Орталық-Азия фестиваль-форумы өткізілді. «MUSEUMстан» Орталық Азия мұражайларын дамыту жобасы аясында ұйымдастырылған фестиваль қорытындысы бойынша, этнографиялық мұражай ең басты халықаралық дәрежедегі сыйға ие болды.

2012 жылдың сәуір айында облыстық Жамбыл атындағы драма-театрының қазақ труппасы Түркия Республикасының Конья қаласында өткен V Халықаралық түркі тілдес театрлар фестиваліне қатысып, «Атымды адам қойған соң» қойылымын ұсынды. Сонымен қатар, Семей қаласының Абай атындағы музыка-драма театры "Бір түп алма ағашы" атты спектаклімен Қытай Халық Республикасының Алтай және Үрімші қалаларына гастрольдік сапармен барып қайтты. Облстағы жетекші шығармашылық ұжым Ресей Федерациясы Алтай аймағының Барнауыл қаласында өнер көрсетті.

Маусым айында Өскемен, Семей, Риддер қалаларында Н. Тлендинов атындағы фольклорлық-этнографиялық оркестрдің гастрольдік концерті өтті. Сонымен қоса, «Туған ел - алтын бесігім» акциясы аясында Қытай Халық Республикасының шығармашылық ұжымы Өскемен, Зайсан,  Семей қалаларында өнер көрсетті.

«Браво!» маусымы» жобасы аясында Өскемен және Семей қалаларында Ресей Федерациясынан Юрий Никулин атындағы евроцирк-шапито  гастролдік сапармен келді. 2012 жылдың 11-26 тамыз аралығында Қазақстанға алғашқы рет гастролдік сапармен келген «Судағы цирк» шапитосы  Өскемен қаласының Комсомол аралында өнер көрсетуде.

Астана қаласында  «Шұғылалы Шығыстан - Еңселі Елордаға» тақырыбында өткен Шығыс Қазақстан облысының күндері жоғарғы дәрежеде өтті.

Алдағы уақтытта Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән байқауын, «Ағажай-Алтай» жұлдызды кешін, Шығыс Қазақстан туралы әндерден караоке фестивалін өткізу жоспарланып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596