Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3526 0 пікір 23 Тамыз, 2012 сағат 10:43

Есенғазы Қуандық. Қолданыстағы заң шеңберінде әрекет етсем де кінәлі қылды

Құқықтық мемлекет орнатып жатқанымыз осы ма? Заңның  бұрмаланғанын  қалалық прокурор Б.Асылов, орынбасары Ж.Өміралиев, Б. Шарибаев, Ғ.Сейсенбаевтар мен қалалық судья Б.Ахмедиевтер қолдағанын қалай түсінуге болады?

ҚР Бас прокуроры  А.Дауылбаев мырзаға

Көшірмесі: БАҚ -на

Құрметті Асхат Кайзуллаұлы!

1998 жылы 2 шілдеде №267-1 нөмірмен қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңының 5-бабының 5, 7 тармақтарына,  6-бабының 3 тармағына,  7-бабының 1,3 тармақтарына сүйене отырып өзіңізге, Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің, ректоры Ж.Әділовпен проректор С.Жүсіпбековтің қорғауындағы оларға арқа сүйеген кейбір оқытушылардың, бүгінде ҚР Президенті жүргізіп отырған салиқалы саясатқа бөгет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған, өз залалын  күннен-күнге күшейтіп келе жатқан құбылыстың ең қауіптілерінің бірі-ол жоғары оқу орындарын жайлап алған "Сыбайлас жемқорлық" әрекетінің шегінен шығып асқынуы жөніндегі  бір фактыны жолдап отырмын.

Жоғары билікте Елбасының атына көлеңке түсіретін "мықтыларға" сүйенген, кейбір Жоғарғы оқу орынының (ЖОО-ның) басшылары өз мүдделерін ұлт мүддесінен жоғары қойған, тек баюды мақсат тұтқан маңайына өздері сияқты неопотизмен "ауырған" тамыр-таныстарын жинап алып қоғамның демократиялық дамуына кедергі жасауда. Мұндай "сыбайластық, жең ұшынан жалғасу" арқылы әрекет ету қазақ қоғамы үшін өте қатерлі құбылыс.

Мына  200 ден астам 2 курс студенттерінің қойған қолдарына қарасаңыз (тіпті сараптама жасап көруге де болады)  барлығы өздері қойғандығын көрсетеді. Тек ертең бұл тізім университет басшыларының қолына тисе оларды неге жазасыңдар деп қуғын сүргінге салады. Сыбайластық әрекет туралы хабардар еткен адам заңмен қорғалатынын ескеріңіздер. Ал бұл жастар  болашақ елінің қамы үшін, өздеріне жасалған қорлықты әшкерелеп қол қойғандар. Өйткені хаттағы С А. ханым бұл әдетін 10 шақты жыл бойы, «крышалары» Жүсіпбеков, Чатыбековаларға  т.б. сүйеніп сәтті жалғастырып келеді... Қол қоятын студенттер саны 400 ге жуық екен. С А. оған жақтас оқытушылар студенттерді жиып алып менің ағам проректор оқудан шығартам деп қорқытқан. (ол диктафонға жазылған менің қолымда)  А ханым сауатсыз оқытушы бола тұра жылда Мұнайгаз факультетін меншіктеп алған, соларға сабақ береді. Биыл түскен 1 курс студенттеріне де жылдағы әдетін бастады.. «Балам КНБ да істейді маған ештеңе істей алмайсыңдар» деп айтады екен.

Ал мына қосымша өтініш жазған Өмірқызы деген студент Қытайдан келген бала, шешесі ғана бар, оның өзі жұмыс істемейді аурады екен. Материалдық жағдайы өте ауыр студенттерге есеп шығарып беріп тиын-тебен тауып күн көреді. Жағдайым келмейді десе де, С А. «ставкасының» жартысын ақшалай талап етіп алған, бұл не деген бассыздық, осындай оқытушыларды жинап алған ректор Әділовті Президент тағайындаған, ал ол болса қоғамға жат әрекет еткен оқытушыларды қорғап, Елбасына көлеңке түсіруде. Осыдан кейін оның ректор болуға моральдық құқығы бар ма? Министр Б.Жұмағұловқа (31 рет), ректор Ж.Әділовке (27 рет) Сыбайластық әрекеттер туралы арыздар жазылды ал аталған басшылардың екеуі өздері жең ұшынан жалғасып, ҚР заңын бұзып ол  хаттарға жауап та бермеді.

Қолданыстағы  ҚР заңдарына сүйеніп Білім министрі Жұмағұлов пен ректор Әділовтің әрекеттерінде  ҚР ҚІК-нің  308, 315 баптарында көрсетілген қылмыстар барын ескеріп, заң алдында жауап беруін заңдылықты қадағалаушы орган басшысы ретінде сізден сұраймыз.

Қосымша:

1. 200-студенттің өтініші-5 парақ

2. Оралман Өмірқызының  өтініші-1 парақ

17  қазан 2011жыл

Қуандық Есенғазы

тарих ғылымдарының докторы,  профессор.

А.Байтұрсынов атындағы

«Саңлақ»  автор медалінің иегері

0 пікір