Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 5720 22 пікір 13 Желтоқсан, 2021 сағат 16:16

Ресейдің омыртқасы сынады

Сейсенбі күні АҚШ пен Ресей президенттері Джо Байден мен Владимир Путиннің виртуалды саммитінен кейін Вашингтон Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы мүмкін деген ойын өзгерткен жоқ. Кремль Украинаға қаңтардың басында шабуыл жасайды деген болжамын сол күйінде қалдырды. Жалпы аталмыш кездесу айтарлықтай еш өзгеріс әкелген жоқ, ал басты тақырып сол Украина болып қалды. АҚШ Ресей жақын арада 175 000 сарбазбен басып кіреді деген болжамын айтуда.

Вашингтон Мәскеу Украинаға басып кірсе оны қалай тежеу керектігі туралы бірнеше сценарий дайындап қойғанын ашық айтты. Ол экономикалық қатаң санкциялардан бастап, Еуропаға әскер жіберу, Украинаға ұшақтар мен зымырандар беруге дейінгі шаралар жиынтығынан тұрады. Ал егер бұл әрекеттер АҚШ пен Ресей қақтығысына ұласса, онда Вашингтон бірнеше жауап нұсқаларын дайындапты.

Жалпы қазіргі уақытта Украина шекарасы маңында қанша әскер топтасқан. Ақпараттар әртүрлі. Қараша айының соңында Bloomberg агенттігі АҚШ барлау қызметі НАТО-дағы одақтастарды Ресейдің құрлықтағы әскерлерінің саны туралы хабардар еткенін айтты. Көршілес Украинамен шекарада 50-ге жуық батальондық тактикалық топтар немесе беске жуық дивизия шоғырланған. Батальондық тактикалық топтар (БТҚ) – бронетранспортерлерден, мотоатқыштардан, артиллериялық және әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінен және дербес іс-қимыл жасауға қабілетті автономды жауынгерлік топтардан тұрады. Барлау күштері бұл сан ақырында жүз мыңға немесе 175 000 әскерге жетуі мүмкін деп санайды.

АҚШ пен НАТО Путин тікелей шабуылға көшу қабілетін зерттеуде. Ал сейсенбідегі кездесу барысында Путин шабуыл жасамайтынын, әскер Ресей аумағында тұрғанын айтып, Байденді сендірмек болған еді. Путин Ресейдің алаңдаулы екенін, оған басты себеп НАТО-ның жылдам қарқынмен шығысқа жылжып келе жатуын айтты.

Дей-тұра Путин Украинаға шабуыл жасап, оның бір бөлігін тартып алуы мүмкін. Оны Қырымда көрсетті. Тіпті Киевте майдан жасап Мәскеуге бағынышты болатын күштерді билікке әкелуді де жоспарлауы ғажап емес, ал маневр нұсқалары таусылған сәтте үш бағытта шабуылға шығып, ашық соғысқа өтуі де мүмкін дейді сарапшылар.

Popular Mechanics АҚШ Ресейге қалай қарсы тұратынын болжап, бірнеше нұсқаларды келтіреді. Біріншісі орыс әскерінің не істеп жатқанын білу үшін оларды бақылауды күшейту. АҚШ армиясы Калининград және Ресей-Украина шекарасындағы ресейлік әскерлерді бақылау үшін Балтық жағалауынан бастап тұтас Шығыс Еуропада RC-12 Guardrail барлау ұшақтарын пайдалана бастады. Олар күніне бірнеше мәрте барлау жүргізіп, суретке түсіріп, орталық штабқа ақпарат жеткізуде.

RQ-4 Global Hawk — Википедия

Сонымен қатар АҚШ-тың Әскери-әуе күштері RQ-4 Global Hawk дрондарын пайдаланып бақылау миссияларының санын арттыруда. Көлемі Boeing 737 жолаушылар лайнеріндей дрондар әдетте Сицилиядан ұшып, Украина мен Қара теңіздің үстінен барлау жүргізе отырып Ресейдің шекаралық аймақтарын да суретке түсіріп үлгеруде. Қажет болған жағдайда Украинаның өзінде арнайы операциялық күштер жұмыс істей алады. Олар Ресейдің құрлықтағы күштерін бақылап, ақпарат жинақтауға қабілетті.

Егер АҚШ Ресейдің алдағы апталарда шабуылға дайындалып жатқанын анықтаса, онда Пентагон Еуропаға құрлық күштерін жіберуге дайын екендігін мәлімдеді. Атлант мұхиты арқылы танктерді, жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналарын және басқа да ауыр техникаларды АҚШ тез арада жеткізу қабілетіне ие. Сонымен қатар Вашингтон Киев заң қабылдап, өз аумағында жеке әскери компаниялардың соғысуына рұқсат беруі мүмкін дейді. Ондай жағдайда Таяу Шығыстағы соғыстарда үлкен тәжірибеге ие АҚШ пен Ұлыбританияның жеке әскери компаниялары қатысуы мүмкін. Ал олардың соғыс жүргізу тактикасы жоғары және Ресейдің ВАГНЕР күштерін Сирияда талқандап тастаған да солар еді.

Әрине, Әскери-теңіз күштері де араласады. Американдық ұавианосецтер де қатысуы мүмкін. Олардың әрқайсысы 154 Tomahawk қанатты зымырандарымен жабдықталған. Бірақ оны қолдану қажеттілігі туындамайтыны анық, себебі ол Вашингтон-Мәскеу тікелей қақтығысна ұласары анық. Сондықтан Пентагон оны тек қана Украинаға әскери техника жеткізу үшін және ұрыс қимылдары кең аймаққа таралмау үшін ұстап тұруы мүмкін дейді сарапшылар.

Lockheed/Boeing F-22 Raptor — Википедия

Ал ұрыс қимылдары кеңейіп, Ресей сол маңдағы АҚШ сарбаздарына соққы беруге тырсса, онда АҚШ-тың әскери-әуе күштері ұзақ қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандарымен шешуші соққы жасай алады. F-22 Raptor, F-35 Joint Strike Fighter және F-15E Strike Eagle сияқты жойғыштар мен бомбалаушы ұшақтар Атлант мұхитынан өтіп, Украинамен шекаралас Польша мен Румыниядағы НАТО базаларына қонады. Американдық стратегтер B-1B Lancer бомбалаушы ұшақтарын жау нысандарын жою үшін қолдану мүмкіндігін айтуда. Бір мұндай ұшақ 24 дана «әуе-жер» зымырандарын алып жүру қабілетіне ие. Демек он B-1B эскадрильясы 240-қа дейін жеке нысанаға соққы бере алады, бұл Ресейдің басқыншылық күшін талқандап тастайды деген сөз. «Бір сөзбен айтқанда бір сағатта Ресейдің омыртқасын сындырады», - дейді Popular Mechanics сарапшылары.

ВВС США оснащают бомбардировщик В-1В гиперзвуковым оружием - Газета.Ru
Дегенмен Ресейдің ашық соғысқа көшуі екіталай. Мәскеудің маневрлар саны Батыстан әлдеқайда аз және қаржылық мүмкіндігі де шектеулі. Сондықтан Ресей ішкі мәселесінен халықтың назарын сыртқа аудару үшін аталмыш қадамға барып, әскерін Украина шекарасы маңына шоғырландыруда дейді мамандар.

Ка Мырза

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590