Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4947 0 пікір 21 Тамыз, 2012 сағат 11:48

«МАЛҒА ДОСТЫҢ МҰҢЫ ЖОҚ, МАЛДАН БАСҚА...»

Алдағы қыркүйек айында Ақордада идеологиялық жұмыстарға байланысты үлкен жиын өтетiнi мәлiм болып отыр. Мұндай алқалы жиын 2002 жылы өткен екен. Содан бергi он жылда құндылықтар мен идеялардың өзгергенi мәлiм. Алайда қазақ қоғамы әлi күнге дейiн қандай құндылықтар негiзiнде өркениеттi қоғам құру қажеттiгiн түсiне алмаған секiлдi.

Алдағы қыркүйек айында Ақордада идеологиялық жұмыстарға байланысты үлкен жиын өтетiнi мәлiм болып отыр. Мұндай алқалы жиын 2002 жылы өткен екен. Содан бергi он жылда құндылықтар мен идеялардың өзгергенi мәлiм. Алайда қазақ қоғамы әлi күнге дейiн қандай құндылықтар негiзiнде өркениеттi қоғам құру қажеттiгiн түсiне алмаған секiлдi.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақ­станның әлеуметтік модернизациясы. Қоғамға 20 қадам» атты мақаласы жарияланғалы да бір айдан астам уақыт өтті. Қоғам бұл мақаланы қызу талқылағанымен, қайраткерлердің негізгі ұстанымын, қазақ қоғамының алдағы бағыты жайлы ұсыныстарын аз естиміз. Керісінше, «Әлеуметтік модернизация» мақаласын құрғақ мақтау басым. 
Жасыратыны жоқ, қоғамдағы бұған дейін ұранға айналған «алдымен - экономика, сосын - саясат» ұстанымының ескіргені мойындалып отыр. Бұған дейін татулығы мен тыныштығын мақтан ететін Қазақстанда соңғы жылдары терроризмнің элементтері мен радикалды діни бағыт өкілдерінің қоғамға деген наразылығын өзін-өзі жару арқылы көрсетуі, Жаңаөзен оқиғасы - әлеуметтік проблемалардың пісіп жетілгендігін паш етеді. Президент аталған мақаласында Жаңаөзен оқиғасының қайталанбауын қадағалау қажеттілігіне баса маңыз берді. Дегенмен әлеуметтік дүмпулердің Қазақстанның түкпір-түкпірінде ішінара көрініс беруі - Қазақстандағы әлеуметтік дағдарыстың айғағындай. Жаңаөзен мұнайшыларынан кейін Балқашта «Қазақмыс», Теміртауда «Арселор Миттал» кеншілері де наразылықтарын білдіріп, ереуілдетіп басылды. 
Дәл осы сәтте биліктің, Елбасының «жаңа идеологияны» ұсынуын, оны осы күзде талқылауды мақсат етуін немен түсінуге болады? Осы мәселеге орай «Централ Азия Монитор» газетіне сұхбат берген саясаттанушы Айдос Сарым мұны былай түсіндіреді: «Меніңше, күні бүгінге дейін билік тарапынан насихатталып келген саяси тезис­тер мен құндылықтар өзектілігін жойды. Осы тұрғыдан алып қарасақ, «Жаңа идеология» - бұл «жаңа саяси күн тәртібін» қалыптастыруға деген қадам ғана. Егер қазіргі билік өзінен кейін қалыпты және дамыған мемлекет қалдыруды мақсат етсе, қазірден бастап қазіргі заманғы қоғамдық институттарды құрып, дамытып, олардың іргесін бекіту қажет. Бұл институттар болашақта елдің тәуелсіздігінің кепіліне айналары сөзсіз. Бірақ мен жекелеген салалар мен бөлімдерді модернизациялап, қалғандарына тиіспеу қажет дегенге онша сене бермеймін. Қазақстанда жаппай идеологиялардың уақыты өтті. Енді құндылықтар мен идеялардың заманы туып отыр». Біздің қоғам қандай құндылықтарға зәру, қандай идеялар аясында жұмыс істеуіміз керек? Бүгінгі күннің негізгі сауалы осы. Қазіргі негізгі бағыт - қоғамды салауатты да, салиқалы, саламатты, азат ойлы қоғам ретінде тәрбиелеу. Елбасы өз мақаласында: «Өз кезегінде мына сауалдарға жауап беруді талап етеді: жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, жаһандық дауылдарға қарсы төтеп беру үшін біздің Қазақстан қоғамы қандай болуы қажет? Бүгінгі таңда бүкіл әлем тұтыну идеологиясының аса дертті идеология екендігіне көз жеткізді. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдықты тудырды және әлемдік дағдарыстың маңызды бір салдары болып отыр», - дейді. Өйткені «қарын тойдыру идеологиясы» алға озғанда, қоғамның рухани қажеттіліктері, мәдени құндылықтары, ұлттық ерекшеліктері екінші деңгейге ысырылады. Бүгін соның салдарын ұғына бастадық. Осыдан жиырма жыл бұрын қазақ қоғамында - мемлекеттік тілді алға оздыру негізгі проблеманың бірі болған болса, жиырма жылдан кейін де осы мәселе көлденеңдеп алға шықты. Әлі күнге дейін қоғамның біртектілігі, бір идеология, бір мақсат - Ұлттық Қазақ мемлекетін құру мәселесі жайлы сөз болса, осқырына қарайтындар көп. Соның салдарынан болар, қазақ ақпараты ұлттық батыр деңгейінде сипаттайтын тұлғалар орыс тілді ақпаратта әлі күнге дейін «халық жауы» ретінде дәріптеледі. Оның айқын дәлелін алыстан іздемей-ақ, Мұстафа Шоқайды фашистердің құйыршығы ретінде айыптаған өскемендік «Flash» газетінің «Қазақтың Власовы, фашистердiң құйыршығы», «Мұстафа Шоқай - Қазақстан мен Орта Азияның бола алмай қалған әмiршiсi, фашистiк ұйымның басшысы, «Түркiстан легионының» идеялық жетекшiлерiнiң бiрi» деген айыптар таққан екi бiрдей мақаланы жариялауын алға тартсақ та жеткілікті. «Мұстафа Шоқай жолымен» деректі фильмінің авторы, ақын Қасымхан Бегманов бұл басылымды және оның авторын сотқа бергенімен қалалық сотта жеңіліс тауып, облыстық сотта ғана жеңіске жете алды. Яғни қоғамның екітілділігінің салдарынан идеология да қос бағытта. Қазақ ақпараты - мемлекеттік тілді, ұлттық мемлекет құруды насихаттаса, орыстілді ақпарат - ресейлік құндылықтарды насихаттайды. Қазақ тілі алға бір қадам озса, орыс тілі далада қалды деп байбалам салады. Алайда мемлекеттік тілдің рөлін атқарып отырған орыс тіліндегі ақпараттың үні басым, қазақ ақпараты құмығыңқы. Оның үнін билік естігісі келмейді. Ал өзге қоғамды алып қарасаңыз, мемлекеттік құндылықтар, ұлттық мақтаныш мәселелері жыл өткен сайын алға ұмтылуда. 
Marted? il Kazakistan ha vinto un?altra medaglia d?oro e ha segnato un altro record nel sollevamento pesi donne quando Maiya Maneza, altra giovane di etnia Dungan, ha sollevato 245 kg nelle specialit? combinate di ?strappo? e ?slancio?. Di nuovo per curiosit?, ho cercato un video di Maneza che parla russo, ma mentre navigavo su YouTube, sono incappato in quella che penso sia la prova inconfutabile che sia Chinshanlo che Maneza provengono davvero dalla Cina e che questo non ? un gran segreto nemmeno in Kazakistan?.
Рас, Қазақстан - бай мемлекет. Сол себепті де әлемдік дағдарыстардың басым бөлігін еңсеріп келеді. Бірақ рухани деградация қоғамның тамырын терең жайлап барады. «Централ Азия Монитор» газетінде Мади Әлімовтің «Идеологичес­кий вакуум» атты мақаласы жарияланыпты. «Қазақстандық мемлекеттік құрылыстың аздаған тәжірибесі, кеуекті - тек табиғат қана емес, идеология да көтере алмайтынын дәлелдеді. Рухани бостандық болмаса, саяси және экономикалық тәуелсіздік мәнін жоғалтпаса да, сапасынан айырылады. Рухани бостандығы, нағыз сенімі жоқ мемлекет пен қоғамның болашағы қандай болмақ? Егер олар құндылықтардың дәстүрлі иерархиясын жалғастыра алмаса, егер басты мәселе - елдің, халықтың мүддесі емес, жекелеген әлеуметтік топтардың немесе корпоративтік қауымдастықтың мүддесі болса, елдің болашағы қандай болмақ? Қазіргі сәтте 1990 жылдары қалыптасқан біздің басқарушы элита дәуірдің тарихи түйткілдеріне және елдің болашағына балта шабар проблемаларды қалай шешуге болады деген сауалға салиқалы жауап беруге қауқары жетпей отыр. Нарық реформасының басталуымен, біздің азаматтарға дамудың тұтыну моделі ұсынылды. Нәтижесінде өмір сүрудің жайлылығы туралы тезис ұлттық идеологияға айнала жаздады. Осы идеологияның бастауы Американың өзінде азаматтарға тұтыну моделін ұлттық идеология ретінде ұсынудың қауіптілігін сезінгелі де біраз уақыт өтті», - дейді ол. 
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылында қазақ қоғамына ұсынылған ұлттық идеологияны көз алдымызға елестете алар емеспіз. Ең бастысы, Қазақ мемлекеттігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, оның баяндылығы үшін барыңды сарп ету - мақсат болғаны айқын. Алайда, ол орыстілді Қазақстан ба, жоқ - қазақ құндылықтарын паш еткен қазақтілді Қазақстан ба? Осының аражігі бүгінге дейін ашылмады. Қоғам екітілді дейміз. Алайда екітілді тек қазақ қоғамы. Орыс қоғамы - екітілді болуға ұмтылмады, ұмтылғысы да келмейді. Өйткені оларға бұның қажеттілігі жоқ. 20 жылда қазақша сөйлеу қажет, үйрену керек деген сананы сіңіре алмауымыз - кімнің трагедиясы? Билік күн өткен сайын жиындарды, мәртебелі мінберлердегі жарыссөздерді орысша өткізуді көбейтпесе, азайтпай отыр. Бір кездері Үкімет жиынын тек қана қазақ тілінде өткіземіз деп жар салған Кәрімов үкіметінің бұл салада қол жеткізген жетістігі не? «Тілі жоғалған ұлттың - өзі де жоғалады» деген Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың өткен ғасырдың басындағы тезисі күні бүгінге дейін өзекті екендігін ескерсек, «мен - қазақпын, бірақ, қазақша білмеймін» деп кеуде керетіндердің пиғылын немен түсіндіруге болады?!. Қазіргі қоғам тек орыстілді ғана емес, сонымен қатар ағылшынтілді қоғамға айналып барады. Бірақ қазақтілді емес. Әсіресе, саяси элита мен оның айналасындағылар туралы осыны айтуға болады. Билік 2020 жылға қарай Қазақстан қоғамының 95% қазақша сөйлейтініне кепілдік береді, бірақ оны қалай сөйлетуге болатынын ойластыра алмай отыр. Осы кезеңде Қазақстан халқының 20% ағылшынша меңгеретін болады дейміз. Алайда осы қарқынмен кете берсек, ағылшын тілін білетіндердің саны қазақ тілін білетіндерден анағұрлым артық болуы да мүмкін! Өйткені ағылшын тілін меңгерудің кезеңдері, деңгейлері анықталған және үйретудің әдістері өте тамаша қиыстырылған. Әрі оған қажеттілік бар. Қазақ тілін меңгерудің, оны үйретудің амал әдістерін 20 жылда жасай алмай отырмыз. Бұл салаға бөлінген қаржы құмға сіңген судай, құрдымға кетті. Сонымен қазақ тілін үйрену мәселесі де жылы жабылды. Қазақ тілін үйренуге деген қажеттілік те жоқ. Тіпті мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді тұрмыстық деңгейде үйренуі тиіс деген талапты қоюдың өзі біз үшін қорқынышты түске айналған сияқты. 
Сонда біздің қоғамның құндылығы не болмақ? Ұлы Абай ашынғанда «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» деп күңіренген екен қарынбайлардың тоғышарлығынан түңіліп. Ал біздің қоғамда мұны сәл өзгертсек «Тілге достың мұңы жоқ, тілден басқа». Бірақ сол тілге достың аз болып тұрғаны қынжылтады. Қоғам өзгерді, қоғам мен бірге құндылықтар да, идеялар да өзгерді. Ал біз ХХІ ғасырдағы Қазақстанды дамыған, инновациялық технологияларымен алға озған, қазақтілді Қазақстан ретінде көргіміз келеді. Ол үшін тек қазақ қана емес, бүкіл Қазақстан тұрғындарының санасына осы құндылықты сіңіре білуіміз қажет!

ЕсенгүлКәпқызы

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580