Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Қауіп еткеннен айтамын 5699 14 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 14:30

Көршінің көлеңкесі: Қытайдан қалай қорғанамыз?

ІРІГЕН АУЗЫМНАН, ШІРІГЕН СӨЗ ШЫҒАДЫ...

(немесе жаман айтпай жақсы жоқ)

Соңғы жылдары армяндар НАТО-мен ынтымақтасып, ресейліктердің ашу-ызасын тудырғаны белгілі. Нәтижесінде Әзірбайжанмен арада соғыс болғанда Ресейдің оларды қорғағысы келмегенін бәріміз  көрдік. Орыстар ғаламторда армяндарды жамандап көп жазды.

Енді елімізге оралайық. Менің ойым төмендегідей.

Қытай  Қазақстанды өзіне қалай қосып алатын айла-амалын баяғыда жоспарлап қойған. Оны төмендегі тәсілдермен жүзеге асыруға тырысады.

Қазақтарды  Ресеймен араздастырады.

1. Алдымен, Қазақстанды Ресейге емес, Қытайға экономикалық тәуелді болдырады. Қазақстандағы ең тиімсіз жобалар үшін әдейі қыруар қаржыны қарызға беріп, қазақтарды қарызға батырып, тәуелді етеді. Ол сондай-ақ экспорттық табысымен де қысады.

2. Сонымен қатар Ресейді де экономикалық жағынан өзіне тәуелді етеді. Ол Ресейлік мұнай, газ, орман және көмір қатарлы көптеген экспорттық шикізатын сатып алушы болып, табыс көзіне айналады. Сосын Ресейге ең қажетті өнеркәсіп тауарларын жеткізуші ретінде пайда тауып, өзіне тіптен тәуелді етеді. Бұларды ақырында Ресейге қысым көрсету үшін пайдаланатын болады.

3. Ресейдің АҚШ пен НАТО-ға дұшпандығын өршітіп, Ресейдің басты  одақтасы Қытай екеніне орыстарды сендіреді.

4. Қазақтардың АҚШ және Тұран одағы, Түркі халықтары бірлігі т.с.с желеулер арқылы Ресей мен Қазақстанқарым-қатынасы нашарлайды деп күтеді.

5. Қазақстанға қомақты инвестиция салады. Бірлескен кәсіпорын құру.(Құрылып та жатыр, 50 кәсіпорын) Содан кейін олар өз инвестицияларын қорғау үшін әскер кіргізудіңнегізін қалайды. Банктерін ашып, көбірек несие беріп,қарызға батырады. Қазақтардың барлық байлығын  несиелік кепілге алады.

6. Қазақ жерінде Қытай инвестициясы бар компаниялар,Қытай азаматтары және қазақтар арасында төбелес, кісі өлімін ұйымдастыру. Содан кейін «қазақтарҚытай азаматтарына шабуыл жасап жатыр, өз инвестициямызды қорғаймыз», - деп мәлімдейді. Сондай-ақ,аса көп қарызға батқан Қазақстаннанқарызын төлеуді талап етеді. Бұл ретте Қытайлық компаниялар мен жеке тұлғаларға ҚазақстанҮкіметінің оларды қорғамай отырғаны туралы жүйелі түрде хабарлама таратып отырады.

7. Қазақстанмен шекарадағы дау. Қытай мен Қазақстанәскерлері арасында төбелес, кішігірім қақтығыстар ұйымдастыра бастайды. Содан кейін «Қазақстан әскерлері Қытай әскерлеріне оқ жаудырды, сонша әскер  қаза тапты», - деп дауырықтырып хабарлай бастайды.

8. АҚШ бастаған НАТО елдерінің қандайбір елге қарсы агрессияны жасауын және халықаралық жағдайдың тұрақсыздануын күтеді.

9. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалса, дайындық аяқталды деп санауға болады. Содан кейін ол өзінің негізгі қызметін бастайды.

Кенет  тікелей Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент  сияқты ірі мегаполис қалаларға Қытай десантшыларын түсіреді. Негізгі мемлекеттік органдарды жылдам басып алады. Қытай әскері шекарадан тас төселген жолмен өтіп,  жарты күнде танктер колоннасы Өскемен, Алматы, Талдықорған, Тараз, Балқашға кіріп келеді. Қазақстанның аздаған әскери бөлімдері бірнеше зымыранмен бомбалап, жойып жібереді.

10. Қытай Ресейге Қазақ жері бастапқыда Қытайдың бір бөлігі болғанын және қазір жоғалтқан территориясын қайтарып алғанын мәлімдейді. Бұл шабуылды Қытай Батыс пен АҚШ-пен қарым-қатынасы нашарлаған кезде жасайтындықтан ол елдердің наразылықтарын елемейді.

«Сендер Косовоға, Иракқа, Ауғанстанға қалай басып кіріп едіңдер? Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсатынсыз агрессия жасадыңдар емес пе?  БҰҰ-ын елемей, ол елдерді қираттыңдар емес пе? Өздеріңе де бір  қарап алыңдар», - деп олармен ұстасады.

Дәл сол кез НАТО ең болмағанда басқа елге (мысалы, Иранға) қарсы агрессия жасау сәтімен тұспа-тұс келгендіктен олар үнсіз қалады. Көп болса Қытайға қарсы уақытша экономикалық санкциялар салады, Қытай онысын алып та сөйлеспейді.

11. Ресей Федерациясы наразылық білдіреді. Олар өз әскерін Қазақстан шекарасына жақындата бастайды. Бірақ Қытаймен соғыс болмайды. Оны жеңу мүмкін емес. Қытай мұны өте жақсы біледі. Ресейге негізгі сауда серіктесі болған және АҚШ-қа қарсы негізгі одақтас болған Қытайға Қазақстан үшін ядролық соғыс ашып қажеті не?.

Өйткені, қазақтар Ресейдің басты жауы НАТО-мен және Тұран-түркі елдерімен ынтымақтасу т.с.с мінез көрсетіп, олардың ашуына тиіп келді емес пе?.. «Қане сенің үшінші көршің? Қанша көршің бар екенін білесің бе?» деп орыстар айтатын болады.

12. Қытай өз тарапынан РФ-ға аса мол қаржы несиеұсынады. Тіпті болмаса, СҚО және солтүстіктегі аты да заты да қазақиланбаған тағы бір-екі облысты беріп, келісім жасауды ұсынады.Қытайәскерін Қазақстаннан шығара алмайтынын түсінген Ресей бұл ұсынысты қабылдауға мәжбүр болады.

13. Қазақстанның кейбір мемлекеттік ұйымдары таратылып, кейбіреулері сақталады. Сосын Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағына біріктіріледі. Басшылыққа Шыңжаңдабірнеше ұрпақ бойы өмір сүрген, Қытайға будан қазақтардың кейбірін марапаттап, қызметке орналастырады. Бірақ, әрине, негізгі басшылық Пекиннен келеді.

14. Байлық, брендтік тауарлар, коттедж үй, көліктерімен ғана бәсекелесуден басқаны білмейтін жанкешті қазақтар кенет қолдарында қаруы жоқ екенін түсінеді. «Ланд 570» пен «бұлғын шубасының» орнына зеңбірек, ұшқышсыз ұшақтар мен зениттік зымырандар маңыздырақ екенін түсінетін болды.

Еркектерді әскерге алайын десе заманауи қаруы жоқ, жартысы әскерден қашқан, денсаулығы жарамсыз болған, әскери өнерден мақұрым, семірген, ақсаусақтар болса, қалған жартысының да мәселесі жетерлік, отбасын асырау үшін күндік табысын әрең табатын жұмыс (такси, күзет) істеп жүр.

Батыс елдері, НАТО-ның,  АҚШ-тың Қазақстанға ара түсіп қорғау үшін Қытаймен соғыспайтынын, көмектеспейтінін қазақтар кеш түсінеді. Бірыңғай басқарудан айырылған, қаңғыбас мал сияқтылардың сап түзеп, митинг жасап, жиналуына тыйым салынады. Наразылық білдірушілер тұтқындалып, концлагерьлерде із-түзсіз жоғалып кетеді.

Мұнай, газ, басқа да табиғи байлыққа толы ордалар үшін батыс компаниялары Қытай үкіметімен келіссөздер жүргізеді.

15. 20-30 миллион Қытай тез арада Қазақстанға көшіріледі. Қазақтар азшылық болады. Екі баладан артық тууға тыйым салынады.

Міне бітті.

«Аузыңа атан түйе тепсін», «жағыңа жылан жұмыртқаласын», «ірігеннің аузынан шіріген сөз шығады» деп ойлап отырсың? Дәл солай ойлайтыныңды білемін. Онда мен айтайын. Атам «қазақ жаман айтпай жақсы жоқ» деген. Жаман ырым деген де  болмайды. Ғылыми дәлелденбеген.

Мен жаман адам емеспін, мен жай ғана сақ-қырағы адаммын. Мәселені  сол тұрған күйінде көруге тырысатын адаммын. Егер біреу Қытайлықтар мұны істемейді деп ойласа, Конпуцийдің «Соғыс өнері» кітабын оқысын. Қытайлықтар осы кітапқа табынады.

«Соғыс - толассыз жалғасатын алдау мен арбау. Оң жағынан шу шығарып, сол жағынан шабуыл жаса. Алыс болсаң - жақындамын деп, жақын болсаң - алыстамын деп жауыңды сендір. Әлсіз болсаң - күшті болып көрін. Күшің бар болса, оны қолданбайтын түр көрсет».

Тайваньды жеңіп, басып алды, біріктіріп алды. Бүгінде «Қазақстанның Тәуелсіздігін құрметтейміз, бәлду-бәлду», - деп айтуда. Бұл айдаһар кенеттен селк еткізетін сиқырлық көрсете алатын өте ыңғайсыз көрші. Ең үлкен әскери округтерінің бірі Қазақстан шекарасына жақын орналасқан.

Олар бәрін осылай жасайды, сенімді түрде дәлелдеп айтайын деп отырған жоқпын, бірақ мұны істеуге қабілеті де, ақыл-айласы да бар ел екенін айтқым келеді.

Бір миллиард 300 миллион халқы бар ел. Жер көлемі әлемде алғашқы ондыққа кірсе де, небәрі жиырма миллионға жетпейтін халқы бар, кең-байтақ жері бос жатқан, қабырғасындағы әлсіз көршісіне ашкөздікпен қомағайлана қарамайды деп ойлау ақымақтық болар.

Осылай болуы мүмкін шығар, дәл осындай болуға ақырын сырғып бара жатырмыз дегенді қазақтарға ұқтырып, мұның алдын алуды ескерту болмақ.

Жоғарыда аталғандардың алғашқы бесеуі әлдеқашан орындалып та қойған.

Алайда, біз, қазақтар, бұл қауіпті ерте түсініп, жеке бас қамын ойлап өмір сүруді тоқтатып, белімізді бекем буып, елімізді индустриялық және технологиялық дамыған елге айналдыру үшін бар күш-жігерімізді жұмылдырсақ, қоғам игілігі үшін жеке мүддені екінші орынға қою идеясын сіңіріп, сыртқы саясатты дұрыс ұстансақ, ондай жамандықтан аулақ бола аламыз.

Ең бастысы, Ресейге жақын болу, тіпті НАТО-ға жақын болу, Түркі елдері одағымен бірлесу деген үшайырық саясат – Қазақстан үшін бір уақытта жасау еш мүмкін емес, керағар дүниелер. Мұндай қарама-қарсылықтар бір уақытта ақиқат бола алмайтын логикалық заңы бар.

Бұл үшеуі бір-біріне жау. Бұл өте қауіпті ойын. Қателесуге болмайтын үлкен аран.

Қазақстанның артында тұрып бере алатын қандайбір нақты үлкен империялық күш жоқ болатын болса, бұл Қытай үшін «алма піс - аузыма түс» дейтін аса үлкен мүмкіндік болмақ.

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

14 пікір