Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3104 0 пікір 20 Тамыз, 2012 сағат 09:04

ҚБТУ – қазақтарды тұқырту аралы ма?!

Немесе «бөлінгенді бөрі жейді»!

Қазақтілділер өз құқығын қорғауда шарасыз болып отыр. Бұл сала бойынша Қазақстанда әзірге алға шыққан бір де бір құқыққорғау ұйымы жоқ. Тіпті, Астананың №48 мектеп-гимназиясын «Алтын белгімен» бітірген Жанна Үрбісінованың ҚБТУ-ға қазақ орта мектебін бітіргені үшін алынбау дерегінсіз де, елдің прокуратура органдары бұған ҚБТУ құрылған күннен бастап назар аударуы керек еді. Елдің мемлекеттік құқық күзету органдарынан қазақтілділер күдерін үзген. Жас түлек сол себепті де өз құқығын қорғау үшін «Ақ жол» партиясына шығуға мәжбүр болды. Бұл елде құқық күзету (мұны құқыққорғаумен шатастыруға болмайды) саласына қазақтілді азаматтардың ықпалы мен қатынасының аздығын ғана емес,бұл саладағы қазақтілді азаматтардың осалдығы мен шарасыздығын көрсетіп келе жатқан оқиға бұл ғана емес.

«Қазақ» ұлтының атымен аталатын (айтпақшы, «Қазақ-британ» аталатын университеттің атауы бұрмаланып «Қазақстан-Британ» аталуы да назар аударарлық: KBTU - Казахстанско-Британский технический университет) елдегі басты жоғарғы оқу мекемелерінің (ЖОМ) бірі қазақтілділер құқығын таптауда бұлайша еркінсуі ҚР Білім және ғылым министрлігінің де бұл жайтқа көз жұмумен келе жатқандығын және өз міндетіне атүсті қарайтындығын көрсетті.

Аталмыш құқықтық берекесіздік пен осалдықты тек қана қоғам болып жұмыла жеңетіндігімізге назар аудара отырып, елде тапталып отырған қазақтілді азаматтар құқығын қорғауға біліктенген қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардан коалиция құруды ұсынамыз.

«Тілмайдан» виртуал ақпарат кіндігі

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565