Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3098 0 пікір 20 Тамыз, 2012 сағат 08:39

Дина Құдайбергенова. Мелдехановқа мәслихат депутаттығы не үшін керек болды?

«Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратының назарына!

Құрметті, Abai.kz ақпараттық порталының редакциясы!

Сіздерге амалым қалмағандықтан хат жазып отырмын.  Журналист емеспін,  сондықтан  болған оқиғаны баяндап қана қоямын. Егер қажет етсеңіздер  хатта айтылған заңсыздықтардың бәріне құжат бере аламын.

«Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратының назарына!

Құрметті, Abai.kz ақпараттық порталының редакциясы!

Сіздерге амалым қалмағандықтан хат жазып отырмын.  Журналист емеспін,  сондықтан  болған оқиғаны баяндап қана қоямын. Егер қажет етсеңіздер  хатта айтылған заңсыздықтардың бәріне құжат бере аламын.

Мен, Құдайбергенова Дина  Оңтүстік Қазақстан облысындағы «атышулы» азаматтардың бірі  Өмірзақ Пердебекұлы Мелдехановпен  2012 жылдың шілде айына дейін заңды некеде тұрдым.  Ол біраз жылдан бері «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалын басқарады, қазіргі таңда облыстық мәслихаттың депутаты, сондай-ақ  жергілікті өзін-өзі басқару және азаматтардың құқын қамтамасыз ететін комиссияның төрағасы. Бұл комиссия құқық  қорғау органдарының қызметін бақылайтыны белгілі. Солай бола тұра, Ө.П.Мелдеханов  мені және үш баламды өз лауазымы мен тұрмысына сай лайықты қамтамасыз етпей отыр.  Табыстарының бәрін қасақана жасырып бар болғаны 20 мың алимент төлейді. Үш жыл бұрын балаларыммен үйден қуып шыққан. Анамның атындағы  мейрамхананы қорқыту жолымен тартып алып, бірінші әйелі Гүлстан Мелдеханованың атына тіркеп қойды. Осылай біз үшін табыс табудың жолын кесті. Қазір біз заң бойынша 600 кв.м кең сарайдай үйіміз бола тұра  туыстарымыздың пәтерінде тұрып жатырмыз.  Кредитке алынған менің автокөлігімді  жалған құжат жасау жолымен сатып алу және сату  келісімінсіз-ақ нотариат қызметін мүлдем қатыстырмай, менің мерзімі өтіп кеткен жеке куәлігімді көрсетіп  үшінші тұлғаға сатып жіберді. Осы кезге дейін өз құқымды қорғау үшін , заң шеңберінде ОҚО-ның құқық органдары, соттардың табалдырығын тоздырып келемін, бірақ ешқандай нәтиже шығар емес. Қолымдағы құжаттарға қарамастан  барлық құқық органдары көзжұмбайлыққа салынып отыр.  2011 жылы өткен сайлауда Мелдеханов  менің атымнан 500 000 доллары бар деп банктердің есеп-шотын өтірік  көрсетіп  жалған декларация толтырып жіберген. Менің банктерде есеп-шотымда, мұндай қаражатым да болған емес. Және солай екендігін банктер берген анықтама арқылы дәлелдей аламын. Осы жағдайды баяндап Прокуратура, Финполицияға шағымдар түсірдім. Алдын-ала тексеруде  менің атымнан басқа біреудің қол қойып, жалған декларация өткізілгені анықталды. Бірақ, финполиция  мұны да заңды деп тауып, шешім қабылдаған жоқ. Қазір не істеу керек екенін білмеймін, сондықтан сіздерге хабарласып отырмын, не істеуге болады? Бұл оңтүстіктегі азаматтардың құқын қамтамасыз ететін комиссия төрағасының істеп отырған әрекеттері. Өз отбасының құқын таптаған адам, өзгенің құқын қалай қорғайды? Қазір мені Мелдехановқа  облыстық мәслихатқа депутат болу және  құқық қорғау органдарына бақылау жасайтын  комиссияны басқару не үшін керек болды деген сұрақ толғандырады, өзінің заңсыздықтарын жасыру үшін бе?

Құдайбергенова Дина.

ОҚО, Шымкент қаласы,

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522