Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2605 7 пікір 6 Желтоқсан, 2021 сағат 15:50

Дума спикері: КСРО-ның ыдырауы ұлы трагедия

Ресейдің Мемлекеттік Думан спикері Вячеслав Володин 5 желтоқсанда өзінің Telegram-арнасында КСРО-ның ыдырауының себептері туралы сауалнама жариялады. Саясаткердің өз ойынша, Кеңес Одағының ыдырауы ел тұрғындары үшін ұлы трагедия, өйткені «бұрынғы уақытта қорғалған, салынған және жасалғанның бәрі күйреген».

«Бүгінге дейін КСРО-ның ыдырауына қатысты неше түрлі пікірлер айтылып келеді», - дейді. Володин өз арнасындағы дауыс берушілер үшін бес жауап нұсқасының бірін таңдауға шақырды. Нұсқалар келесідей еді: ел басшылығының әлсіздігі, партиялық элитаның сатқындығы, дүкендердегі бос сөрелер (тапшылық), саясатта бәсекелестіктің жоқтығы - бір партияның билігіне монополия (Коммунистік партия) және шетелдік араласу.

Сауалнамаға 11 мыңнан астам адам жауап беріп үлгерді. Қолданушылардың 54%-ы элитаның сатқындығын, 23%-ы – шетелдік араласуды, 12%-ы – әлсіз басшылықты, 10%-ы – үкіметте бәсекелестіктің жоқтығын, 1%-ы дүкендердегі бос сөрелерді (тапшылық) таңдаған.

Саясаткер жазбаға тпікір білдіруді ашық қалдырып, 1,9 мыңнан астам адам пікір білдіріпті.

Abai.kz

7 пікір