Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3104 0 пікір 26 Шілде, 2012 сағат 17:26

Өндіріс жолға қойылған. Өнімге деген сұраныста мол

«Ордабасы» индустриялды аймағында орта және шағын бизнестi дамыту iсiне де ерекше басымдық берiлген. Өндiрiс алаңдарын құруға жұмсалатын шығындарды азайтуға көңiл бөлетiн кәсiпорындар  «Айдын Жолы» ЖШС-i шаруашылық сабын шығару iсiн жандандырса, «КазТермоПласт» ЖШС-i пластикалық құбырлар шығаруда қолға алған. Шағын кәсiпорын өнiмдерi тек iшкi нарықты ғана емес, сыртқы нарықты да жаулап алуға мүмкiндiгi бар. - Шаруашылық сабын шығаратын кiшi-зауытты көктемде iске қосқан болатынбыз, - дейдi «Айдын Жолы» ЖШС-нiң өндiрiстiк директоры Орысбай Оразбаев.

Мұнда 11 адам жұмыс iстеуде, тауар айналымды ұлғайтар болсақ, жұмысшылар санын 18-ге көбейтемiз. Құрал-жабдықтар Қытайдан әкелiндi. Өнiмдерiмiздi облысқа және Өзбекстан, Қырғызстан елдерiне де экспорттаймыз. Сабынның бiр келiсi бiзде 160 теңге тұрады. Бұл дегенiмiз өзге өндiрушiлерге қарағанда арзан баға. Жалдау ақысы тiптен арзан, бiзге тағы да жеңiлдiктер жасауға уәде берiп отыр.Биыл сәуiр айында iске қосылған «ҚазТермоПласт» ЖШС-i қазiр тауар айналымға шығып үлгерiптi. Мұнда өндiрiске қажеттi және сұранысқа ие пластикалық құбырлар шығарылады. Ресей шикiзаты пайдаланатын жерасты құбырлары Қытай технологиясымен жасалады. Кәсiпорын серпiндi жұмысы үшiн сапа сертификатына ие болып үлгердi.- Қазiр бiз өнiм қуаттылығын арттыру үшiн жаңа құрал-жабдықтар күтiп отырмыз, -  дейдi кәсiпорын инженерi Бекнұр Ысқақов.  Пластикалық құбырларға деген сұраныс күннен-күнге өсуде. Бұл канализация және су құбырлары үшiн таптырмайтын өнiм. Мұндай құбырларды тот баспайды, суға ешқандай зат бөлiп шығармайды.Бiр сөзбен айтқанда, экологиялық таза материал және тұрмыста қолдануда мүлдем қауiпсiз. Әсiресе, отандық тәжiрибеде маңызды саналатын пластик  материалы жүйедегi қысым мен температураны нық ұстап тұруға да қабiлеттi.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616