Сәрсенбі, 18 Мамыр 2022
Жаңалықтар 1004 0 пікір 5 Желтоқсан, 2021 сағат 13:09

Қайым Мұхамедхановтың 105 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді

Қайым Мұхамедхановтың 105 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді. Еліміздің тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында 2021 жылдың 10 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығы, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығы және Қайым Мұхамедханов қорының ұйымдастыруымен абайтану, әуезовтану, алаштану, әдеби текстологияның негізін қалаушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 105 жылдығына арналған «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған...» атты дөңгелек үстелі өтеді.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа көрнекті ғалым Қайым Мұхамедхановтың зерттеу ғылыми-публицистикалық асыл мұраларын насихаттау, бірегей тұлғаның үлгі боларлық өмір жолы, қызметі және оның абайтануға қосқан орасан үлесі мен ғалымның Абайдың тұңғыш музейінің ісін дамытудағы еңбегі жөнінде кеңінен мағлұмат беру. Жас ұрпақтың рухани білім-біліктілігін арттыруға бейімдеу, оларды ұлағатты ұстаз Қ.Мұхамедханвтың артына қалдырған мол мұрасын, терең білімі мен жазылған дүниелерін қастерлеп, құрметтеуге шақыру болып отыр.

Қайым Мұхамедханов абайтану ғылымына бүкіл саналы ғұмырын арнаған ғалым. Оның әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ, Қайым Мұхамедхановтың саяси қуғын-сүргін құрбандарының бүгінгі ұрпақтарын тауып, өмірбаянын жазып қалдыруы - ел ғалымдарына осы бір тарихи ақтаңдақты анықтауда өлшеусіз ықпал етті.
Биыл осы ұлы мұраларды жас ұрпаққа қалдырған ғалым, текстолог, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Гимнінің авторы, 1000-нан аса ғылыми еңбектің авторы Қайым Мұхамедхановтың туғанына – 105 жыл толып отыр.
Дөңгелек үстелге университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланұлы Нұрланов, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, абайтанушы ғалым Жабал Шойынбет, Қайым Мұхамедханов қорының президенті, Қайым Мұхамедхановтың қызы – Дина Қайымқызы Мұхамедханова, ф.ғ.д., проф. шәкерімтанушы ғалым Балтабай Әбдіғазыұлы, Түркияның Коджатепе университетінің профессоры Hüseyin Kahraman Mutlu қатысады.

Өтетін уақыты: 10 желтоқсан 2021 ж, сағ.15.00-16.00
Өтетін жері: Бас ғимарат, 3-қабат. «Рухани жаңғыру залы» 320 кабинет
Қосымша ақпарат үшін: +7 747 052 99 04

Abai.kz

 

 

0 пікір