Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2439 0 пікір 17 Тамыз, 2012 сағат 16:03

Алматы. Бағанашыл: қаза тапқандардың саны 9 адамға жетті

Осыған дейін хабарланғандай, бүгін, 2012 жылғы 17 тамызда Үлкен Алматы ауылдық округінің «Таң» саяжай алабында терроризмге қарсы операция жүргізілді.

Бұдан бұрын, 2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысының Таусамалы кентінде орын алып, адамдардың өліміне әкеп соқтырған жарылыс фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 24-233 бабымен (терроризмге дайындалу) қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен жоғарыда аталған саяжай алабындағы үйлердің бірінде осы қылмысты жасады деп күдіктелген тұлғалар анықталды.

Ұстау кезінде берілу жөніндегі бірнеше қайталанған ұсыныстарға олар қарсылық білдіріп, оқ ату қаруларымен арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай ата бастады. Бір қызметкер жарақат алды.

Белгіленген тәртіппен дереу жақын тұрған үйлердің тұрғындарын эвакуациялау жасалды, оқшаулау ұйымдастырылды және террористерді залалсыздандыру бойынша операция басталды.

Оқиға болған жерді қараумен қазіргі уақытқа қосымша 4 мәйіт табылды.

Жалпы арнайы операция нәтижесі бойынша 9 тұлғаның

мәйіті табылып, олардың жеке бастарын анықтау және тану жүргізілуде.

Оқиға болған жерді қарауды және басқа да күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу жалғасуда.

Тұрғындар арасында құрбандар мен жәбірленгендер жоқ.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Баспасөз қызметі

Құдай жаманаттың бетін әрі қылсын, бірақ, Алматы қаласының тұрғындары «атып кетіпті, шауып кетіпті» деген сөзді соңғы кездері жиі еститін болып барады. Өткенде Іле Алатауының бауырындағы Ақсай шатқалында (http://old.abai.kz/content/aksai-shatkalynan-segiz-adamnyn-m-rdesi-tabyldy) сегіз адамның өлі денесі табылғаны туралы хабар тарап, сол күні кешке қарай қаскүнемдердің қолынан қазаға ұшырағандардың саны 11-ге жеткені жөнінде жұртты құлағдар еткен едік. Ақсай шатқалында аранын ашқан ажалдың себеп-салдары анықталмай жатып бүгін таң алагеуімінен Алматы қаласының «Бағанашыл» ауданы орналасқан аймақтан тағы да мылтық үні естілді. Редакциямызға жедел келіп түскен ақапаратқа сүйенсек, «Бағанашылдың» бас жағында кәдімігдей атыс болғанға ұқсайды. Мәселені нақтылай түсуге тырысып жан-жаққа хабар салып отырғанымызда Бас прокуратура біздің дерек көзіміздің ақпарын растап, 5 терроршының оққа ұшқанын ресми түрде мәлімдеді. Әзірге «терроршы» атанып,  арнайы жасақты (Астана гарнизонының жауынгерлерін) соңына салпаңдатып салып қойған  топтың нақты қандай адамдардан құрылғаны және олардың қандай мақсаттағы  адамдар екені белгісіз. Белгілісі - өткен жексенбіде Ақсай аңғарында оннан аса адамға қастандық жасалған.

Алматы қаласының тұрғындары жақсы біледі: «Бағанашыл» - бай-бағыландар жайлаған ықшам аудан. Ауасы саф, суы бал. Тап қазіргі уақытта біздің тілшілеріміз сол «Бағанашыл» жақта жүр. Бір таңқаларлығы «бағанашылдықтар» оқиға барысынан мүлде хабарсыз екендіктерін айтады. «Тау арасында антитеррорлық әскери ойын болып жатқан шығар, одан да беймағұлымбыз», - дейді «Бағанашылдың» тұрғындары.

«Абай-ақпарат»

Сурет - «Азаттық» радиосының сайтынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512