Жексенбі, 26 Маусым 2022
Арылу 5338 44 пікір 3 Желтоқсан, 2021 сағат 15:05

Татар тілі үшін шайқас: Кремльдің қысымы артты

Қазақ, қырғыз және өзбек тілімен алысып, жан-жағын жайпаған орыс аюы енді аузын өз ішіндегі татар ағайындарға сала бастаған сыңайлы.

Ресейлік  ВЗГЛЯД басылымында: «...татар шенеуінігі Бүкіл әлемдік орыс жиынын (Всемирный русский собор – Abai.kz) тітірткенті» атты шағын мақала жарық көрді.

Қазан аткомының білім беру басқармасының төрағасы Ирек Ризвановтың БАҚ бетінде «орыс оқушыларының 34%-ы татар тілін ана тілім деп таниды» деген сөзі Бүкіл әлемдік орыс жиынының құқық қорғау орталығын өре түрегелтті. Өйткені, шенеуініктің бұлай деп айтуы: «Татарстандағы орыс қауымдастығын қорлайтын бұндай барып тұрған жалғандық - ұлтаралық араздықты қоздырады», - деп мәлімдеме жасатқызды. Осы ұйым ұлты татар оқушылардың 17%-ының орыс тілін ана тілім деп танығанын естен шығарып алғандығы таң қалдырады.

Әрі қала мэрі Ильсур Метшиннен Ирек Ризвановты орнынан алуды талап етіпті. Бұған жауап ретінде татар жағы татар балаларының орыстануына тосқауыл қоюдың жалғыз жолы өзге ұлт өкілдерін татар тілін қадірлеуін жолға қояды ұсынды.

Ендігісін өздеріңіз бажайлай беріңіздер. Біз империяның қысымында болса да, ана тілін бәрінен жоғары қойған татар құрлы бола алдық па?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

44 пікір