Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 4049 10 пікір 2 Желтоқсан, 2021 сағат 16:38

Жалақымыз өссе дейміз, бірақ салық төлегіміз келмейді

Қызықпыз…Жалақымыз өссе дейміз. Зейнетақымыз уақытылы берілсе дейміз. Балаларымыз тегін білім алса дейміз. Денсаулық сақтау саласы дамыса дейміз. Жыл сайын жолымыз жөнделгенін қалаймыз. Көшеміз жарқырап тұрса дейміз. Ғылым неге дамымайды? Айфонды біз неге шығармаймыз дейміз. Дейміз де бірақ салық төлегіміз келмейді. Аспаннан ақша түсе ме? Олай болмайды, қымбаттыларым!

Кейде грузин мейрамханасына барып тамақтанамын. 3-4 жыл болып қалды-ау деймін. Барған сайын карточкамнан ақша қабылдамайды - аппараттары үнемі сынып жатады. Тек каспимен төлеңіз дейді. Қулықтарын кейін білдім. Олар салық төлегісі келмейді екен. Біздің елге келіп, кәсіпкерлікпен айналысуды біледі. Бірақ салық төлеуден қашады.

Немесе сонау Өзбекстан мен Тәжікстаннан келіп “Яндекспен” таксилетіп жүрген бөтен елдің азаматтарын білем. Олар да сол. “Наличка беріңіз немесе каспи” дейді.

Желіде даурықпас бұрын, алдымен ақпарды тексеріп алған дұрыс. Каспиден “перевод” жасағаныңыз үшін сізден салық алынбайды! Тек ИП-сы бар кәсіпкерлерден ғана алынады.

Дина Елгезек

Abai.kz

 

10 пікір