Бейсенбі, 11 Тамыз 2022
Жаңалықтар 1479 0 пікір 30 Қараша, 2021 сағат 19:38

«Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті

2021 жылғы 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тапсырма аясында «Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауының марапаттау рәсімін өткізді.

Туризм саласы бойынша заманауи терминдерді таңдау, терминжасам әдіс-тәсілдері мен қағидаттарын сақтай отырып терминдердің сапасын арттыруға ұмтылу басты талап ретінде алынған бұл байқауға туризм саласының мамандары, терминтанушы мамандар, жоғары оқу орнының студенттері, ізденушілер мен тіл жанашырлары қатысты.

«Терминдер сөйлейді», «Туған өлкем – қандай көркем!», «Терминтүзер» тақырыбындағы үш кезеңнен тұратын байқаудың өз мәресіне жету рәсіміне байқаудың қазылар алқасы, байқау жеңімпаздары мен қатысушылары, тіл жанашырлары, Тіл саясаты комитетінің, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Мемқалақұрылыскадастры» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жетекші маманы Ошаева Камшат Шоқанқызы жеңіп алды. ІІ орын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Astana Invest» Туристік инфрақұрылымды дамыту департаментінің менеджері Қамысбаев Базарбек Темірұлына бұйырды. Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Көбденова Гүлжиһан Байғазықызы, Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері Дүйсенов Қуатбек Қонысбайұлы, "ТС ғылыми-техникалық компаниясы" ЖШС редакторы Омарова Аягүл Даниярқызы ІІІ орынды еншіледі.

Байқау барысында ой ұшқырлығы мен ізденімпаздығын танытқан Павлодар педагогикалық университетінің маманы Асылбеков Ерболат Калымжанұлына, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2-курс магистранты Ержігітова Гүлден Кайратқызына және осы университеттің 4-курс студенті Қыстаубаева Аяжан Мұратқызына, Нархоз университетінің «Туризм» мамандығының 3-курс студенті Ордабаева Айгерім Мұратқызына ынталандыру сыйлығы табыс етілді.

Байқау қорытындысы бойынша анықталған үздік терминдер ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  1961
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 1921
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1688
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2718